Жоспар: Кіріспе: Менің эмоциямның түрлері Негізгі бөлім



Дата14.10.2023
өлшемі71,67 Kb.
#114191
Байланысты:
Менің эмоциялық әлемім (1)


Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факултет: Механика-Математика

Тақырып: Менің эмоциялық әлемім және Жеке жұмыс

Орындаған:Қанатбекұлы Қ


Тексерген: Қайратова І.Қ
Мамандық: Механика
Группа: 23-1б
ЖОСПАР:
1.Кіріспе: Менің эмоциямның түрлері
2.Негізгі бөлім: 1)Эмоция қалай пайда болады?
2)Не себепті адамдардың эмоциясы тез өзгереді?
3).Қорытынды: Эмоция – ол адамның көңіл күйін басқаратын дүние.

Кіріспе
Менің эмоциям негізі әр кезде әр қалай, бірақ адамдардың эмоциясына байланысты менің де эмоциям ауысады деп айта алмаймын. Өйтені, мен өзім өте байсалды адам болғандықтан, неше түрлі жаңалық немесе қандай да бір таңқаларлық заттар болып жатса, мен оған таңқалмаспын немесе эмоциям өзгермес. Бір мысал келтіріп жіберсек: Грант нәтижелері шыққан кезде мен өзімді кестеден іздей бастадым, бірақ мен өзімді көргеннен кейін менде басқа адамдардікіндей эмоция немесе шок болған да жоқ, жәй ғана қарадымда үйдегілерге хабарласып грантқа түскенімді айттым да қоя салдым. Менің эмоциям негізі сынған деп айтсақ болады, өйткені мен көп көрген деп айта алмаймын, бірақ біраз нәрсе көрдім деп айта аламын. Сол себепті мен өзімді орынды ұстауға тырысамын.

Негізгі бөлім


1)Эмоция қалай пайда болады. Адамда негізі «эмоция» деген ұғым болмаса, адамның көңіл күйі болмайды, жәй ғана қатып қалған бір түрмен тұра береді. Эмоция негізі әртүрлі болады, мысалы қандай да бір жағдай болғанда өзгереді. Оқыс жағдай болған сәтте адамның эмоциясы немесе көңіл күйі төмендеп, не болмаса шокты түрде болып қалады. Адамның көңіл күйінің өзі бір эмоция. Жақсы жаңалық болған жағдайда немесе жақсы нәрсе білген немесе көрген сәтте эмоциясы көтеріледі.
2)Не себепті адамның эмоциясы тез өзгереді? Жалпы адамдар әртүрлі болады, сонымен қатар эмоциялары да. Менің ойымша, эмоцияның тез өзгеруі ол гормонға байланысты. Неге бірден жыныс демедім? Өйткені адамдардың да жыныс жағынан алатын болсақ, ер адамның да эмоциялары әр түрлі, әйел адамдардың да эмоциялары әртүрлі болып келеді. Менің айтқым келгені – қаншалықты ер адам болсаңда немесе әйел адам болсаңда сен өз эмоцияңды ұстай білуің керексің. Эмоцияның өзі әр адамға бірдей әсер ете бермейді. Кейбіреулеріне кеш, ал басқаларына тым тез келуі мүмкін. Адамда қаншалықты өзіне қарама қайшы гормондар көп болса соншалықты оның да эмоциялары не басым болып келеді, не болмаса тым эмоционалды болып келеді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, менің айтуым эмоция ол табиғатқа байланысты болып келетін бір қасиет деп айтсақ болады. Адамның өмірін басқаратын – эмоция. Қаншалықты адамның эмоциясы жоғары болса, соншалықты ол ұзақ өмір сүреді. Қаншалықты адамның эмоциясы төмен болса, ол адамдар стрессқа ұшырап, мұңайып жүріп өмірін қысқартып алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет