Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Тілді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде
мемлекеттік тілді үздіксіз оқытуды енгізудің әдістемелік негіздері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
1
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 20 қарашадағы № 5 хаттама).
Тілді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде «Балабақша-мектеп-
колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде мемлекеттік тілді үздіксіз оқытуды
енгізудің әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 99 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мемлекеттік тілді халықаралық
стандарттары негізінде балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орындарында
үздіксіз оқыту мақсатын көздейді.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектеп, колледж, жоғары оқу
орындарының қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
ұсынылады.