Ақылды қалалр



Дата19.09.2023
өлшемі15,46 Kb.
#108443

Ақылды қалалр
«Ақылды» қала- ішкі қалалық процестерді басқаруды жеңілдететін және тұрғындардың өмірін жайлы әрі қауіпсіз ететін заттар интернеті мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өзара байланыс жүйесі.
Ақылды қаланы құру идеясы біздің өмірімізге 2008 жылы IBM ақылды планета бастамасы аясында халықтың өсіп келе жатқан санына төтеп бере алатын және олардың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын жаңа қалалар салу схемасын жасаған кезде келді. Идеяны жетекші IT-компаниялар бірден қабылдады. Алғашқы ақылды қалалардың бірі Испанияның Сантандер қаласы болды. 2011 жылы ол бүкіл қала бойынша ауаның ластануын, жол трафигінің қарқындылығын, қоқыс жәшіктерін толтыруды өлшейтін 15 мың сенсорды орнатты. Қала бойынша көптеген сенсорлар осы және басқа параметрлерді үнемі бақылап отырады, содан кейін оларды бірыңғай басқару орталығына жібереді.
Ақылды қаланы дамыту бағдарламаларын сәтті жүзеге асырған ізашарлардың бірі Барселона мен Амстердам болды. Америкада бұл үрдістің көшбасшылары Нью-Йорк пен Чикаго болды. Бірақ ақылды қалалардың нағыз бумы бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азияда орын алуда, ең танымал азиялық ақылды қалалар Сингапур мен Токио болып табылады.
Менің ойымша ақылды үйлер адам өміріне үлкен жеңілдіктер ғана емес, экологияны сақтауға үлес қосады. Оның артықшылықтары:
Көлік жүйесінің жұмысын оңтайландыру. Кешігулер, кептелістердің жоқтығы, жол апаттарын азаюы, отын шығынын үнемделуі немесе көліктің толық экологиялық тазалығы. Мысалы, TESLA, Volkswagen ж/е т.б электромобильдер, метрополитендер (LRT).
Энергия тиімділігі және пайдаланылатын ресурстарды үнемдеу яғни, электр энергиясынан суға дейін.
Көптеген процестерді жеңілдету. Коммуналдық төлемдерді онлайн төлеу, адамның араласуынсыз есептегіштерден ақпарат жинау, тұрақ орнын жылдам іздеу және т. б. Мысалы, Egov электрондық үкімет.
Қауіпсіздік жоғары деңгейде. Жүйе бұзушыны бетпе бет таниды.
Жайлылық пен өмір сүру деңгейін арттыру. "Ақылды" үйлер, өздігінен жүретін көліктер, смартфондағы түймені басу арқылы үйдегі, кеңседегі көптеген процестерді басқару.

Қорытындылай келе, ақылды қалалар адам өмірін жеңілдете, экологияны сақтайды. Сондықтан, ол әлі дамуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет