«Ы. Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбына баяндама



бет1/5
Дата09.05.2022
өлшемі37,36 Kb.
#33077
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 тапсырма


«Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбына баяндама.
Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында азаттық үшін ағартушылық ісімен тәуелсіздікке үлес қосқан қайраткерлердің бірі Ыбырай Алтынсарин туралы айтпай кету мүмкін емес.

ХІХ – ХХ ғасырларда Қазақ елі Ресей империясының құрамына толық енгеннен кейін қазақ даласын басқаруға тәжірибелі қазақ шенеуніктері қажет болды. Сондықтан қазақтарға арнап орыс- қазақ бастауыш мектептері ашыла бастады. Осындай мектептердің бірінде Ыбырай Алтынсарин де білім алды. Ерте жетім қалған Ыбырай атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Балғожа Жаңбыршин ел басқару ісінің шебері, би, аса бай адам болған. Немересін жасынан адалдыққа, тура сөйлеуге, шешендікке баулиды. Ыбырай өзі де табиғатынан алғыр, зерек, еңбекқор болды.

Ыбырай оқыған мектепте жаратылыстану, гуманитарлық пәндер оқытылған: ана тілі, орыс тілі, татар тілі, география, арифметика, геометрия, ән-күй, гимнастика. Әрі әдеби кештер ұйымдастырылған.

Бұл мектепте баланы қорқытып, сескендіруге тыйым салынған, қорыққан баланың тілі кекеш болады деп білген, балаларды шындықты бағалай білуге, еңбекті қадірлей білуге кішіпейіл, ұқыпты болуға шақырған. [1-107 б.]

1857 жылы Орынбор қаласындағы қазақтарды билеу Бас басқармасына қарасты қазақ мектебін 15 оқушы бітіріп шықты, соның бірі-Ыбырай Алтынсарин.[1-107б]
Көреген, дана атаның тәрбиесі мен сол заманның озық үлгідегі мектебінен білім алған Ыбырай Алтынсарин өз бойындағы қасиеттер мен білімін өз ұлтының балаларына дарытуға бүкіл ғұмырын арнады.

Алтынсариннің демократиялық - ағартушылық бағыты, оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.

Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнады.

Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми - әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.

Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып жазуға жұмсады [2].

Ол өз шығармаларында шәкірттерін адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер - білімде деп түсінген Ыбырай Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.

Бірінші саласы бойынша1860 жылы облыстық басқарма Ыбырайға Орынбор бекінісінде, Торғай қаласында қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді, әрі өзі сол мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып тағайындалады. Ағарту ісіне жан – тәнімен құлшына кіріскен ол ауыл – ауылды аралап халыққа білім берудің маңызын түсіндіреді. Ондай мектептер ашу үшін қаржы – қаражат жинауды қолға алды. Осындай ақшаның алғашқы үлесін Ыбырайдың өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды. 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде мектеп ашылып, алғашында оқуға үгіт жұмыстарының нәтижесінде 16 бала жазылады. Ыбырайдың жүргізген үгіт жұмыстарының нәтижесінде бұл мектепте оқушылардың саны арта бастайды [2, 345 б.].

Оқу мынадай бағытта жүргізілді:

-қазақ тілі: оқу және жазу;

-орыс тілі: оқу және жазу;

-татар тілі:оқу және жазу;

-көркем жазу;

-арифметика: қосу, алу, көбейту, бөлу;

-жер шары: Еуропа, Азияның басты-басты қалалары мен мемлекеттері оқытылды.

Жыл соңында арифметикадан емтихан, көркем жазу,қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аудару емтихандарын тапсырды.

Ы.Алтынсариннің мектебінде оқушылар болашақта екіжүзді парақор болып шықпасын деп, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінді. Бұл мәселе бүгінгі күннің де мектептерінің алдында тұрған мақсат. “Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектепте ғана”,-деді Ы.Алтынсарин.

Бүгінгі күнгі жаңартылған білім берудің де алға қойған қағидасының бірі баланы мәжбүрлі емес, білім алуға қызықтыру арқылы білімге деген уәжін арттыру арқылы оқушыны құзыретті тұлғаға айналдыру.

Ыбырай балаларға сабақты өте қызықты түсінікті етіп беруге тырысты. Нәтижесінде молдадан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырай оқытқан балалар небәрі үш айда оқи алатын, орысша, татарша жаза білетін болды. [4-138б.]

Мектеп ашу ісінде, оның білім беру саласында ұстазы, әрі досы Н.И.Ильминскийдің де көп көмегі тиді. Н.И.Ильминский-орыстың белгілі педагогі, оның еңбегінің нәтижесінде Қазан университетінде Шығыстану факультеті ашылған, Бабырнаманы шағатай тілінен аударушы, түрік-татар тілін зерттеуші, кейіннен ислам дінін уағыздаушы деген айыппен академиядан шағарылып, Орынбор шекара комиссиясында аудармашы қызметін атқарып жүріп, Ы.Алтынсаринмен танысады. Кейіннен Қазан білім инспекторының “попечителі” болады.[4] Ильминскиймен хат алысып, әдістемелік жағынан мектеп ашу ісіне қатысты шаруаларды шешуге жәрдемдеседі

Ы.Алтынсарин 1864-1879 жылдар аралығында мектепте мұғалімдік қызмет атқарған., 1879 жылдан,өмірінің ақырына дейін Торғай облыстық мектеп инспекторы қызметін атқарды.

Ы.Алтынсарин ауыл-ауылды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Қарабұтақта, Ақтөбеде, Қостанайда екі кластық орыс-қазақ училищелерін ашты.Қостанайда, Торғайда, Ақтөбеде қолөнер училищелерін ашып, қазақ балаларына тұңғыш кәсіби мамандақ беру ісін қолға алды. Мұнда оқушылар сабын қайнату, тон тігу,тері илеу кәсіптерін үйренді. 1887 жылы Ырғызда қыздар пансионатын ашып, қазақ қыздарына білім алуға мүмкіндік туды.[4-139б.]

Осылайша қазақ даласында көптеген мектептер ірге көтеріп жатты. Мектепте сабақ беретін мұғалімдерді даярлау үшін

1886 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер училищесі де ашылды.

Ы.Алтынсарин халықшыл педагог, бұрынғы қазақ даласындағы білім беруден мүлдем басқа сара жол салғанын байқаймыз. Сол сара жолмен бүгінгі жас буын да білім алуды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет