Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Алдынгурова Сайрагуль Раметовнаға
Пікір Сайрагуль Раметовна менің балама үш жылдай сынып жетекшісі және математика, жаратылыстану, дүниетану, қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен сабақ беріп келеді. Ұстаз өз ісінің маманы деп айта аламын, өйткені ол әрқашан да балалардың көңілінен ұқыпты шыға біледі. Ойындағысын жетік түсіндіріп, мақсатына жетелейтін талапкер ұстаз.
Сайрагуль Раметовна тек сабағымен шектеліп қана қоймай, әр түрлі пәндік олимпиада, жарыс, байқауларға оқушыларды қатыстырып, нәтижелі жұмыстарын көрсетті.
Бастауыш сынып апталығында «А. Байтұрсыновқа 150 жыл» атты сыныптан тыс шараны жоғары деңгейде өткізді. Бұл шарада ұстаздың ізденімпаздығы, педагогикалық тәжірибесі мен өмірлік даналығы, адамгершілігі және балаларға деген сүйіспеншілігі өзінің ерекше педагогикалық әдістемесін жүргізуге мүмкіндік беретінін байқадым.
Сайрагуль Раметовна — тәжірибелі, шебер ұстаз. Қызым мектепте өткен осы іс-шараға қуана-қуана қатысты. Сүйікті мұғалімімен жаңа кездесулерді асыға күтеді.