ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ
11
тілін қалыптастыру және дамыту;
−
сөйлеу қызметінің түрлерін оқытудың өзара байланысы (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым);
−
орыс тілі пәні бойынша фонетика, графика, орфоэпия, лексика,
грамматика, сөзжасам, орфография, пунктуацияны меңгеру;
−
орыс тілі арқылы қарым-қатынас, өнегелік және эстетикалық
мәдениетке тәрбиелеу.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 3-4 сыныпқа арналған (оқытылуы орыс
тілінде емес) «Орыс тілі» пәнінің мазмұны үш блоктан тұрады: сөйлеу қызметі,
оқу мен тіл дамытудағы қарым-қатынас аясын қамтитын тілдік материалдар
мен мәтіндер: оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және ойын.
Сондай-ақ орыс тілін оқыту маңызын саралауда бастауыш сынып
оқушыларының сөйлеу қызметінің аясына көңіл бөлінеді, деңгейлік
минимумдар
(лексикалық,
грамматикалық,
тақырыптық-ситуациялық,
фонетикалық-орфоэпиялық т.б.).
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 1-4 сыныпқа арналған «Шет тілі»
(ағылшын тілі) пәнінің типтік оқу бағдарламасы бастауыш сынып оқушысының
тілін дамытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
арқылы баланы жан-жақты дамытуға бағытталған. Бастауыш мектепте тілді
оқыту курсын меңгеру деңгейі Еуропалық жүйеге сәйкес қарапайым деңгейлер
А-Базалық деңгей (Basic User) және А1-күн көріс деңгейі (Breakthrough)
арқылы жүзеге асады.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытуда келесі мақсаттарға қол жеткізу
көзделеді:
−
бастауыш сынып оқушысының тұлға болып қалыптасуы және дамуы;
−
сөйлеу қызметінің негізгі түрлерінде бастауыш сыныптақарапайым
қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру: тыңдалым, айтылым, оқылым
және жазылым;
−
нақты тақырыптық минимум шеңберінде ойды жеткізе алу дағдыларын
және сөздік қорды байыту арқылы қарапайым жағдайда бастапқы қарым-
қатынас әдеттерін қалыптастыру;
−
бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрбыларының ортасына,
шетелдік балалар фольклорына тарту, ағылшын тілін үйренуде тиімді
мотивация қалыптастыру;
−
нақты тақырыптық минимум шеңберінде өз ойларын жеткізе алу үшін
бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік,
когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамыту.
Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері жүзеге
асырылуы тиіс:
−
ана тілі және ағылшын тілдерінде кездесетін (дыбыс, әріп, сөз, сөйлем,
сөз таптары, екпін) қарапайым лингвистикалық түсініктер білімін
қалыптастыру;
−
дұрыс артикуляция нормаларымен, ағылшын әріптерінің дұрыс айтылу
нормаларымен, әріптерге сәйкес дыбыстардың графикалық мәнінің
АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ
ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
12
арақатынасымен таныстыру;
−
есту арқылы басқа тілде сөйлеуді дәлме-дәл түсіну дағдыларын
қалыптастыру;
−
оқудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
−
болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдерді дұрыс айту дағдыларын
қалыптастыру;
−
қажетті сөз мөлшерін меңгеруді, айтылатын пікірдің жеткіліктілігі,
қарапайым диалогты қолданудағы стартегия мен тактикалық қадамдар, нақты
тақырыпта монолог құру мазмұнының жиынтығымен қамтамасыз ету;
−
жазба сөзінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру; Қазақстандық
патриотизмнің, толеранттылық, қоршаған ортаға ұқыппен қарау және ұлттық-
мәдени идентификация сезімін нығайту, соған баулу.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 1-4 сыныпқа арналған «Шет тілі»
(ағылшын тілі) пәнінің оқу бағдарламасының төмендегідей тақырыптық
бөлімдері бар: «Танысу», «Менің отбасым», «Оқу құралдары», «Түстер»,
«Ойыншықтар», «Жануарлар», «Мені қоршаған заттар», «Киімдер» т.б.
Бастауыш білім деңгейінің тіл пәндері бойынша оқу бағдарламасының
мақсаты, міндеті және мазмұны(МЖМБС 2012ж.)
Негізі орта және жалпы орта білім деңгейіндегі тіл пәндерінің типтік оқу
бағдарламасына (3-кесте):
−
Қазақ/орыс/ана тілі;
−
Қазақ/орыс/ана тілі(ұйғыр/өзбек/тәжік) әдебиеті;
−
Шет (ағылшын) тілі;
−
Оқытылуы қазақ тілінде емес мектептерге арналған қазақ тілі;
−
Оқытылуы қазақ тілінде емес мектептерге арналған қазақ әдебиеті;
−
Оқытылуы орыс тіліндегі мектептерге арналған орыс тілі;
−
Оқытылуы орыс тіліндегі мектептерге арналған орыс әдебиеті жатады.
3-
кесте –Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейінің сыныптары бойынша
тіл пәндерін бөлу
қазақ тілінде оқыту
орыс тілінде оқыту
ұйғыр, өзбек, тәжік
тілдерінде оқыту
Негізгі орта
(5-
9 сынып)
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Шет тілі
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Шет тілі
Ана тілі
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Шет тілі
Жалпы
орта
(10-11
сынып)
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Шет тілі
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Шет тілі
Ана тілі
Ұйғыр/өзбек/тәжік әдебиеті
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Шет тілі
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ
13
Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейіндегі тіл пәндері бойынша оқу
бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, оның мазмұны
төмендегі нәтижелерге бағытталады:
−
әртүрлі деңгейдегі тіл жүйесін меңгеруге негізделген тіл және сөйлеу
материалы арқылы оқушының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;
−
нақты
тақырыптық
минимум
шеңберінде
коммуникативтік
құзыреттілікті дамыту;
−
қатынас, таным, өзін-өзі таныту және әлеуметтік бейімдеу құралы
ретінде шет тілін оқып-үйренудің маңызын түсіну және мотивациясын арттыру;
−
оқу ептілігін қалыптастыру, екі және көптілді сөздіктерді, түсіндірме
сөздіктерді, ақпараттық қарым-қатынас технологияларын қолдану;
−
көптілді, жан-жақты мәдениетті тұлға қалыптастыру; Қазақстан
патриоты, азаматы сапаларына сай тәрбиелеу;
−
ұлттық сана-сезімді дамыту, әртүрлі қауымдастықтағы адамдар
арасында өзара түсіністікке ұмтылу, өзге мәдениетке деген толеранттылықты
көрсету;
−
аға/кіші буынға құрмет көрсету, қамқор болуға тәрбиелеу, мүлікке және
қоршаған ортаға ұқыппен қарау;
−
салауатты өмір салтына тарту.
Еліміздің білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың сапалық деңгейін
арттыру мақсатында тілдерді меңгертудің халықаралық стандарттарында
көрсетілген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа алынған. Әлемдік білім
кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық
жүйесінде» белгіленген тілді игерудіңдеңгейлері менолардың сипаттарының
негізінде еліміздегі оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін
мектептердіңқазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалған «Қазақ тілі» пәнінің
(оқытылуы қазақ тілінде емес мектептерде) оқыту мақсаты – қарапайым,
негізгі,орта, ортадан жоғары деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық
тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім
негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері:
-
оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас
деңгейінде меңгерту;
-
оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
-
қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту;
-
ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа
әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
-
оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ
тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне
баулу;
-
оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік
білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
-
оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақ-
тармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен
АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ
ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
14
таныстыру;
-
оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне,
мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Бастауыш мектепте қарапайым деңгейдің 3 игерімін талап етеді:
1-3-
сыныптардағы қарапайым деңгей-А
1
3 игерімді қамтиды:
бастапқы орташа игерім-А
1
– 1-
сынып;
бастапқы толық игерім-А
1.1
– 2-
сынып;
бастапқы жетік игерім-А
1.2
– 3-
сынып;
4-
сыныпта негізгі деңгейдегі-А
2.1.2
5 игерімінің алғашқы баспалдағы
қамтылады: қалыптасу қарсаңындағы бастапқы игерім А
2
– 4-
сынып.
5-7-
сыныптардағы негізгі деңгей-А
2.1.2
үш игерімді қамтиды:
-
қалыптасу қарсаңындағы орташаигерім А
2.1
– 5-
сынып;
-
қалыптасу қарсаңындағы толықигерім А
2.1.1
– 6-
сынып;
-
қалыптасқанбастапқы игерімА
2.1.2
– 7-
сынып.
8-9-
сыныптардағы Орта деңгей-А
2.+
екі игерімді қамтиды:
-
қалыптасқан орташаигерім А
2.2
– 8-
сынып;
-
қалыптасқан толық игерім А
2.+
– 9-
сынып.
10-11-
сыныптардағы Ортадан жоғары деңгей-В
1
екі игерімді қамтиды:
−
тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В
1.1
– 10-
сынып;
−
тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В
1.2
В
1.2
– 11-
сынып.
Білім мазмұнында қазақ тілінің тұрмыстағы, қоршаған ортадағы адамдар
арасындағы қатынас құралы қызметін игеруі әлеуметтік-тұрмыстық ая;
әлеуметтік-мәдени ая; оқу-еңбек аясы деген аяларға бөлініп ұсынылған. Әрбір
аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте
күрделенеді. Қазақ тілінің функционалды-грамматикалық минимумдары осы
лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші болып табылады.
Сонымен қатар, тақырыптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық бағыттардың ерекшеліктерін ескере айқындалған.
Қолданыстағы оқу бағдарламаларының мақсаты, міндеттері мен
мазмұндары бойынша салыстырмалы талдаудың қорытындысы:
1.
Қазақ тілі (оқытылуы қазақ тілінде емес), орыс тілі(оқытылуы орыс
тілінде емес мектептерде) және ағылшын тілін оқыту мақсаттары мен
міндеттері ұқсас – тілдік және сөйлесу материалы негізінде оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, орта мектеп жүйесінде тілді
«Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесі» бойынша меңгерту,
әдеби тіл нормаларын, сөйлеудің әдеп ережелерін сақтау, тілдерді қатысымдық
тұрғыдан меңгерту, семантикалық байланыстағы тілдік бірліктерді сөйлеу
қызметінде қолдану. Қазақ тілі (қазақтілді емес мектептерде), орыс
тілі(орыстілді емес мектептерде) және ағылшын тілін оқыту курс мазмұны
әлеуметтік –тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-еңбек салаларынан тұрады.
Үш тіл бойынша тілдік материал фонетикалық, лексикалық,
грамматикалықаспектілерді оқытуды қарастырады. Бірақ мыналарды айта кету
қажет:
2.
Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ
15
меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлеріне
сәйкес қазақ тілінің (оқытылуы қазақ тілінде емес) Оқу бағдарламасы 1-
сыныптан бастап, орыс тілі(оқытылуы орыс тілінде емес) және шет тілі 5-
сыныптан бастап құрылған.
3.
Қазақ тілін (оқытылуы қазақ тілінде емес), орыс тілін(оқытылуы орыс
тілінде емес) оқытуда тілдік құзыреттілікті қалыптастыруға ерекше көңіл
бөлінген, ал ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті арттыруға
ерекше назар аударылған.
4.
Шет тілінің оқу бағдарламасында әр сынып, әр тақырып бойынша жаңа
лексикалық бірліктердің, диалог пен мәтіндердің көлемі жазылған, қазақ
тілінің(оқытылуы қазақ тілінде емес) Оқу бағдарламасында жазылмаған.
АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ
ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
16
3
Үштілдік білім контекстіндегі тілдерді оқыту ерекшеліктері
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде үш тілде оқытудың тұтас
жүйесін құру осы бағытта жинақталған терең, оқып-үйренуді ғана талап
етпейді, сонымен қатар ұлттық білім жүйесінің ерекшеліктерін назарға ала
отырып, ғылыми-әдістемелік маңызы бар ізденістер мен зерттемелердің болуын
талап етеді. Халықаралық тиімді тәжірибе әртүрлі мемлекеттердегі қос тілділік,
үш тілділік және көп тілділікті оқытудың әртүрлі модельдерімен танысуға
мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Дегенмен, аталған модельдердің бір де біреуін
нақты жағдайға бейімдемей тұрып, ұлттық білім жүйесіне енгізуге болмайды.
Жалпы білім беретін мектептерге үштілді оқытуды жаппай енгізу үшін
бүкіл социумның көптілді білім идеясын қабылдаудың өзі көп дайындықты
қажет етеді. Қазақстан мектептерінде үштілді оқытуды енгізуге байланысты
көптеген пікірлер қалыптасты. Атақты ғалымА.Ж. Мұрзалинова «… үштілдік
білім үш тілде әртүрлі пәндерді оқыту арқылы үш тілді меңгеруге және
келешекте тіл машықтарын сақтауға жағдай жасайды. Қазақша, орысша,
ағылшын тілдеріндегі үштілдік білім әртүрлі пәндерді оқыту үшін
қолданылады. Егер мектепте екінші/үшінші тіл тілдік пәндерде ғана оқытылса,
онда мектеп үштілді мектеп болып есептелмейді.Тек тілдік пәндерді екінші
және/немесе үшінші тілдерді оқытатын мектептер, сонымен қатар, оқушыларға
үш тілде оқытуға жағдай жасаса, мемлекеттің алға қойған міндетін іске асыруға
үлес қоса алады...» [4]. А.Ж. Мұрзалинованың ұсынған көптілді білімді
ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі оқушының ойлау қызметін басқару
технологиясының негізі ретінде қарастырылады.Бұл жерде оқушылардың ойлау
қызметін реттеуге, оны басқаруға көмектесетін метакогнитивті стратегия басты
рөл атқарады. Автордың айтуынша, осындай әдістемелік жүйе
коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіреді, оқушыларға ойлау қызметін
басқаруға, қарым-қатынас кедергілерін жеңуге, когнитивті ғана емес
(хабарламамен алмасу, талдау және пайымдау т.б.) сонымен бірге оқытудың
әлеуметтік-аффективтік аспектілерін де басқаруға көмектеседі. Ұсынылып
отырған әдістемелік жүйенің икемділігі екінші және үшінші тілде оқыту кезінде
оны қолдануға мүмкіндік жасайды (2014). ҚР БҒМ А.Байтұрсынов атындағы
тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д. А.Фазылжанова Қазақстандағы
үштілді білімге арналған семинарда сөйлеген сөзінде«... көптілді мектепте
оқушыға ағылшын тілін ағылшын тілі сабағында ғана емес, математика,
физика, химия пәндерінде де оқыту қажет. Қазір ҚР-да үш тілде оқытатын 100-
ден аса мектеп бар, оның саны 700-ге дейін артпақ, соның нәтижесінде
балаларымыз ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде
оқиды. Бұл шындық. Барлық мемлекетте көптілділік саясаты ұлттық
қызығушылық нәтижесінде туындап отыр, енді Қазақстан да осы жолмен жүруі
тиіс...». Осыған байланысты семинарға қатысушылар «егер балаларды
жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді тек ағылшын тілінде оқытатын
болсақ, онда келешекте олардың ғылыми сана-сезімі ана тілінде жетілмей
қалатынына қауіп туындайды, бұл қоғамға өте зиян екенін де айтып өтті»
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ
17
(2015) [5].Қазақстан ғалымдарының ғылыми зерттеулерінде, оның ішінде
профессор Б.А.Жетпісбаеваныңеңбегіндегі көптілділік білімі екі аспектімен
қарастырылады: мазмұнды және процессуалды [6]. Оларды межелеуші құрал
тіл болып табылады, ол оқыту объектісі ретінде көптілді білімнің мазмұнды
жағын анықтайды, ал оқыту құралы ретінде процессуалды жасаушы болады
Көптілді білімнің мазмұнды аспектісінің өлшемі тілдік оқу пәндері болып
табылады: ана тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі
ретіндегі орыс тілі және әлемдік экономикамен бірлесу тілі ретіндегі шет тілі
(негізі ағылшын тілі).Көптілді білімнің процессуалды аспектісінің өлшеміне
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында қарастырылған барлық
оқу курстары кіреді. Бірақ бұл жерде естуге үйреншікті «оқыту тілі» деген
түсінік басқаша қалыптасып, білім мекемесіне емес, енді пәнді үйретуге
ауысады. Үштілді білімге байланысты мектептегі қазақ тілі мемлекеттік тіл
ретінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту
тіліболады. Жаңа когнитивті-коммуникативтік кешенді (пәндерді оқыту
аясындағы оқыту тілі) игеруге бағытталған көптілді білімді ұйымдастырушы
негізінде оқу қызметінің принциптері мен тәсілдері пайда болды. Бұндай
жағдайда ол білімнің біріктірілген түріне жатады. Осыған байланысты үштілді
білімнің ерекшелігі жеке тұлға әлемнің тілдік бейнесін өзгерте отырып, әр
жаңадан пайда болған тіл когнитивті саладағы әлемнің жалпы (мағыналық)
бейнесіне әсер етеді. Өзге тіл жүйесін меңгеру қоршаған ортадағы жеке
тұлғаның «көру бұрышын», оның түсінігін, қатынасы мен құндылығын
өзгертуге әкеліп соғады. Өзге тілді енгізген жағдайда мынаған көңіл
аударылады «... өзге тілді танып-білу ана тілі арқылы жүзеге асады,
оқытылатын тілдегі концептуалды көрініс ана тілінің концептуалды көрінісінен
«өсіп шығады». Қорыта айтқанда, мұның бәрі екінші тілдің мағынасын түсіну
үшін ана тілінің маңызы зор екенін білдіреді…» (1989) [7].
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, үштілді білім берудегі тілдердің
меңгерту ерекшелігі мынада:
Біріншіден, үйренушілердің коммуникативтік қабілетін қалыптастыруға
ерекше назар аударылады, сондықтан тілді оқыту тек қана грамматикалық
бірліктерді үйретумен шектелмейді.Өйткені тіл үйренушіге «бастауыш»,
«баяндауыш», «морфология», «синтаксисті» білу маңызды емес. Өмірде жас
жеткіншек аталған тілдік бірліктерді, оқу, жазуды білмей сөйлей бастайды,
сөйлемдерді құрай бастайды. Ол сөздердің мағынасын түсініп, басқалармен
қарым-қатынасқа түседі. Бірте-бірте баланың сөздік қоры кеңейіп,
қасындағылармен сөйлесе бастайды. Содан кейін ғана оқуды, жазуды
үйренеді.Қазіргі таңда мектептерде өзге тілдерді меңгерту бағдарламалары да
осылай құрылады.
Екіншіден, үштілдік бағдарламасында қазақ, орыс тілдері өзге тіл ретінде
деңгейлік оқыту жүйесінегізінде, ағылшын тілі шет тілі ретінде CEFR
(еуропалық шет тілдерін меңгерту жүйесі) бойынша оқытылады.Бұл
халықаралық деңгейде көпшілікке танымал тілдерді оқытудың табысты моделі.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі үштілді білім
АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ
ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
18
берудің негізін, фундаментін, «үшбұрыштын» шынын құрайды және негізгі
идеясы болып саналады. Бірақ 30 дамыған елдің қатарына ену үшін,
Қазақстандағы тілдердің әр алуандығынсақтай отырып, оны дамыту қажет.
Төртіншіден, Қазақстандағы үштілді білім берудің өзгешелігі көбіне
тілдердің даму ахуалының алдыңғы тарихи себептерімен байланысты.
Бұл жерде ең күрделісі ол - оқу тілін және меңгеру тілін таңдау, өйткені тіл
екі мағынаны білдіреді: оқыту құралы (мектепте, колледжде, жоғарғы оқу
орнында оқыту тілі) және оқу пәні. Көпұлтты Қазақстан үшін саяси
тұрақтылықтың факторы ретінде 100 қазақстандық этностың өмірлік
қағидаларын сақтап қалу тұжырымдамалық негіз болып саналады.
Бесіншіден, үш тілді білудің маңыздылығы олардың бәсекелестігінде емес,
бірлігінде. Осы қағида Қазақстанда үштілді білім берудің негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |