И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет173/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

«ол (рефлексия) 
арқылы қатысушының ӛз іс-әрекетіне қатынасы қалыптасады және 
бірлескен іс-әрекеттің мазмұны мен формасына сәйкес осы іс-
әрекеттің қайта құрылуы қамтамасыз етіледі» [195, 33 б.]. 
Оқушылардың рефлексивтілігінің, рефлексивті ойлауының дамуы ҥлкен 
тәрбиелік, жалпы дамытушы мәнге ие, ӛйткені оқушысымен бірлескен 
жҧмыста іс-әрекеттің ӛзіндік рефлексивтік сәттері және де бақылау 
(ӛзін-ӛзі бақылау) мен бағалау (ӛзін-ӛзі бағалау) әрекеттері қажетті 
тҥрде пайда болады және дамиды (Л.И. Айдарова, Г.А. Цукерман, Н.П. 
Крамская, В.П. Панюшкин және т.б.). Осылайша оқудағы еңбектестік, 
даралық оқу әрекеттерінің оның компоненттерінің бірлігінде 
толыққанды қалыптасуына ғана емес, сондай-ақ оқушы тҧлғасының 
дамуына 
да 
ықпал 
етеді. 
Еңбектестіктің 
тәрбиелік 
әсері 
қҧрбылыстарымен бірлескен іс-әрекет жағдайындағы «шартты-
динамикалық позицияның» қалыптасуымен шартталған. Ол адамның 
ӛзін басқа адамның кӛзқарасы жағынан ғана емес, бірлескен іс-
әрекеттегі оның орны мен міндетіне байланысты тҥрлі кӛзқарастар 
жағынан бағалау іскерлігінен айқындалады (Д.Б. Эльконин, В.А. 
Недоспасова, А.К. Маркова).
Оқушылардың ӛздері бірлескен іс-әрекетке тҥрліше қарайтынын 
атап ӛту маңызды (А.К. Маркова, Т.А. Матис және т.б.). Зерттеушілер 
осындай қатынастардың алты деңгейін бӛлген. Мысалға, ең тӛменгі
бірінші деңгей оқушылардың оқудағы тапсырмаларды бірлесе 
орындауға деген теріс қатынасымен сипатталады. «Жеткіншектер 
бірлескен жұмыстың артықшылықтарын кӛрмейді және түсінбейді, 
олар сабақтың мұндай формасы қойылған міндеттерді орындауды 
бірталай қиындатады, ал еңбектестік тек кедергі жасайды деп 
кӛрсетеді» [221, 69 б.]. Оқуға деген қалыптасқан қатынастың тек 
алтыншы, жоғарғы деңгейінде мектеп оқушылары еңбектестікке 
қосылады және оның артықшылығын бағалайды.
Даралық-психологиялық факторлар оқу міндеттерін бірлесе 
орындауға тҥрліше әсер етеді. Мысалы, оқушылардың даралық-
психологиялық мінез-қҧлықтық ерекшеліктері пәндік талқылау мен 


304 
бірлескен жҧмыс тиімділігінің мазмҧнына, сипатына елеулі позитивті 
әсер ете алмайды. Міндетті бірлесе орындаудың табыстылығына ӛзін-
ӛзі ҧйымдастыру, (А.А. Вербицкий, С.В. Кондратьева) іскерлік қарым-
қатынас (Г.С. Костюк және т.б., В. Янтос және т.б.) дағдылары сияқты 
факторлар (серіктердің іс-әрекет стилін сипаттаушы), және де 
қатысушылардың іс-әрекетке дайындық дәрежесі әсер етеді (В.А. 
Кольцова). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет