Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Модель құрудың негізгі кезеңдері. Формальдау



бет41/44
Дата17.04.2022
өлшемі1,94 Mb.
#31253
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Ы., Байм саева А. Б. Информатиканы теориялы негіздері

7.2 Модель құрудың негізгі кезеңдері. Формальдау



Модель құруды неден бастау қажет? Біріншіден модельдеу мақсаты тұрғысынан объектіні талдау кажет. Бұл сатыда объектінің модельдеу субъектісіне таныс барлық касиеттері қарастырылады. Объектінің көптеген қасиеттері мен белгілерінің арасынан модельдеуде бейнеленуге тиісті қасиеттердің нақты болуы мүмкін.

Модельдеу мақсаты анықталған соң - модельдеу мақсаты тұрғысынан модельдеуші объектінің нақты белгілерін айкындау қажет.

Бұл белгілердің:


  • объектінің сыртқы түріне;

  • объектінің құрылымына;

  • объектінің күйіне қатысы болуы мүмкін.

Модельдеу мақсатының түрліше болуына байланысты барлық жағдайлар үшін белгілерді, қасиеттерді, қатынастарды ерекшелейтін бірдей белгіленген тәсіл қазір жоқ.

Накты белгілердін дұрыс және толык ерекшеленуі құрылған модельдеудің берілген максатына сәйкестенеді, яғни оның модельдеу мақсатына адекваттылығына тәуелді болады. Модельдің адекваттылығы модельдеу объектісінде нақты ерекшеленген белгілердің қандай да бір формада бейнеленуіне тәуелді болады. Адекваттылық - модельдеудің негізгі түсініктерінің бірі.

Модельдеу объектісінің ерекшеленген белгілерін ұсыну формаларын таңдау - модельдеу практикасының келесі сатысы болып табылады. Модельдерді ұсынуда формалаудың: сөздік сипаттама, сызба, кесте, формула, схема, алгоритм, компьютерлік бағдарлама сиякты түрлерінін қолданылуы мүмкін.

Объектінің ерекшеленген касиеттері мен белгілерінің бейнелеу формасы таңдалынған соң, таңдалған формадағы ерекшеленген қасиеттерге байланысты формалдау жұмысына кірісу кажет.

Формалдау процесі, мысалы математикалық модель бұйымның жиналу сызбасын құруда өзіндік ерекшеліктері мен сатыларына иелік етеді. Формалдау сатысынын нәтижесі ақпараттық модель болады.



Модельдеу процесін аяктау туралы айтпас бұрын құрылған модельдің модельдеу мақсатына және объектіге адекваттылығын тексеру қажет. Құрылған модельде мақсатқа сәйкес кайшылыктар кездессе сызбаны түзету, бағдарламаға өзгерістер енгізу, колданылатын формулаларды нақтылау әрекеттерін орындап, модельдің дәлдігін кайта тексеру қажет. Алынған модельдің модельдеу объектісінің бейнелену адекваттылығына талдау жасап, модельдеу мақсатына жету -модельдеудің соңғы сатысы. Модельдеу сатыларының арасындағы өзара байланысы 32-суретте көрсетілген.


Сурет 32. Модельдеу сатыларынын арасындағы

байланысты көрсету схемасы
Қазіргі кезде әрбір жағдайда объектінің кандай белгілі касиеттерінің нақты қасиет ретінде карастырылатыны туралы әмбебап анықтамалық ереже жок.

Модельдеу шарты мүмкіндік берсе түрлі қасиеттерінің кұрамымен бірнеше модельдер құрып, олардың объектіні модельдеу мақсатына адекваттылығын бағалау қажет.

Формалдау - модельдеу объектісінің накты қасиеттері мен белгілерін таңдалған формаға келтіру.

Акпараттык модельдерді бейнелеу формасының сөздік сипаттама, кесте, сурет, алгоритм, сызба түрінде болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет