231
К. Ховланд жҧмыстарында факторлардың саны бірнеше кӛбейеді,
мысалға жаттығуды тҧтас немесе бӛлшектеп тарату есебінен [225].
Жаттығыуларды уақыт бойынша таратудың маңыздылығы туралы айта
отырып, К. Ховланд олардың шоғырлануының немесе таратудың
материалдың ӛзіне байланыстылығын атап кетеді. Шоғырланған,
ҥйренуге қолайлы ықпал ететін факторлардың ішінен К. Ховланд
келесілерді атайды: а) жинақталып, жҧмысқа кірісу қажеттілігінің пайда
болуы, б) «тапсырманы орындауда кӛрінген ҥлкен икемділік», оның ӛзі
кҥрделі тапсырмаларды орындауда қажетті.
Сонымен қатар, ҥйренудің
таралуына қолайлы ықпал ететін факторлар да айқындалды: а) демалу
кезеңінде іс-жҥзіндегі немесе қияли қайталаулар формасында жҥретін
ӛзіндік ерекше қосымша жаттығу, б) жҧмысты демалыспен алмастырып
отыру және демалыс кезінде жаттығу барысында пайда болатын бір-
біріне ықпал етуші қҧбылыстардың жоғалып кету мҥмкіндігі [225, 156-
157 б.].
Ҥйренудің тиімділігіне әсер етуші екінші фактор тҧтас па, әлде
бӛлшектеп ҥйрену артық па деген сҧраққа жауаппен байланысты. Автор
келесі шешімге келеді:
«практикалық жағдайда шаршау, қызығушылық
және т.б. сияқты факторлар тұтастай немесе бӛлшектеп үйрену
артықшылықтарын бағалауда маңызды рӛл ойнауы мүмкін. Бірақ, осы
факторлар жеткілікті мӛлшерде үнемі болып қалса, онда жаттап
алуды батыл ұсынуға болады, яғни мағыналық бірлігі бар және
үйренуші үшін қол жеткілікті неғұрлым кӛп бірліктермен жаттау.
Оның жасы неғұрлым үлкен болмаса, соғұрлым оның интеллектуалдық
қабілеттері кӛп, неғұрлым оның практикалық тәжірибесі бай болса,
соғұрлым ол үлкен бірліктермен жұмыс істеуге қабілетті»
[225, 161
б.]. Осы ойды ертеректе отандық психологтар Л.В. Занков, А.А.
Смирнов және т.б. айтқан. Осы материал бойынша К. Ховланд
ҥйренудің тиімділігі мен жылдамдығының (немесе дағдыны ӛндірудің)
материалдың ҧзақтығына, мағыналығына, қиындығына және т.б.
тәуелділігін атап кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: