7-11 сынытардағы «Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
7-9-сыныптарда «Физика» пәні төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарының (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) негізінде және үлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады (2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығы). «Физика» оқу пәнінен төмендетілген оқу жүктемесімен әзірленген 7-9- сыныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламасында пән бойынша жаңартылған мазмұнның үгілік оқу бағдарламасының бөлімдері толығымен сақталған, оқыту мақсаттары жүйеленді. Оқу жоспарының көлемін 1 сағатқа дейін төмендету үшін қажет болған жағдайда «*» белгісі қойылған тақырыптарды біріктіру ұсынылады. Жүктеменің сағатын көбейту үшін 7-9-сыныптарда «Физика» пәні бойынша төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) негізінде әзірленген ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны сақталады.
Типтік оқу бағдарламасыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 20.08.21 No 415 бұйрығы
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 26.03.21 No 125 бұйрығы
7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды;
9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.