И. А. Зимняя педагогикалық психология


Ақыл-ойдың даму деңгейлері



Pdf көрінісі
бет58/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Ақыл-ойдың даму деңгейлері
Л.С. Выготский педагогикалық психология ҥшін баланың ой-
еңбегі дамуының екі деңгейі туралы ӛте маңызды ереже қҧрастырды: 
бҧл ӛзекті дамудың деңгейі (оқушы ӛз бетімен орындай алатын 
тапсырмалардың кӛмегі арқылы анықталатын интеллекттік дамудың 
деңгейімен сипатталатын дайындықтың қол жеткен деңгейі) және оның 
жақын арада дамуының аумағын анықтайтын деңгей. Психикалық 
дамудың бҧл екінші деңгейіне бала ҥлкендермен ынтымақтасу 
нәтижесінде жетеді, оның іс-әрекетіне тура ҧқсау жолымен емес, оның 
интеллектуалдық мҥмкіндіктерінің аумағындағы міндеттерді шешу 
арқылы.
«Баланың ӛз бетімен не істей алатыны мен ынтымақтасып не іс 
істей алуына кӛшу мүмкіндігінің кӛп немесе аз болуы баланың ой-


103 
еңбектік 
әрекетінің 
табыстылығы 
мен 
даму 
динамикасын 
сипаттаушы, ең сезімтал белгісі болады екен. Ол оның болашақта 
дамуының аумағымен әбден сәйкес келеді» [47, 248 б.]. Осы негізде 
«дамыта оқыту» принципі тҧжырымдалған болатын, ол принцип 
бойынша оқытудың тиімді ҧйымдастырылуы, оқушылардың ой-еңбек 
қызметін дамыту басқа оқушылар және ҥлкендермен ынтымақтастықта 
ӛз бетімен білім алуды қалыптастыру, яғни ӛз-ӛзін дамыту анықталады. 
Дамыта оқыту тек қана баланың актуалды дамуына қатысы бойынша 
уақытша алда болуды ғана білдірмейді, ол оқыту сипатының ӛзін қайта 
қарастыруды білдіреді. Л.В. Занков оқу материалын біркелкісіз
жеңілдету, оны баяу зерттеу, кӛп реттен бірсарынды қайталау мектеп 
оқушыларының қарқынды дамуына ықпалын тигізе алмас дейді [72]. 
Ӛзгертулер оқу материалын тереңдетіп оқуда да, баланың теоретикалық 
ойлауын дамытушы теоретикалық талдау мен жалпылаудың ауқымды 
кӛлемінде де жҥруі тиіс. 
Интеллектуалдық даму ӛздігінен емес, баланың басқа адамдармен 
кӛпжақтылы ӛзара әрекеттесу нәтижесінде ӛтеді: қарым-қатынаста, 
әрекетте және атап айтқанда, оқу әрекетінде. Интеллектуалдық, ой-
еңбектік дамудың ӛлшемдері ретінде: ойлаудың дербестілігі, оқу 
материалын тез және терең меңгеру, қызықты тапсырмалар шешуде тез 
ойлап, амал табу, маңыздыны маңызды еместен айыра білу, 
талдамалық-синтетикалық 
әрекет 
деңгейінің 
әртҥрлігі, 
ақыл 
сыншылдығы (Н.Д. Левитов, Н.А. Менчинская), сонымен қатар 
жалпылауды қалыптастырудың жылдамдығы ретінде алға жылу 
қарқыны, ойлаудың ҥнемділігі (З.И. Калмыкова, В.А. Крутецкий)
болып табылады. Бала интеллектісінің дамуының негізгі ӛлшемі - 
репродуктивтік тапсырамалардан шығармашылық тапсырмаларға кӛше 
отырып, әртҥрлі типтегі тапсырмаларды ӛз бетімен шығармашылық 
тҧрғыдан орындай алу болатыны анық. Баланың дамуының, оның 
санасының дамуының маңызды кӛрсеткіші рефлексия болып табылады, 
яғни баланың ӛз әрекеттерін, ӛз-ӛзін, ӛзінің «МЕН» дегенін саналы 
тҥрде ҧғынуы. Соңғысы бала тҧлғасының дамуының әр жақтарын, 
соның ішінде интеллектуалдық дамуын жанама кӛрсетуші негізгі 
механизм болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет