Байланысты: isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda
§ 1. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ Тілдегі негізгі грамматикалық үғымның бірі — граммати-
калық категория. Грамматикалық категория деген үғым, бір
жағынан, грамматикалық мағынамен де, грамматикалық фор-
мамен де байланысты, екінші жағынан олардан күрделі болып
келеді.
Сүрақ. Грамматикалық категория үғымының мәні барлық
зерттеулерде біркелкі, бір түрғыдан анықтала ма?
Жауап. Грамматикалық категория деген үғым барлық
зерттеулерде біркелкі түсініле бермейді. Грамматикалық
категорияның сан сырлы сипатын түбегейлі түсіндіруде пікір
айырмашылықтары да байқалып отырады. Кейбір еңбектерде
грамматикалық категория тек грамматикалық мағына деген
үгыммен қатысты ғана беріліп, сөздердегі нақты лексикалық
мағынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін
мағына ден анықталады (СРЯ,
136). Сондай-ақ «тілдегі өзіне
тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамма-
тикалық магына грамматикалық категория деп аталады».
(Ы.