(академик Еңлік Өсербайқызы Жұматаевана сөз сөйлейді)
І ЖҮРГІЗУШІ: Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әділет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліреп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық.
ІІ ЖҮРГІЗУШІ:
Шәкәрім үшін байлықтың ең үлкені – ғылым. Халықты ғылым теңізіне сусындауға шақыру – ақынның басты ұстанымы еді.
І ЖҮРГІЗУШІ: Келесі кезекте ақынның өлеңдеріне сөз кезегін берейік.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерін жатқа оқиды:
Дайырбек Аяжан: «Адамдық борышың»
Бейсембина Салима: «Жастарға»
І ЖҮРГІЗУШІ: Келесі сөз кезегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Окпина Бактыгүл Маулитқызына беріледі.
(Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Окпина Бактыгүл Маулитқызы сөз сөйлейді.)
І ЖҮРГІЗУШІ: Қазақ елінің тәуелсіздік алып, қазақ халқының ұлттық санасы бостандыққа шыққаннан кейін, есімі сан жылдар бойы тасада қалып,
ІІ ЖҮРГІЗУШІ: таланты да тартысқа түсіп келген ұлы тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ мәдениеті тарихындағы әйгілі тұлғалар қатарынан өзінің лайықты орнын еншіледі.
І ЖҮРГІЗУШІ: Келесі сөз кезегі 11«б»-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиада жүлдегері Илимхан Ақмаралға сөз кезегі беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |