И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


лары; 2) негізгі сөзге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жаса-  латын  аналитикалық  формалар  немесе  сөздің  аналитикалық



Pdf көрінісі
бет60/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

лары; 2) негізгі сөзге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жаса- 
латын  аналитикалық  формалар  немесе  сөздің  аналитикалық 
формалары.
Жоғарыда  баяндалған  мәселенің  негізгі  желісі  сөздің 
синтетикалық  формалары  яғни  сөзге  форма  тудырушы 
қосымшалар  (жалгау,  жүрнақ)  жалгану  арқылы  пайда  болған 
сөз формалары жайында болды.
Сөздің  аналитикалық  формалары  негізгі  сөзге  көмекші
создердщ  тіркесуі  арқылы  оір  грамматикалық  магьша  үстеп, 
сөйтіп,  белгілі бір грамматикалық түрлену жүйесінің бір түрі, 
грамматикалық категорияның бір көрінісі  болып,  жұмсалатьш 
тұлға  ретінде  жасалады.  Етістіктің  аналитикалық  формалары 
туралы Н. Оралбаева былай дейді:  «Сөздің синтетикалық фор- 
масын жасаушы қосымшалар қандай дайын единиңалар болса, 
сөздің аналитикалық формасын жасайтын аналитикалық фор- 
манттар да сондай дайын элементтер. Осы дайын ана литикал ық 
форманттар арқылы сөйлеу кезінде сөйлеуші етістікті сөйлемде 
керегіне  қарай  түрлі  аналитикалық  формада  қолданады. 
Сөйтіп,  аналитикалық  формалы  етістік  сөйлеу  кезінде  тілдегі 
дайын  модель  бойынша  жасалады...  Аналитикалық  формалы 
сөздің  әрқайсысы  белгілі  бір  грамматикалық  категорияның 
формасы екенін көрсетеді. Сөздің аналитикалық формасын жа- 
саушы аналитикалық форманттар -  етістіктің грамматикалық 
категорияларының 
көрсеткіші. 
Олар 
арқылы 
жасалған
58


аналитикалық  формалы  етістіктер  де  сол  категорияның  пара-
НІ
дигмасына енеді» (О.- КҚАФ,  15-16).
Әрине,  негізгі  сөзге  тіркескен  көмекші  сөздің  бәрі  бірдей 
сөздің аналитикалық формасын жасай бермейді. Мысалы есім, 
еліктеу сөздерге тіркескен көмекші етістіктер сөздің (етістіктің) 
аналитикалықформасынжасамайды:баянетті,шаретті,әңгіме 
қы лды , т. б. күрделі сөздердегі ет, қы л көмекші етістіктері әрі 
сөз тудырушылық (сөзжасам)  мәнде,  баян,  шар,  әңгіме деген 
сөздерді қүранды етістікке айналдырып түр, әрі оған қимылға 
қатысты  грамматикалық  мағыналар  үстейді.  Сөйтіп,  бүл 
жердегі  көмекші  етістіктер  әрі  сөз  тудырушылық  (сөзжасам), 
әрі  форма  тудырушылық  қызметті  бірдей  атқарып  түр, 
сондықтан баян етті -  баяндады, шар етті — шарылдады, әңгіме 
қылды -  әңгімеледі сөздерінің баламасы ретінде жасалған. Де- 
мек,  бүл  жерде  көмекші  етістіктер таза грамматикалық мәнде 
қолданылмаған.  Сондай-ақ  радио  арқылы,  оқушы  тура- 
лы ,  оқытуш ы  жөнінде  сияқты  негізгі  сөзге  шылау  сөздердің 
тіркесуі  де  сөздің  аналитикалық  формасы  бола  алмайды. 
Өйткені  шылаулар  тіркескен  сөздер  грамматикалық  жағынан 
түрақты емес, біріншіден,  оның басыңқы компоненті бар екені 
байқалып түрады:  радио арқы лы   естідім (тыңдады), оқушы 
туралы   айтып  берді (соз қозғады), оқушы жөнінде тіс жар- 
мады (айтты), т. б.  екіншіден, бүл тіркес аналитикалық форма 
болу  үшін  белгілі бір түрлену жүйесінің түлғалық  көрсеткіші 
(түрі)  болу  керек.  Шылау  тіркескен  сөздер  ондай  қасиетке  ие 
бола алмайды.
Етістіктің аналитикалық форманттары мына сияқты етістік 
категориясымен байланысты көрсетіліп жүр:
а)  қимылдың  өту  сипатына  байланысты,  мысалы,  келіп 
қалды  -   қимылдың  кенеттен  жасалғанын,  келе  қалды,  келе 
қойды -  қимылдың ойда жоқтан  жасалғанын,  келіп  қойды -  
қимылдың  жасалып  кеткенін,  келе  салды  -   қимылдың 
немқүрайды жасалғанын, келе  берді - қимылдың қайталанға-
59


нын,  келіп  жүрді  -   қимылдың  үзіліспен  үзаққа  созылғанын, 
келіп  алды  -   қимылдың  өзі  үшін  жасалғанын  білдіреді. 
Сондай-ақ  қимыл  тәсілін  білдіретін  (көрмеген  бол,  қүлай 
жаздады  ,т.  б.),  қимылдың  даму  сатысын  (фазасын)  білдіретін 
(мақтай бастады, айтып сала берді, көріп келе жатты) және мо- 
даль мағыналы (айта алмады, сыйлай білмеді, айтқалы келді, т. 
б.), ашық рай (осы шақ, өткен шақ келе жатыр, айтқан екен т. б.), 
қалау рай  (барғысы келеді,  айтса игі  еді),  болымсыз  етістіктің 
(сөйлеген емес, келген жоқ, т. б.) аналитикалық формаларын да 
көрсетуге болады (О. -  ҚҚАФ, 72-135).
Сөздің  аналитикалық  формасына  сын  есімнің  күшейтпелі 
түлғасы  да  жатады.  Біріншіден,  күшейтпелі  буындардың 
үстелуі не қосымша, не префикс, не артикль сияқты түлғаларға 
жатпайды,  мүнда  жартылай  қайталау  бар.  Сондықтан  үстеме 
буындар  көмекші  сөздер  мәнінде  қолданылады.  Сонымен 
бірге  күшейтпелі  (асырмалы)  шырай  түлғасын  жасайтын 
күшейткіш үстеу деп аталып жүрген өте, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет