И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


оқылық,  Оқығанды көңілге ықыласпен  тоқылық



Pdf көрінісі
бет142/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

оқылық, 
Оқығанды көңілге ықыласпен 
тоқылық 
(Ы. Алтынсарин).
Бұйрық  рай  тұлғасының  жіктелуіндегі  тағы  бір  ерек- 
шелік  -   бұйрық  рай  формасының  үш  жағына  да: 
-шы,  -ші 
жұрнағы  жалғанып  та  қолданылады.  Ондайда  етістікте  таза, 
бұйрық  мәнінен  гөрі  тілек,  ниет  мәні  басым  байқалады:  мен 
барайын-шы,  келейін-ші,  сен бар-шы, кел-ші, сіз барыңыз-шы, 
келіңіз-ші, ол барсын-шы, кел-сін-ші;  біз барайық-шы, келейік- 
ші, баралық-шы, кел-елік-ші сендер барыңдар-шы, келіңдер-ші, 
сіздер бары-ңыздар-шы келіңіздер-ші, олар барсын-шы, келсін- 
ші.  -Шы,  -ші  қосымшасы  шартты  рай  тұлғалы  етістіктердің 
жіктелген  түріне  де  үстеліп,  шарттылық  мәннен  гөрі  өкініш, 
аңсау  сияқты  мән  үстейді:  мен  барсам-шы,  кел-сем-ші  сен 
барсаң-шы, келсең-ші, сіз барсаңыз-шы, кел-сеңіз-ші, ол барса- 
шы,  келсе-ші,  біз барсақ-шы,  келсек-ші, сендер барсаңдар-шы, 
келсеңдер-ші,  сіздер  барсаңыз-дар-шы,  келсеңіздер-ші,  олар 
барса-шы келсе-ші.
Сөйтіп, осы талдаудан көрінетіндей, бүйрық рай бұл -етістік- 
тің грамматикалық категориясының - рай категориясының бір 
түрі  ретінде өзіндік жіктелу парадигмасы  бар тілдік құбылыс, 
сондықтан  да  оның  11  жақ  жекеше  анайы  түлғасы  сырттай 
түбірмен  ұқсас,  сәйкес  болғанмен,  мысалы,  кел  -  сен  кел,  ол 
екеуі  бір  емес,  тек  омоним  форма,  мағынасы  үш  жақта  бірдей 
емес.  Бүйрық райдың басты мағынасы қимылдың, іс-әрекеттің
147


орындалу -  орындалмауында біреуге бүйыру, тілек ету, түрткі 
болу  сияқты  мәндермен  баиланысты  болса,  бүиыру  мәні  II 
жақта айқын  болады да,  III  жақта бүйыру — өтіну іс-әрекеттің, 
қимылдың  орындалу  — орындалмауына  қозғау  салу  мәні  ба-
ал
әрекетті  өзі  ниет  етіп  орындаитынын  білдіреді  (адам  өзіне-өзі
бүйыра алмайды ғой).
Етістіктің ерекше жіктелетін түрі - қалау рай түлғасы. Қалау
рай түлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тәуелдік 
жалғауы  жалғанып  келді  немесе  келеді  көмекші  етістікпен 
тіркескен  күрделі  етістік)  тәуелдік  жалғау  арқылы  жаққа 
жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі (жіктеу есімдігі) атау
тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.
Менің
Ді
Біздің  бар-ғы-мыз  кел(е)ді,  кел-гі-міз  кел(е)ді,  айт-қы-мыз
кел(е)ді
II.  Сенің  бар-ғы-ң  кел(е)ді,  кел-гі-ң  кел(е)ді,  айт-қы-ң  кел(е)
Ді
Сендердің  бар-ғы-ларың  кел(е)ді,  кел-гі-лерің  кел(е)ді,  айт-
қы-ларың кел(е)ді.
Сіздің  бар-ғы-ңыз  кел(е)ді,  кел-гі-ңіз  кел(е)ді,  айт-қы-ңыз
кел(е)ді.
Сіздердің  бар-ғы-ларыңыз  кел(е)ді,  кел-гі-леріңіз  кел(е)ді,
айт-қы-ларыңыз кел(е)ді
III.  Оның  бар-ғы-сы  кел(е)  ді,  кел-гі-сі  кел-е-ді,  айт-қы-сы
кел-е-ді
Олардың  бар-ғы-лары  кел(е)ді,  кел-гі-лері  кел(е)ді,  айт-қы- 
лары кел(е)ді.
Бұл түрленудің ерекшелігі  сол -  қалау  рай түлғалы  күрделі 
етістіктің негізгі етістігі тәуелдік жалғау тұлғасында (3 жақтың 
бірінде)түрады дакөмекші етістіккел жедел өткен шақ (келді)не- 
месе ауыспалы келер (осы) шақ (келеді) тұлғасында келіп, жіктік
148


жалғаудың 3-жағында айтылады:  келді дегенде нольдік форма, 
келеді  дегенде  -ді  жалғауы -   3-жақ  жіктік  жалғауы.  Сөйлемді 
аяқтап,  тиянақты  етіп  тұратын  предикаттық  (баяндауыштық) 
тұлға,  осы, яғни нольдік формалы я  -ды тұлғалы  3-жақ жіктік 
жалғау  болса  керек,  бірақ  бұл  басқа  жақта  қолданылмайды, 
өйткені  формальды  түрде  оның  (келудің)  грамматикалық 
субъектісі  ретіндегі  сөз  -  тәуелдік  жалғау  арқылы  заттанып 
түрған  -ғы,  -гі,  -қы,  -кі  тұлғалы  негізгі  етістік,  ал  логикалық 
субъект ілік септігінде  анықтауыштық қатынаста жұмсалады. 
Осы қалау рай тұлғалы сөйлем, бұл тұлға баяндауыш болғанда, 
бастауышы болмайтын себепті жақсыз сөйлем деп аталып жүр. 
Шындығында бұнда логикалық субъект (қимылды іске асыру- 
шы) бар, ол 3 жақтың бірінде тұрады, бірақ бастауыш болатын 
атау септігінде емес, ілік септікте болады. Кейде ілік септіктегі 
есімдіктер жақты сөйлем үлгісімен атау тұлғалы болып та ай- 
тылады:  мен барғым келмейді, ол барғысы келмейді, т. б.
Сондай-ақ  -у  тұлғалы  тұйық  етістікке  тәуелдік  жалғауы 
үстеліп,  керек,  қажет,  мүмкін,  тиіс  сияқты  модаль  сөздердің 
тіркесуінен  жасалған  баяндауыштар  да  осы  тәріздес  түрде 
жіктеледі.
I. Менің бару-ым қажет, керек, мүмкін 
Біздің бару-ымыз қажет, керек, мүмкін
II. Сенің бару-ың қажет, керек, мүмкін 
Сендердің бару-ларың қажет, керек, мүмкін 
Сіздің бару-ыңыз қажет, керек, мүмкін 
Сіздердің бару-ларыңыз қажет, керек, мүмкін
III. Онын бару-ы қажет, керек, мүмкін 
Олардың бару-лары қажет, керек, мүмкін.
Қазақ  тілінде  жіктелу  тұлғаларын  темендегідей  топтап  бе-
руге болады.
149


II жақ жекеше, 
көпше________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет