И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет16/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

өлеңмен,  жер,  қойнына,  денең  сөздерінің  жалпы  зат  атауын 
білдіруі  нақты  заттардың  абстракцияланып,  жалпылануы 
арқылы  пайда болып  отыр.  Демек,  бүл тәрізді  грамматикалық 
мағыналар 
сөздердің 
лексикалық 
мағыналарының 
аб- 
стракциялануы,  жалпылануы  арқылы  беріледі.  Сойтіп,  бүл 
-грамматикалық  мағына  білдірудің  семантикалық  тәсілі 
(жолы) екен.
Сүрақ.  Нақты  заттың  аты  немесе  нақты  қимыл  болса;  ол 
лексикалық мағына да, жалпы заттың аты немесе жалпы қимыл 
болса, ол грамматикалық мағына бола ма?
Жауап
үние,  есік,  жер  сөздерінщ
әрқайсысы -  жеке-жеке үғымды білдіретін заттың аты, туғанда, 
ашады, кірер -нақты  қимыл үғымын білдіретін сөздер, сондай- 
ақ төрт, жеті -  нақты санды білдіретін сөздер, ақ, көк, сары -  
заттың  нақты  түсін  білдіретін  сындар,  т.  б.  Атап  айтқанда, 
дүние -   өмір,  тіршілік  (ҚТТС,  III,  204),  есік -   ауыс.  өмірге,  іс
20


пен еңбекке алғаш аттап, қадам басып кіру, араласу (ҚТТС, III, 
453), жер — жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы 
қүры лық (ҚТТС, 14,90) дегендердің осы көрсетілген лексикал ық 
мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ,  эрқайсысы —
 
бөлек-бөлек  заттардың  атауы;  туғанда  -   ана  қүрсағынан 
шығу,  дүниеге  келу  (ҚТТС,  IX,  254),  ашады  -   ауыс,  жабық 
түрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту (ҚТТС, I, 507), 
кірер  -   ену,  келу  (ҚТТС,  V,  411)  дегендердің  осы  көрсетілген 
лексикалық  мағыналарында  ортақтық,  үқсастық  жоқ,  бір- 
бірінен  осы  мағыналары  арқылы  ажыратылады;  төрт — үштен 
кейінгі есептік сан (ҚТТС, IX, 243), жеті -  алтыдан кейінгі сан 
(ҚТТС, IV,  113) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек- 
бөлек;  ақ  -   қардың,  сүттің,  бордың  түсіндей  (қараға  қарама-
(ҚТТС
(ҚТТС
V,  118),  сары,  піскен  егіннің  немесе  апельсиннің түріндей  түс 
(ҚТТС, VIII, 187) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек- 
бөлек,  өйткені  бүлар  әр  түрлі  түсті  білдіреді.  Сонымен  бірге 
бүл  нақты  (лексикалық)  мағыналары  жалпылануы  да  мүмкін. 
Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет