Директор сө сөйлейді (Ән: 6 «а»-сынып оқушылары орындауында «Мен қазақпын» әні) І ЖҮРГІЗУШІ: Алдымен, бүгінгі конференциямызға келген қонақтарымызды таныстырып өтейік.
педагогика ғылымдарының докторы, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, «Үздік ғалым» номинациясының иегері, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Еңлік Өсербайқызы Жұматаева
Павлодар қаласы №17 қалалық кітапхана қызметкері Алмагүл Қонақбайқызы Жармағанбетова
ІІ ЖҮРГІЗУШІ:
Алып тұлғаларымыздың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше.
І ЖҮРГІЗУШІ: Шәкәрім - қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын.
ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Келесі сөз кезегі 9 «а»-сынып оқушысы Орал Камилаға береміз.