І аймақтық Амангелді Қаңтарбаев оқулары «Екібастұз дауысы – ақпараттық орталығы»



Дата07.04.2023
өлшемі19,83 Kb.
#80335
Байланысты:
І аймақтық А.Қаңтарбаев окулары


І аймақтық Амангелді Қаңтарбаев оқулары
«Екібастұз дауысы – ақпараттық орталығы» ЖШС «Отарқа» газетінің редакциясы, Павлодар облысының білім басқармасы, Toraighyrov University және Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры Қазақстанның Құрметті журналисі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, тіл жанашыры Амангелді Қаңтарбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай Павлодар облысы білім мекемелерінің 8-11-сынып оқушылары, колледж студенттері арасында І аймақтық Амангелді Қаңтарбаев оқуларын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, қазақ баспасөзінің қоғамдағы беделін көтеру, Амангелді Қаңтарбаев шығармалары арқылы балалардың туған жерге, Отанға құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, жергілікті қаламгерлер шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ережеге сәйкес, Амангелді Қаңтарбаев оқулары байқауы үш аталымды қамтиды:
І. «Торайғырдың тастүлегі» номинациясы – Амангелді Қаңтарбаев өлеңдерін жатқа оқу байқауы. Бұл аталымда үміткердің өлеңді мәнерлеп оқуына, әртістік қабілетіне, қазақтың төл дыбыстарын дұрыс дыбыстауына мән беріледі. Қатысушының сахнаны өзінше әрлеуі, яғни, шығарманың идеясын ашуға қосымша безендіру құралдарын қолдануы, сахналық костюм киюі үміткерлердің ұпайлары тең түскен жағдайда артықшылық болып саналады.
ІІ. «Түсінсе екен бізді де келер ұрпақ...» номинациясы – Амангелді Қаңтарбаевтың прозалық, публицистикалық шығармаларын (үзінділер) жатқа оқу байқауы. Бұл байқауда тарихи-танымдық, тәрбиелік мәндегі шығармалардың мәнерлеп оқылу сапасына мән беріледі.
ІІІ. «Наркескен» номинациясы – мақала (шығарма, эссе) жазу. Мақала тақырыбы Екібастұз тарихы, өңірдің әлеуметтік мәселелері, өлкетану бағыттарын қамтиды. Үміткердің еңбегі таңдаған тақырыбының қызықтылығы, өзектілігі және жеткізе білу әдісі тұрғысынан бағаланады. Шығармалар компьютерде теріліп, А4 форматты бетте, 14-ші қаріппен ұсынылады. Көлемі 3 беттен аспауы тиіс.
Қатысушылардың жұмысын білікті қазылар алқасы бағалайды.
Амангелді Қаңтарбаев оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жетекшілеріне – Алғыс хаттар, барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне электронды сертификаттар тапсырылады.
Байқау және салтанатты марапаттау рәсімі 23 маусымда (ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңы) өтеді.


Байқауға қатысу шарттары:
«Торайғырдың тастүлегі», «Түсінсе екен бізді де келер ұрпақ...» номинациялары – Амангелді Қаңтарбаев өлеңдерін, прозалық, публицистикалық шығармаларын (үзінділер) жатқа оқу байқауларына қатысушылар байқауға қатысуға өтінім беріп, өтінім тіркелгеннен 30 сәуірге дейінгі аралықта іріктеуден өтеді. Іріктеу кезеңінде қатысушылар өз өнерін видеоға түсіріп, instagram әлеуметтік желісіндегі кез келген аккаунтқа жүктеп, міндетті түрде #Қаңтарбаев80 хэштегін белгілейді. Іріктеу кезеңінің нәтижелері үміткерлерге мамыр айының соңына дейін хабарланады.
Аталған екі номинация бойынша іріктеуден өткен және «Наркескен» номинациясына қатысушылардың 2023 жылға «Отарқа» газетіне жазылым түбіртегі болуы (оқушының өз атына рәсімделген) болуы шарт.
«Наркескен» номинациясына қатысушылар өз шығармаларын 2023 жылғы 1 маусымға дейін otarka92@gmail.comэлектронды поштасына Word-файлда жолдайды. Қатысуға өтінім шығармамен бірге жеке Word-файлда жолданады.
«Торайғырдың тастүлегі», «Түсінсе екен бізді де келер ұрпақ...» номинацияларына қатысушылар өтінімді Word-файлда 30 сәуірге дейін жолдайды.
Жүлдегерлердің марапаттау шарасына қатысу шығындарын жіберуші тарап көтереді.
А.Қаңтарбаев оқуларының демеушісі – Қаңтарбаевтар әулеті.


Жүлде қоры:
Әр номинация бойынша:
І орын (біреу) – 100 мың теңге;
ІІ орын (біреу) – 70 мың теңге;
ІІІ орын (екеу) – 50 мың теңге.
«Екібастұз дауысы – ақпараттық орталығы» ЖШС атынан ынталандыру сыйлығы (әр номинацияда бір-бірден).


Амангелді Қаңтарбаев оқуларына қатысушыға өтінім беру үлгісі:

Оқушының аты-жөні




Аудан, қала, ауыл атауы




Білім беру мекемесінің атауы, сыныбы




Қатысатын номинациясы




Оқитын шығармасы және шығарманы алған дереккөз (кітап немесе газеттің баспасы, жылы, шыққан уақытын, бетін көрсету)




Телефоны (ватсап нөмірі қоса), е-mail




Жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны

















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет