жағынан, өзінен бүрынғы еөздің ілік септік түлғасында (кейде
жасырын түрде) түруын талап етсе, екінші жағынан, тәуелдік
жалғауы және жақтьщ ерекшелігі негізінде ілік септікті сөздің
семантикасымен бір жақты байланысып түрады, ал ілік септігі
өзі жалғанған сөзді анықталушыға бағындыра байланысты-
рып, оның (анықталушы сөздің) тәуелдік жалғауында түрады.
Кейбір сөздердің қүрамында тәуелдік жалғау өз мәнінен
айрылып қалғандығын көреміз. Сыйлау, еркелету, кішірейту
мәнінде қолданылатын, не сондай қосымшалардың қүрамында
кездесетін кейбір түлғалар тарихи жағынан тәуелдік жалғау
болған деген пікір бар: көке-м, жарығ-ым, Қож-еке-ң, Байж-
еке-й, апа-сы-ау, әке-сі-ау, т. б. Бірақ бүлар қазір тәуелдік
жалғау деп түсінілмейді. Сондай-ақ «өзінің әуелгі қызметі
мен
мағынасынан
бірте-бірте
алыстай-алыстай
келіп,
бастапқы жақтық мағынасынан да, оның көрсеткіші (фор-
масы) болу қабілетінен де біржолата айрылып, тек солардың
қалдық-сілімтігі ретінде ғана сақталып, көнеленген формалар
есебінде жүмсалып жүрген кейбір сөздер мен тіркестер де осы
қағидаға айғақ бола алады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: