«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
Орындаған: Ботпаева А.
Тобы: ФӨТҚ(Б)-02-22
Қабылдаған: Турадилов М.У
Шымкент-2023.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
2.1.Студент ұғымы
2.2. Қазіргі студенттің психологиясы
2.3.Психологиялық портрет құру
Қорытынды
«Студент» тeрмині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.
Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға. Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады. Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студeнт белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде сипатталуы мүмкін: психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек. Бұл жақтaрын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы психологиялық, даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты.
Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді. Студенттер-жоғарғы оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.
Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар студенттер интеллектуалды және әлеуметті толысуы үйлескен, әлеуметтік белсенділігі өте жоғары топ болып сипатталады. Студенттердің осы ерекшеліктерінің негізі мұғалімнің әр студентке серіктесі тәрізді, тартымды тұлға ретінде қарап, онда педагогикалық қарым-қатынасты орната білуінде.Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.
Жалпы адам өмірінің осы кезеңдегі дамуы, белгілі бір экономикалық тәуелсіздіктің қалыптасуымен ата-ана үйінен бөлініп жеке отбасын құруымен сипатталатын студент үшін, әлеуметтік-психологиялық зор маңызы бар. Сондықтан осы кезеңде тәрбиленуші жасқа психологиялық күш және үлкендер тарапынан қолдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |