Байланысты: isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі әр тілде әр түрлі
қызмет атқарады. Қазақ тілінде ол (сөздердің орын тәртібі) -
грамматикалық мағына білдірудің негізгі бір жолы болып табы-
лады. Сондықтан да сөйлемде сөздердің (сөйлем мүшелерінің)
белгілі түрақты орын тәртібі бар. Ол орын тәртібінің өзгеруі
белгілі бір мән үстелумен байланысты болады. Мысалы,
Тарт қолыңды Вьетнамнан! (Әдеттегі орын тәртібі - Вьет-
намнан қолынды тарт) деген сөйлем үлкен бір жігермен ай-
тылады да, орын тәртібінің өзгеруі (инверсия) белгілі бір
стильдік жүк котеріп түр. Создердің орын тәртібінің өзгеруі
олардың грамматикалық мағыналары мен сөздер арасындағы
синтаксистік қатынастардың мүлдем өзгеріп кетуіне де се-
беп болады. Мысалы, қалта сағат (сағаттың қалтаға салып
жүретін бір түрі), көз әйнек (көзілдірік яғни көзге салатын
әйнек), біз өкше (үшкір биік өкше), мосы ағаш (мосы жасайтын
ағаш) тәрізді тіркестер бір түрлі мәнде қолданылса, олардың
орнын ауыстырып жүмсағанда, басқа мағынада және басқа
синтаксистік қатынаста айтылады: сағат қалта (сағат салуға
арналып тігілген қалта), әйнек көз (шыныдан салынған жасан-
ды коз), екше біз (жуан біз яғни ағаш шегені өкшеге қағу үшін