Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет52/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
6-

тапсырма.

 

Мақал – мәтелдерді оқып есте сақтаңыз

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

      

Тыңдалым 

 

 

Мекеменің жеке құрамы (қызметкері) бойынша құжаттар 

Мекеменің  басқару  қызметі  кадрларды  іріктеуді  және  орналастыруды, 

азаматтарды  жұмысқа  қабыладауды,  басқа  жұмысқа  ауыстыруды  және 

босатуды  да  қамтиды.  Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау,  босату,  кезекті 

еңбек  демалысын  беру,  көтермелеу  кезінде  ресімделген  құжаттар  жеке  құрам 

бойынша  құжаттар  тобын  құрайды.  Бұл  жеке  құрам  бойынша  бұйрықтар, 

өтініштер, мінездемелер, еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке 

іске тігілетін барлық құжаттар.   

Кадр  құжаттарының  маңызы  оларда  азаматтардың  еңбек  етуге,  білім 

алуға, зейнетақымен қамсыздануға және басқаларынақұқықтарын іске асыруға 

қажетті  мәліметтер  белгіленетіндігінен  көрінеді.  Ал  бухгалтерлік  есеп  үшін 

кадр  құжатары  бастапқы  есептік  құжат  болып  табылады.  Осы  құжаттар 

негізінде  бухгалтерлік  есеп  жүргізіледі.  Сөйтіп,  жеке  құрам  бойынша 

бұйрықтардың  негізінде  бухгалтерлік  жалақы,  үстемақы,  сыйлықақы,  іссапар 

шығыстарын және с. с.-ды есептеп төлейді. 

Кадр  құжаттарын  жүргізуге  қойылатын  талаптар  Қазақстан 

Республикасының  тиісті  заң  актілерінде  белгіленген.  Бастапқы  есептік 

құжаттардың  бірегейлендірілген  нысандары  бекітілген.  Қажетіне  қарай  осы 

бастапқы есептік құжататрға қосымша деректемелер енгізуге болады. Бұл ретте 

бастапқы  есептік  құжаттың  бірегейлендірілген  нысандарының  барлық 

деректемелері (коды, нысанның нөмірі, құжаттың атауы) толығымен сақталады. 

Бірегейлендірілген нысанның кейбір деректемелерін жоюға жол берілмейді. 

1. Ізгілердің ісі – игі.  

2. Көркем өнер-адамзатты жақындастыратын құралдың 

бірі. 

3. Білік бағасын білікті білер. 



4. Еңбек - адамның екінші анасы. 

5. Еңбек ер атандырады. 

6. Еңбексіз өмір - сөнген көмір. 

7. Байлықтың атасы - еңбек, анасы – жер. 

8. Адамды білім сақтайды.  

9. Аңсаған істің айбы білінбейді 

10.Тақ пен бақ бір емес. 

90 


 


  

Енгізілген  өзгерістер  ұйымның  тиісті  ұйымдық  –  құқықтық  құжатымен 

(бұйрық) ресімделуі керек. 

Кадрларды  есепке  алуға  байланысты  құжаттар  нысанына  мыналар 

жатады: 

Қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұрық (өкім); 



Мемлекеттік қызметшінің жеке карточкасы; 

Штаттық кесте; 



Кезекті еңбек демалысының кестесі; 

Ғылыми, ғалым – педагог қызметкерлерді есепке алу карточкасы; 



Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім); 

Қызметкерлерге кезекеті еңбек демалысын беру туралы бұйрық (өкім); 



Қызметкерлермен  жасалған  еңбек  шартын  тоқтату  (бұзу)  туралы 

бұйрық (өкім); 

Қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрық (өкім); 



Іссапар куәлігі; 

Іссапарға жіберуге арналған қызметтік тапсырма және оның орындалуы 



туралы есеп; 

Қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрық  (өкім). 



Жекелеген  жағдайларда  жеке  құрам  бойынша  бұйрықтар  басқадай  да 

жасалады. Мысалы, өндіріп алу, тегін ауыстыру, міндетін атқару туралы және 

с. с. Осы  тектес құжататрды жиі жасауға тура келсе, кәсіпорынның өз ішінде 

қолданылатын үлгі нысанын жасап, оны бұйрықпен бекітіп алуға болады. 

Жеке құрам бойынша құжаттарға төмендегілер жатады: 

түйіндеме; 



өтініш (жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру туралы); 

жеке құрам бойынша бұйрықтар; 



еңбек кітапшалары; 

жеке істер; 



жеке карточкалар; 

еңбекақысы  жөніндегі  жеке  шоттар  және 



басқалары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет