12
2
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны
Білім беру нәтижелері оқушыларды мектепте оқыту процесінің соңғы өнімі
болып табылады және білім алушы тұлғасындағы сапалы өзгерістерді
дәлелдейді, оның мінез-құлқында, әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет етуінде
көрініс табады.
Білім беру нәтижесін көрсету деңгейінің бірі – функционалдық сауаттылық,
ол тұлғаның білім, білік және дағдылар негізінде әлеуметтік қатынастар
жүйесінде қалыпты қызмет ету, нақты мәдени ортаға барынша жылдам
бейімделу қабілеті ретінде анықталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың
27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен
қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап
көрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті [3].
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық
және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін «Мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
дамыту
жөніндегі
2012-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қамтиды [1].
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі
11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартын жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі
ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім
алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және
әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі
құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік − бұл
мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу
бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын
талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім
ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша,
жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-
өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің
Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
13
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның
ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік
құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды
ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты,
өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге
бағытталады.
Жоғарыда көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық терминіне деген
ықыластың артуы, математика және жаратылыстану бойынша білім нәтижелері
TIMSS (Third International Mathematic sand Science Study) және оқушыларды
бағалау бағдарламасы PISA шеңберінде жүргізілген халықаралық зерттеулердің
жетістіктерімен үйлестірілген. 2009 жылғы, Қазақстан қатысқан PISA
нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, зерттеу оқу бағдарламаларын меңгеру
деңгейін анықтауға емес, оқушылардың алған білімі мен білігін күнделікті
жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. Қазақстандағы
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білім беру жүйесіндегі
жағдайдың талдауы төмендегіні көрсетті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектеп
оқушылары білім нәтижелерінің мазмұны мен бағасын анықтайтын
институттар: Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» Республикалық ғылыми-
практикалық орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау
орталығы, аймақтардағы білім саласын бақылау департаменттері дамыды.
Оқушылар жетістіктерін бағалаудың TIMSS, PISA халықаралық зерттемелеріне
қатысу тәжірибесі жинақталды. TIMSS – 2007 халықаралық зерттемесінде
жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
Құзыреттілік білім моделін жүзеге асыруға бағдарланған 12 жылдық білім
беру стандарты әзірленуде. Білім берудің ұлттық құндылықтары мен
мақсаттары базалық құзыреттер, өмірлік рөлдер түрінде құрастырылған:.
–
мейірімді адам;
–
бауырмал отбасы мүшесі;
–
шығармашыл дара тұлға;
–
жауапкершілікті азамат;
–
салауатты және кемелденуші тұлға.
Базалық құзыреттер тұлғаның басты қасиеттерін сипаттайды және білім
алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде
сезінуге жағдай жасайды. Олар бағдар ретінде әр адамның өз өмірін құруға,
қоғамдағы тіршілікке өзек болады, сондай-ақ орта білімнің жасампаздық рөлін
күшейтуге негіз болады.
Жалпы мақсат орта білім берудің мақсаттары арқылы нақтыланады. Орта
білім берудің мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына,
14
алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен
пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік
беруді қамтамасыз ету.
Түйінді құзыреттер білім алушылардың адамгершілік және этикалық
нормаларға қайшы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және
практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын
білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады. Түйінді құзыреттер
адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-
ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына алғышарт болады,
әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.
Түйінді құзыреттерге:
–
ақпараттық құзырет;
–
коммуникативтік құзырет;
–
проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады.
Қазақстанда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
іс-әрекетіндегі басты бағыттар ретінде келесілер анықталған:
1.
Нормативтік құқықтық база.
2.
Ғылыми зерттеулер.
3.
Ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары.
4.
Оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.
5.
Оқытудың технологиялары.
6.
Білім жетістіктерінің нәтижелерін бағалау.
7.
Мұғалімдерді даярлау және біліктілігін арттыру.
8.
Ақпараттық орта.
9.
Имидждік жобалар.
2.1
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы білім беру
ұйымдарының тәжірибесі
«Білім туралы» Заң отбасын балалардың дер кезінде білім мен кәсіби
дайындық алу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекке дағдыландыру,
қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау, баланың денсаулығы мен оның дене
күшін толыққанды дамыту туралы ерекше қамқорлық жасау үшін қажет жағдай
жасауына міндеттейді.
Отбасы тәрбиесі, кең мағынада – балаларды әлеуметтендіру мен
тәрбиелеудің бастапқы түрі, бұл процестің барысында тұлға дамиды және
қалыптасады.
Отбасының тәрбиелік қызметіне елімізде орын алған келесі үрдістер,
құбылыстар мен процестер ықпал етіп отыр: ата-аналары бола тұра, жетім
балалар, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балалар, қараусыз қалған
балалар проблемалары; отбасыларда әйелге (ерлерге), балалар мен қарттарға
зорлық жасау мен қатал қараудың пайда болуы; ата-аналар мен балалары
арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы; балаларының ата-анасына, ата-
15
анасының баласына жат болуы; бала тұлғасының қалыптасуындағы ер азамат
ықпалының айтарлықтай әлсіреуі, жеткіліксіздігі; ата-аналар мен балалардың
белгілі бір тобының алдағы болашағынан күдер үзуі; жалпыға танылған
нормадан тәртібі ауытқыған балалар санының өсуі (шылым шегу, алкоголь
және нашақорлықпен әуестену, ұрлық, зорлық, жезөкшелік және т.б.);
отбасылардың салауатты өмір салтын ұстануға даяр болмауы; ата-аналардың
педагогикалық мәдениетінің төмендігі және сәйкесінше, отбасылардың басым
бөлігінің тәрбиелік әлеуетінің әлсіздігі, жасөспірімдер мен бойжеткендердің
отбасылық өмірге даяр болмауы және т.б.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
процестері, білім беру саласындағы оң өзгерістер аталмыш проблемаларды
шешуге, отбасылық тәрбиенің әлеуетін арттыруға берік негіз болады.
Отбасылық өмірдің барлық тәртібі ықпалымен өсетін адам тұлғасының
адамгершілік және қоғамдық бағыттылығы, оның құндылықты бағдары мен
психологиялық тұғыры қалыптасады. Ата-аналар және педагогтар одақтас
болған жағдайда ғана бала мүддесін көздеген іс-әрекеттері табысты болады, ол
баланы жақсы білуге, оны түрлі жағдайда көруге, үлкендерге балалардың жеке
ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құндылық
бағдарын қалыптастыруға, мінез-құлқындағы теріс әрекеттер мен көріністерді
жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, педагогтар әрбір тәрбиеленушінің
отбасымен әріптестік қатынас орнатуы, өзара көмек және ортақ мүдделілік
ахуалын құруы тиіс. Отбасы баланың бойында ерте балалық кезден-ақ
адамгершілік құндылықтарды, саламатты өмір салтын құру бағдарын
қалыптастыруы тиіс. Сол себепті, педагогтардың басты міндеттері ретінде
келесілерді атауға болады:
− ата-аналарды ересектер және балалардың, отбасы мүшелерінің қарым-
қатынас жасау тәсілдеріне, әдістері мен стиліне үйрету;
− позитивті және келеңсіз жағдайларды сезінуіне көмек көрсету.
Мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті нәтижесінде екі жақ та дамиды.
Өзара тану, өзара түсінісу, өзара ықпал ету – өзара іс-әрекеттің негізгі
көріністері мен сипаттамалары болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, өзара
ықпал етудің ынтымақтастық түрі ең тиімді болып саналады.
Мектеп және отбасының ынтымақтастығы келесі жағдайлармен
үйлестіріледі:
− тәрбиенің біртұтас субъектісімен;
− бала тәрбиесінің ортақ мақсаттары және міндеттерімен;
− педагогтар және ата- аналар іс- әрекетінің келісілген қажеттілігімен;
− бала проблемасын шешуде мектеп және отбасының күш салуын біріктіру
мүмкіндігімен;
− отбасылардың, сынып және мектеп ұжымдарының, өзара іс-әрекетке
қатысушыларының әрқайсын өзара толықтыру мүмкіндігімен.
Педагогтар мен ата-аналар одағын құруда маңызды рөл педагогтарға
(мектеп директоры, директордың орынбасары, сынып жетекшісі, әлеуметтік
педагог) тиесілі.
16
Білім беру ұйымдарында мектептің отбасымен жұмысын көрсететін түрлі
бағдарламалар (кешенді «Тәрбие» бағдарламасы, мектептің өзге де әлеуметтік
институттармен өзара әрекеттесу бағдарламасы, «Құқықтық тәрбие»,
«Салауатты өмір салты» бағдарламасы, тұлғаға-бағдарлай оқыту үлгісі және
т.б. ) әзірленген және нәтижелі жұмыс жасауда.
Мектептердің оң тәжірибелерін ескере отыра, отбасында тәрбиелеу
процесін жақсарту, балалар құқығын қорғауды күшейту, қоғамдағы жат
құбылыстардың отбасына тигізер теріс ықпалын азайту көзделген жаңа
мақсаттар мен міндеттер белгіленуде.
Республика мектептерінде мектеп және отбасы ынтымақтастығының оң
тәжірибесі жинақталған. Білім беру ұйымдарында оқушылардың ата-
аналарымен ынтымақтастықтың, оларды балалармен бірге орындалатын
шығармашылық және әлеуметтік маңызды іс-әрекетке тартудың түрлі
формалары қолданылады. Мәселен, Қостанай облысы Затобол орта мектебі
сынып жетекшілері үшін ынтымақтастықты ұйымдастырудың «Отбасы және
мектеп – біртұтас білім кеңістігі» бағдарламасы дайындалған. Көптеген ата-
аналар мектеп өміріне белсенді түрде қатысады.
1-
кесте ‒ «Отбасы және мектеп – оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту түрлері ретінде» бағдарламасы
№
Іс-шаралар
Өткізу
мерзімі Қатысушылар
Жауаптылар
Шығу
1. Диагностикалық
1.
Отбасының
әлеуметтік
құрамын зерттеу
Қыркүйек
-
қазан
Ата-аналар
Әлеуметтік
педагог,
педагог-
психолог,
сынып
жетекшілері
Білім беру
органының
әлеуметтік
паспорты
2
Отбасы
тәрбиесінің
әдістерін
диагностикалау
Жыл
бойы
Ата-аналар
Әлеуметтік
педагог,
педагог-
психолог,
сынып
жетекшілері
Диагностикалар-
дың нәтижелерін
талдау.
3
Ата-аналардың
білім беру ұйымы
жұмысына
қанағаттану-
шылығын зерттеу
Жыл
бойы
Ата-аналар
Әлеуметтік
педагог,
педагог-
психолог,
сынып
жетекшілері
Сауалнама талдауы
4
Ата-аналардың
педагогикалық
құзыреттілік
деңгейін анықтау
Қараша –
желтоқсан
Ата-аналар
Педагог-
психолог
Сауалнама талдауы
17
2.
Әдістемелік
1
Ата-аналар үшін
кеңестер,
тренингтер, оқыту
семинарларын,
топтарын
және
т.б. бос уақыттың
бірлескен
және
көркем-
шығармашылық
іс-әрекеттерін
ұйымдастыру
Жыл
бойы
Ата-аналар
Директордың
тәрбие жұмысы
бойынша
орынбасарлары,
үйірмелер мен
секциялардың
жетекшілері,
сынып
жетекшілері
Жоспарланған іс-
шараларды
жоспарымен өткізу
2
Ақпарат
«
Отбасының
диагностикасы»
Жыл
бойы
Педагогика -
лық ұжым
Педагог-
психолог,
әлеуметтік
педагог
Педагогикалық
кеңесте
диагностика
нәтижелерімен
таныстыру
3
Дөңгелек үстел
«Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудағы
отбасы және
мектептің өзара іс-
әрекетінің
жолдары»
Наурыз
Сыныптар-
дың ата-
аналар
комитеттері
өкілдері
Әкімшілік,
сынып
жетекшілері,
әлеуметтік
педагог,
мамандар
Тәжірибені
талқылау,
ұсыныстар
дайындау,
отбасымен
жүргізілетін
жұмыста
сараланған және
дара көзқарас
модельдерін
баяндау
4
Отбасы
апталығын өткізу.
Қазан –
қараша
Ата-аналар,
сынып
жетекшілері,
оқушылар
Директордың
тәрбие жұмысы
бойынша
орынбасарлары,
үйірмелер мен
секциялардың
жетекшілері,
сынып
жетекшілері
Дәстүрлі түрде
өтетін отбасы
апталығы
шеңберінде отбасы
тәрбиесі
жетістіктерінің
көрмесін
ұйымдастыру
(берілген жұмыс
түрі нәтижелілі-
гінің талдауы)
«Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудағы
отбасы және
мектептің іс
тәжірибесі»
әдістемелік
материалын
жарыққа шығару
Жыл
бойы
Сынып
жетекшілері,
әлеуметтік
педагог,
мамандар
Сынып
жетекшілері,
әлеуметтік
педагог,
мамандар
«Білім беру
органдарында
отбасымен
ынтымақтастық- ты
ұйымдас- тыру»
әдістемелік
материалын әзірлеу
18
3.
Ағартушылық жұмыс
1
Жалпымектептік,
сыныпта
тақырыптық
ата-
аналар жиналыста-
рын өткізу
Мектептің
жұмыс
жоспары
бойынша
Ата -аналар
Әкімшілік,
сынып
жетекшілері,
әлеуметтік
педагог,
мамандар
Ата-аналар
үшін
кеңестер,
семинарлар,
жиналыстар,
тренингтер, қолдау
топтарын және т.б.
өткізу
2
«Балалардың
жазғы демалысы»
ата-аналар
жиналысын өткізу
Сәуір,
қыркүйек
Ата -аналар
Әкімшілік,
әлеуметтік
педагог
Оқушылардың
жазғы
демалысы
бойынша есеп.
3
Сынып
жетекшілерімен
«Отбасымен
жүргізілетін
жұмыстың жаңа
түрлері»
тақырыбында
семинар өткізу
Қараша
Сынып
жетекшілері
Директордың
тәрбие жұмысы
бойынша
орынбасарлары,
әлеуметтік
педагог
Ұсыныстар әзірлеу
4
Бағдарлама
бойынша кезең-
кезеңмен
жүргізілген
жұмыстың
талдауы.
Диагностикалық
мәліметтердің
талдауы.
Бағдарлама
бойынша жылдық
талдау
Жыл
бойы
Сынып
жетекшілері
Директордың
тәрбие жұмысы
бойынша
орынбасарлары,
әлеуметтік
педагог
Жылдық жұмыстың
талдауы.
«Білім
беру
органдарында
отбасымен
ынтымақтастық- ты
ұйымдастыру»
әдістемелік
материалын
әзірлеу.
Педагогтар мен отбасының өзара іс-әрекеті – мақсатты көздеген процесс,
нәтижесінде баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін
қолайлы жағдай тудырады. Бұл іс-әрекет деңгейі неғұрлым биік болса, бала
тәрбиесіндегі мәселе де соғұрлым табысты шешімін табады.
Педагогтар мен отбасы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты
қалыптастыру – ұзақ процесс, оның нәтижелігі бұл қатынастар негізіне қандай
принциптер қаланғанына байланысты. Отбасымен өзара іс-әрекет процесінде
білім беру ұйымы келесі принциптерге сүйенеді:
–
педагогикалық процеске қатысушылардың барлығы үшін субъектілі
көзқарасты қамтамасыз ету;
–
мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін бірлескен
шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру;
–
отбасымен өзара іс-әрекетте адамгершілік бағытты ұстану;
–
бала тәрбиесі мен дамытуына бағытталған педагогикалық процеске
қатысушылардың мақсаттары, міндеттері мен әдістерін кіріктіру және саралау.
19
Мысал ретінде Астана қаласы білім басқармасының іс-шаралар жоспары
шеңберінде №35 мектеп-лицейдің базасында орыс тілінде білім алатын орта
мектептердің 4-сынып оқушылары арасында өткізілген «Менің отбасымдағы
дәстүрлер» тақырыбындағы шығармалар байқауын атауға болады.
Байқау келесі міндеттерді шешуге бағытталды:
–
отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеу, әулеттің үлкендерін
құрметтеуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру;
–
балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі отбасының рөлін
арттыру;
–
балаларды отбасы шығармашылығы, нақты отбасының ел тарихына
қатыстылығын зерттеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқауға қаланың 28 мектебінен 67 оқушы қатысты. Осыған ұқсас іс-
шаралар еліміздің көптеген мектептерінде өткізілді.
Қарағанды қаласы № 9 гимназиясы дамуының стратегиялық бағыты
құзыреттілік білім негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығының
нәтижесіне және дамытуына бағытталған, олардың іс-әрекеттегі әмбебап
қабілеттер мен тәсілдерін меңгертуге ықпал ететін гимназиялық білім
мазмұнын дамыту болып табылады. Бұл бірқатар міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді: гимназияның беделін тәрбие жүйесі ретінде, ең алдымен, ата-
аналар, оқушылар және қызметкерлер алдында көтеру; гимназиялық ортаны
тәрбие жүйесінің кіріктірілген құрылымдық-мазмұндық компоненттерінің
көптүрлі мазмұнымен қамтамасыз ету; мектеп ұжымындағы әлеуметтік-
психологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал ету; әлеуметтік және серіктестік
байланыстарды дамыту.
Қостанай
қаласындағы
қазақ-түрік
лицейінің
«Функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру – педагогтар мен оқушылардың іс-әрекетінде
нәтижеге қол жеткізудің негізі» жұмыс тәжірибесі назар аударуға лайық.
Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі
педагогикалық ұжымы «Жаңа білім мазмұны жағдайында дарынды балалардың
функционалдық сауаттылығын дамыту» проблемасы бойынша жұмыс
жүргізуде.
Достарыңызбен бөлісу: |