Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#10886
1   2   3   4   5   6

 

 

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ

 

 

19 



4  «Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламарының  мақсаты,  міндеттері 

мен үштілдік білімнің мақсаты мен міндеттерінің сәйкестілігі  

 

Қазақстан  Республикасының  білім  мекемелері  1-сыныптан  бастап  қазақ, 

орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы үштілділік саясатын енгізеді. Үш 

және  одан  да  көп  тілде  оқыту  сөйлеу  қызметінің  төрт  түрін  (тыңдалым, 

айтылым,  оқылым  және  жазылым)  дамыту  арқылы  коммуникативтік 

дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған.Қазақстан  Республикасының  білім 

беру  мекемелері  функционалды  сауаттылықты  дамыту  мақсатында 

оқушылардың коммуникативтік құзыреттілік негіздерін қалыптастырады. 

Үштілді  білімніңнегізгі  міндеттерінің  бірі  –  тұлғалық,  тұлғааралық  және 

мәдениаралық  құзыретке,  мәдениеттің  әр  түріне  құрмет  көрсетуді 

қалыптастыру. Бұл құзыреттер оқушыларға көпмәдениетті қоғам өміріне тиімді 

түрде араласуға мүмкіндік береді. 

Тілдік пәндердің оқу бағдарламаларында: 

 



мектепте және мектептен тыс жерлерде пікірге, дінге, іс-әрекетке, салт-

дәстүрге, өзге халықтардың идеясына деген толеранттылықты дамыту; 

 

көптілді және көпмәдениетті қоғамда өз ойларын ашық айта алу, өзін 



еркін ұстай алу дағдысын дамыту; 

 



бейбітшілікті және ұлтаралық бірлікті сақтауға жәрдемдесу; 

 



көпмәдениетті қоғамда өмір сүру қабілетін дамыту

 



әртүрлі мәдениетті бейнелейтін халық шығармашылығындағы ауызекі 

жанр туралы білімі мен түсінігі. 

Тұлғаны әлеуметтендіру, яғни әртүрлі қауымдастықта тиімді әрекет етуге 

қабілетті  азаматтарды  тәрбиелеу,  қарым-қатынас  дағдыларын  дамыту, 

оқушыларға  өз  ойларын  нық  сеніммен  айта  алатын  қолайлы  орта  жасау. 

Коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оқыту үдерісі кезінде оқушыларды 

сыныптастарымен,  мұғалімдерімен  қарым-қатынасжасау  үшін  үлкен 

аудиторияда  ауызша,  жазбаша  формада  немесе  әртүрлі  ақпарат  құралдары 

арқылы,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  сауатты  қолдана  отырып  мадақтау 

қажет. Сондықтан тіл пәндері бойынша оқу бағдарламаларында оқушылардың 

тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалардың 

үлгілері беріледі:  

 

тыңдалған мәтінге байланысты сұрақ қою;  



 

таныс  тақырыптар  мен  оқушыларды  қызықтыратын  тақырыптарға 



айтылым; 

 



алдын-ала  дайындалған  сұрақтар  бойынша  интервью  алу  (мысалы 

мұғалімнен интервью алу) және жауапқа ауызша есеп беру;  

 

жоспарланған тақырып бойынша пікірлесу/дәлелдеу; 



 

екі-екіден  немесе  топпен  іс-әрекет,  болған  оқиғаны  жазуға  дайындық 



жасау;  

 



ауызекі сөйлеуді түсіну және сұраққа дұрыс жауап беру шеберлігі; 

 



берілген тақырыпқа диалог құру. 

 

 

АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ 

ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

 

 

20



 

5 Тілдік пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны мен үштілдік 

білімнің мақсаты мен міндеттерінің сәйкестілігі 

 

Қазақстандағы  білім  саласында  үштілдік  оқыту  үлгісін  кезең-кезеңімен 

жүзеге  асыру  көзделіп  отыр.  Үштілдік  оқыту  үлгісі  білім  ордасындағы  білім 

беру  сапасын  арттыруды  және  бірнеше  тілді  жетік  меңгерген  жоғары  білікті 

тұлғаны  даярлауды  көздейді.Үштілдік  оқытудың  басты  мақсаты  –  көптілді 

және  көп  мәдениетті  тұлғақалыптастыру.  Білім  саласындағы  үштілдік  оқыту 

үлгісін  кезең-  кезеңімен  жүзеге  асыру  білім  ордасындағы  білім  беру  сапасын 

арттыруды  және  бірнеше  тілді  жетік  меңгерген  жоғары  білікті  тұлғаны 

қалыптастыруды  көздейді.  Тілдікпәндертілдік  минимум  оқытудың  әр 

деңгейінде  көрнекті  тақырыптық  блоктың  толық  тізімін  көрсетуі  тиіс.  Бұл 

барлық  тіл  пәндері  бойынша  сөздік  қорды  молайтады.  Үйлестірудің  осындай 

стратегиясы диалогтық қатынас  пен монологтық сөйлеу дағдыларының нақты 

деңгейіне жеткізеді. Осыған орай продуктивті диалог көлемінің әр деңгейі оның 

негізін  қайталау  барысында  артып  отырады.  Тілші  ғалым  З.Күзекова  өз 

зерттеулерінде  диалогтың  өзіндік  ерекшеліктеріне  баса  назар  аударады. 

«Барлық  қатысым  өзінің  табиғатынан  диалогтық  болып  табылады.  Диалогтың 

өзіндік  ерекшеліктері  бар:  сөйлеудің  қысқалығы;  қатысымның  сөзден  тыс 

құралдарын (мимика, ым) кең түрде пайдалану; интонация рөлі, толық құрамы 

емес  сөйлемдердің  көптігі;  кітаби  сөздің  қатаң  формалары  сақталмайды, 

ауызша сөйлеуге тән, күні бұрын дайындалмаған жай сөйлемдердің молдығы, 

адресанттың белсенді рөлі» [8,120 б.].  

Тақырыптар сөйлеу тәрізді лексика-грамматикалық материалды таңдаудың 

экстралингвистикалық негізі бола тұра білімнің барлық деңгейінде сөйлеу мен 

коммуникативтік құзыреттің тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді.  

Бастауыш,  орта  және  жоғарғы  сыныптағы  «Қазақ  тілі»  пәні  бағдарлама 

мазмұнының  талдауы  жалпыеуропалық  құзырет  пен  шет  тілін  үйрену, 

коммуникативтік  материалды  нығайту,  оқыту  мақсатын  түзету,  тілдік,  сөйлеу 

және коммуникативтік материал пайызының арақатынасын өзгерту қажіттілігін 

көрсетеді. 

Қазақстандағы  үштілдік  білімнің  концептуалды  негізі  болып  табылатын 

жалпыеуропалық  құзырет  деңгейімен  сәйкестендіре  отырып  белгіленген  тіл 

пәндерінің типтік мазмұны төмендегідей: 



1-

5 сыныптар (бастауыш мектеп) 

А1:  отбасына  және  қоршаған  ортаға  тікелей  қатысты  таныс  сөздер  мен 

негізгі сөз орамдарын білу; қарапайым тілде өзара әрекеттесу, бірақ байланыс 

қайталау  стратегиясына,  сөйлеу  жылдамдығының  төмендігіне  және  өзгертіп 

айту  мен  түзетуге  байланысты;  жеңіл  сұрақтар  қою  және  оларға  жауап  беру, 

таныс  саланың  қарапайым  пайымдауларына  жауап  қайтару;  адамдар  мен 

олардың  тұрғылықты  жері  туралы  қарапайым  сөз  орамдары  мен  сөйлемдер 

жасау.  


А2:  нақты  мақсатқа  жету  үшін  жеткілікті  дәрежеде  жылдам  сөйлеуді 

түсіну;  конструктивті  жағдайда  және  сөйлесуде  өзара  жеңіл  әрекет 



ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ

 

 

21 



ету,күнделікті  жағдайдағы  таныс  тақырыптарда  ақпараттар  мен  пікір  алмасу; 

жеке қызығушылығы мен тәжірибесі, өзінің күнделікті қызметінің аспектілері 

туралы сөйлемдерді байланыстырып, қысқаша мәтін дайындау. 

6-10 

сыныптар (негізгі мектеп) - А2 (мазмұны жоғарыда) және В1. 

В1: жылдам сөйлеу кезінде айтылған пікірдің мағынасын түсініп, ептілігін 

көрсете алу және кәсіптік немесе оқу қызметіне байланысты таныс тақырыптар 

бойынша ақпараттар ағынын сараптай отырып, кәдімгі дискурсивті маркерлер, 

яғни «біріншіден», «сонан соң», «соңында» тәрізді қыстырма сөздерді орнымен 

қолдана  білу  т.б.;  сапарға  шығу  кезінде  қарапайым  тілді  қолдана  алу,  таныс 

тақырыптар  туралы  әңгімелерге  еш  дайындықсыз  араласу,  күнделікті  өмірге 

қатысты  (мысалы,  отбасы,  ермек,  жұмыс,  саяхат  және  күнделікті  жағдайлар) 

тақырыптармен  ақпараттар  алмасу,  өз  пікірін  білдіру;  нақты  немесе  ойдан 

қиыстырылғын оқиғалардың тақырыптарына жеңіл жүйелі мәтін құру, тәжірибе 

алмасу т.б. 

11-12 

сыныптар  (жоғары  мектеп)  -  В2  (+С1  болуы  мүмкін  деңгей 

ретінде).  

В2:Дерексіз  және  нақты  тақырыпқа  берілген  күрделі  мәтіндердің,  соның 

ішінде тар шеңберлі мамандықты мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну.Жылдам 

қарқынмен  және  тез  арада  айту,  кез  келген  жақтың  сөйлеушілерімен  еш 

қиындықсыз  тілдесу.  Әртүрлі  тақырыптарға  анық,  егжей-тегжейлі  хабарлама 

жасай алу шеберлігін көрсету және негізгі мәселеге байланысты өз көзқарасын 

білдіру, әртүрлі пікірлердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. 



С1:  Әртүрлі  тақырыптарға  берілген  көлемді  күрделі  мәтіндерді  түсіну, 

астарлап  айтылған  сөздің  мағынасын  аша  алу.  Еркін  айтылым.  Бейінді 

бағытталған  қатынасу  тілін  еркін  қолдану.  Байланыс  құралдары  мен  олардың 

элементтерін  біріктіру  арқылы,  мәтінді  құру  модельдерін  меңгергендігін 

көрсете отырып, күрделі тақырыптарға мәтін құрастыра алуға шебер болу. 

Коммуникативтік  материалды  нығайту  үдерісінде  коммуникативтік  тіл 

құзыретін күшейтуге екпін жасалды: 

А)  тіл  құзыреті,  яғни  формалды  ресурстарды  қолданудағы  білім  мен 

іскерлік, осының негізінде мәнді, мағыналы мәтіндер жасалады; 

Б)  социолингвистикалық  құзырет,  яғни  қоғамдық  қарым-қатынас 

ережелерін сақтауға байланысты білім мен ісерлік; 

В)  белгілі  бір  жастағы  топтарға  арналған  әртүрлі  өмір  жағдайындағы 

екінші  және  үшінші  тілдегі  сөйлеу  интенциясын  жүзеге  асыруға  байланысты 

тіл-коммуникативтік құзыреті. 

Осыған  байланысты  оқу  жағдайында  тілдесу  үдерісі  ұйымдастырылды, 

тілдесудің  әлеуетті  ахуалының  үлгісі  жасалды,  онда  сөйлеу  этикетінің 

ережелері,  іскерлік  әңгімені  енгізудегі  стратегиялар  мен  тактикалық  қадамды 

жүзеге асыру жолдары өңделді.  

Мәтіннің  коммуникативтік  бағыттылығы  оқушының  авторлық  ұстанымы 

арқылы  мәреге  жетеді,  мәтінде  «байқаушы/оқиғаға  қатысушы»  (тілдің 

репродуктивті  көрсеткіші),  «басқа  жерден  ақпарат  көзін  алушы»  (тілдің 

ақпараттық  көрсеткіші),  «қабылданған  ақпаратқа  жауап  қайтарушы»  (тілдің 



АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ 

ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

 

 

22



 

реактивті  көрсеткіші),  «әрекетке  түрткі  болушы»  (тілдің  волюнтивті 

көрсеткіші), «данышпанның кеңесшісі» (тілдің генеритивті көрсеткіші) рөлінде 

қатысады. 

Тілді  меңгеру  деңгейінің  Еуропалық  жүйесіне  сәйкес  және  Қазақстан 

Республикасында  көптілділікті  дамытудағы  маңызды  міндеттерге  байланысты 

11-

жылдық  мектептердегі  11-сыныптарда  және  12-жылдық  мектептердегі  12-



эксперименттік  сыныптарда  Қазақстан  мектептеріндегі  бүгінгі  тіл  жағдайын 

ескере отырып, В-2 орта деңгейінен кейін жету міндетті (оқушылар өз бетімен 

дайындалған  жағдайда  С-1  деңгейі  болуы  мүмкін).Оқытудың  соңына  қарай 

жоғарғы  мектепте  базалық  деңгейде  оқушылардың  ағылшын  тілінен 

дайындықта жалпыеуропалық (В2) бастапқы деңгейіне жақындататын деңгейге 

жету жоспарланып отыр. 

 

 

 



 

 

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ

 

 

23 



Қорытынды 

 

Үштілді  білім  берудің  нормативтік  және  құқықтық  базасын  жетілдіру 

мақсатындағы Жол картасы қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру  стандарты(2012)  мен  оқу  бағдарламаларына(2013)  талдау  жасауды 

қарастырады.Талдау барысында анықталғаны: 

I.1.«Қазақ  тілі»  (оқытылуы  қазақ  тілінде  емес),  «Орыс  тілі»(оқытылуы 

орыс  тілінде  емес),  «Шет  тілі»  пәндерінің  оқу  бағдарламалары  Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (2012 

ж.)  сәйкес  жасалған.Оқу  бағдарламаларыҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  23 

тамыздағы  №1080  Қаулысымен  бекітілген,  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  әзірленген.Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

білім беру стандартына (2012 ж.) сәйкес оқушының білім, білікдағдылары орта 

мектеп 


жүйесінде 

тілді 


деңгейлік 

меңгерту 

ерекшеліктеріне 

сәйкестендіріліпжіктелген; 

I.2.  Оқытылуы  қазақ  тілінде  емес  жалпы  білім  беретін  мектептерінде 

тілдерді  оқыту  мен  үйретудің  өзіндік  ерекшелігі  ескеріліп,  тілдерді  деңгейлік 

меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынған; 

I.3. 


Білім мазмұнының желісі үш аяға бөлініп ұсынылған:  

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая; 

2) әлеуметтік-мәдени ая; 

3) оқу-еңбек аясы.  

II.1.  «Орыс  тілі»  пәнініңбағдарламасы  (қазақтілді  мектептер  үшін) 

Еуропалық тілдерді меңгерту жүйесіне сәйкес әзірленген (А – қарапайым; В – 

дербес; С – дербес меңгеру). «Орыс тілі» пәні бойынша базалық деңгей: А 2 – А 

2.2– 5-


сынып, А 2 – А 2.2.1 и А 2.2.2 – 6-сынып; А 2+ – 7-сынып,орташа деңгей 

В1 – В.1 и В. 1.2 – 8-сынып; В1 + --- В .1+ – 9-сынып; орташа деңгей В 2.1 - В 

2.2 – 10-

сынып; орташадан жоғары деңгей В 2 – 11-сынып. 

II.2.  «Орыс  тілі»  пәнініңмазмұныүшблоктан  (сөйлесу  әрекеті,  тілдік 

материалдар және оқуға арналған мәтіндер) тұрады; 

II.3. Әр сыныпта оқушы қанша сөз меңгеруі тиіс екені, оның саны нақты 

берілген; 

II.4. 

Тақырыптық минимумды үш сала құрайды: 



1)

 

«



Адам»; 

2)«


Қоғам»; 

3)«Табиғат». 

II.5. 

Әр тақырып тілдік және лексикалық тақырыптардан тұрады.  



III.1.  Шетел  тілдерінің  курсы  5-сыныптан  бастап  Еуропалық  тілдерді 

меңгерту жүйесіне сәйкес әзірленген:5-6-сынып – А 1 деңгейі, 7-9-сынып – А2, 

10-11-

сынып – В1; 



III.2. Шет тілдерін үйрету келесі мақсаттарға жетуге арналған: 

1) көптілді, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; 

2) бір тақырып төңірегінде коммуникативтік құзыреттілікті дамыту


АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ 

ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

 

 

24



 

3)  қарым-қатынас,  таным  құралы  ретінде  шет  тілдерін  үйренуге 

қызығушылықты ояту; 

III.3. Курс мазмұнын әлеуметтік-тұрмыстық, оқу-еңбек, әлеуметтік-мәдени 

салалар құрайды, мысалы «Денсаулық», «Тамақ», «Білім», «Саяхат»; 

III.4. Шет тілдерін меңгертуде коммуникативтікұстаным сақталған; 

III.5. Тілдік материал сөйлеудің 4 қызметі арқылы жүзеге асырылады. 

Қорыта  келе,  оқу  бағдарламаларын  жетілдіру  мақсатында  мыналарды 

ескеру қажет: 

-

үштілді  білім  беруде  деңгейлік  оқытудыңсалыстырмалы  моделін  CEFR 



түрі бойынша енгізу; 

-

тілді және пәнді оқытудың Бірыңғай тілдік стандартын әзірлеу; 



-

тілді және пәнді оқытуда біріктірілген оқыту әдістемесін енгізу; 

-

үштілдік  білім  беру  моделіне  кезең-кезеңмен  көшу,  ол  үшін  тілдерді 



деңгейлеп  оқытуға  тірек  жасап,  үш  тіл  бойынша  ЕНТ  мазмұны  мен  пішімін 

өзгерту; 

оқыту  тіліне  қарамастан  барлық  мектептерде  «Қазақ  тілі»,  «Қазақ 



әдебиеті»,«Қазақстан  тарихы»  пәндерін  қазақ  тілінде,  «Орыс  тілі»,  «Орыс 

әдебиеті»,«Дүниежүзі тарихы» пәндерін орыс тілінде оқыту; 

-

жоғарғы  сыныптарда  «Физика»,  «Химия»,  «Биология»,  «Математика» 



пәндерін ағылшын тілінде оқыту (мектептің ата-ана комитетінің және педкеңес 

алқасының шешімі негізінде); 

-

тілдерді оқытудың коммуникативтік бағытын күшейту. 



 

 

 



 

 

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ

 

 

25 



Пайдаланған әдебиеттер 

 

1  «


Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру  стандарттарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 

жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы. 

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 



беру  стандарттарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 

жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  25  сәуірдегі  №  327 

Қаулысы.  

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 



берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым Министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы.  

МурзалиноваА.Ж. Тілді меңгеру және қолдану стратегиясының негізінде 



полилингвальді білімді ұйымдастыру. // http://ipksko.kz/ 

ФазылжановаА.  Үштілді  білім  зияткер  ұлтты  дамыту  факторы  ретінде. 



Семинар материалдары. «Ақпаратық-аналитикалық орталық» АҚ, 3 қыркүйек, 

2015ж. //http://kagro.kz/stati/ 

ЖетпісбаеваБ.А.  Көптілді  білімнің  теориялық-әдіснамалық  негіздері. 



13.00.01  – 

Жалпы  педагогика,  педагогика  және  білім  тарихы,  этнопедагогика 

мамандығы  бойынша  педагогика  ғылымының  докторының  ғылыми  дәреже 

ізденісіндегі диссертациясының афторефераты, Қарағанды, 2009. 

ХалееваИ.И.  Основы  теории  обучения  пониманию  иноязычной  речи.  – 



М.: Высшая школа, 1989. 

Көпдеңгейлік  бірыңғай  стандарттық  оқыту  жүйесі  және  қазақ  тілін 



үйретудің әдістемесі. Астана «Келешек-Пресс», 2006.  

 

 



 

 

 

АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ 

ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

 

 

26



 

Содержание 



 

 

Введение ………………………………………………………………. 



27 

Место, роль и объем языковых дисциплин в действующих ГОСО....  29 



Цель, задачи и содержание учебных программ по языковым 

дисциплинам …………………………………………………………… 

 

33 



Особенности обучения языкам в контексте трехъязычного 

образования …………………………………………………………… 

 

39 



Соответствие целей и задач учебных программ по языковым 

дисциплинам цели и задачам трехъязычного образования ………… 

 

43 



Соответствие содержания учебных программ по языковым 

дисциплинам цели и задачам трехъязычного образования ………… 

 

44 



 

Заключение ……………………………………………………………. 

46 

 

Список использованной литературы………………………… 



49 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ

 

 

27 



Введение 

 

Организационной  основой  реализации  государственной  политики 

Республики  Казахстан  в  сфере  образования  является  Государственная 

программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на  2011-2020  годы, 

обеспечивающая  продолжение  модернизации  казахстанского  образования. 

Целями  программы  являются  обеспечение  равного  доступа  всех  участников 

образовательного  процесса  к  лучшим  образовательным  ресурсам  и 

технологиям; удовлетворение потребности учащихся в получении образования, 

обеспечивающего  успех  в  быстроменяющемся  мире;  формирование  в 

общеобразовательных  школах  интеллектуального,  физически  и  духовно 

развитого гражданина Республики Казахстан.  

В  2013-2014, 2014-2015, 2015-2016  учебных  годах  обучение  в 

общеобразовательных школах РК осуществляется на основе Государственного 

общеобязательного  стандарта  начального,  основного  среднего,  общего 

среднего образования РК, утвержденного постановлением Правительства РК от 

23  августа  2012  года  №1080,    учебных  программ  для  общеобразовательной 

школы, утвержденных приказом Министра образования и науки РК от 3 апреля 

2013  года№115.  В  организациях  образования  обучение  иностранному  языку 

ведетсяв  соответствии  с  общеевропейскими  уровнями  владения  языками. 

Отличительной  особенностью  этой  системы  является  заданный  уровень 

обученностиязыку[2-3]. 

В  соответствии  с  ГПРО  обозначена  цель:  повысить  количество 

обучающихся,  успешно  освоивших  образовательные  учебные  программы  по 

естественно-математическим 

дисциплинам, 

улучшить 

результаты 

казахстанских  общеобразовательных  школ  в  международных  сравнительных 

исследованиях  (PISA),  по  оценке  математической  и  естественнонаучной 

грамотности  учащихся  4-х  и  8-х  классов  (TIMSS),  в  международном 

исследовании «Изучение качества чтения и понимания текста» (PIRLS). 

В  Послании  Президента  Республики  Казахстан  Н.  Назарбаева  народу 

Казахстана  от  17  января  2014  г.  «Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель, 

единые интересы, единое будущее» отмечается: «…все развитые страны имеют 

уникальные  качественные  образовательные  системы...  В  среднем  образовании 

надо  подтягивать  общеобразовательные  школы  к  уровню  преподавания 

вНазарбаев  Интеллектуальных  школах.  Выпускники  школ  должны  знать 

казахский,  русский  и  английский  языки.  Результатом  обучения  школьников 

должно  стать  овладение  ими  навыками  критического  мышления, 

самостоятельного поиска и глубокого анализа информации». 

Вместе  с  тем,    в  условиях  мировой  экономической  интеграции  с 

каждымгодом  все  больше  подтверждается,  что  знание  государственного  и 

владение  несколькими  языками  становится  не  только  фактором  личной 

конкурентоспособности,  но  также  обязательной  нормой  для  граждан 

современного  казахстанского  общества.  Реальная  общественная  жизнь 

рядового  казахстанца  показывает,  что  для  современногочеловека  владение 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет