И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


I бөлім СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

I бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіл  -   қоғамдағы  адамдар  арасындағы  аса  маңызды 
қатынас  құралы  болғандықтан  да,  ол,  бір  жағынан,  ойлау- 
мен,  екінші  жағынан,  сол  арқылы  санамен,  үшінші  жағынан, 
қоғамдық  өмірде  белгілі-белгілі  қызметтер  (коммуникативтік, 
эстетикалық-экспрессивтік,  т.б.)  атқаруымен  және  дыбыстық 
материалға  негізделуі,  оньщ  белгілі  мәнге  ие  бола  алуымен 
байланысты  болып  келеді.  Тіл,  ең  алдымен,  ойды  жарыққа 
шығарып, жетілдірудің қүралы болу арқылы ойлаумен тікелей 
байланысты.  Сондықтан  тілдің  негізгі-негізгі  деген  единица- 
лары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады. 
Мысалы,  сөз үғымды  білдіріп,  соның тілдік көрсеткіші болса, 
ойды  білдірудің бірден-бір тілдік  көрінісі  сөйлем  болып  табы- 
лады. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы объективтік 
әлем,  шындық  туралы  адамның  санасын  үйымдастырып 
қалыптастырады,  олардың  арасындағы  әр  түрлі  байланы- 
стар  мен  қатынастарды,  олардың  сан  салалы  бөлшектері  мен 
түтастықтарын, ондағы жүйелер мен заңдылықтарды адам сана- 
сына үялатып, есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келген- 
де де тіл бірдеңені үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің, 
тіпті  абстракты  түрде  ойлаудың  қүралы  да  болып  табылады. 
К. Маркстің «Тіл де сана сияқты өте көне қүбылыс», -  деуі осы- 
дан  болса  керек.  Міне,  осы  қасиеттердің  барлығы  тілдің 
қоғамдық  қызметтері  -   коммуникативтік,  эстетикалық- 
экспрессивтік қызметтері арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет