И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет21/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

грамматикалық  магына  және  қатыстық  грамматикалық 
мағына деп үш түрге бөлуге болады.
Сұрақ.  Жалпы  тіл  білімінде,  сондай-ақ  түркологияда 
грамматикалық  мағынаны  бұндай  бөлу  тәжірибесі  бар  ма? 
Грамматикалық  мағьгааны  осындай  үш  түрге  бөлудің  қандай 
теориялық және практикалық негіздері бар?
Жауап.  Жалпы  тіл  білімінде  грамматикалық  мағынаны 
дәл  осындай  үш  түрге  бөлу  тәжірибесі  жоқ.  Қазіргі  қырғыз 
тілінде  грамматикалық  мағынаның  типтері  ретінде  оны  екіге 
бөліп  қарау  тәжірибесі  бар:  бірі  -   жалпы  категориялық 
мағына  және  екіншісі  -   жеке  грамматикалық  магына. 
Жалпы  категориялық  мағынаға,  мысалы,  зат  есімнің  заттық, 
сын  есімнің  сындық,  етістіктің  қимыл-әрекеттік  мағыналары 
яғни  сөздің  әр  түрлі  формада түрленіп  өзгеруінен  емес,  түбір 
білдіретін  және  сөздің  барлық  грамматикалық  формаларын- 
да  бола  беретін  мағыналары  жатады  да,  жеке  грамматикалық 
мағынаға  сөздің  түрленіп  түлғалануы  арқылы  пайда  бола- 
тын  мағыналары  жатады,  сондықтан  бір  сөзде  бір  жалпы 
грамматикалық  мағына  және  бірнеше  жеке  грамматикалық 
мағына болады (Д. К. -  АКТ, 7-8).
Грамматикалық  мағына  жоғарыда  көрсетілгендей,  ең  ал-
дымен,  сөилеу  процесінде  лексикалық  мағынадан  туын- 
дайды,  ягни  лексикалық  мағынаның  жалпылануы  арқылы, 
сөздік  үғымның  жахгпылық-абстрактылық  сипатқа  ие  болуы 
арқылы грамматикалық мағына пайда болады.  Жалпы, сөйлеу 
процесінен  (сөйлемнен  яғни  контекстен)  тыс  грамматикалық 
мағына болмайды. Үй, тас, жасыл немесе кел, т. б. дегендердің 
заттық  және  иелік,  жалпылық  немесе  сындық,  түсті  білдіру
24


немесе  қимылдық,  т.  б.  грамматикалық  мағыналары  сөйлеу 
процесінде әбден қалыптасқан, сондықтан ондай тиесілі мағына 
сөйлемсіз-ақ  ойымызда  тұрақталып  қалган.  Одан  әрмен  сол 
сөйлеу процесінде  сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет