“Сөз шеберлері” байқауының облыстық кезеңіне арналған тақырыптар тізімі:
Қазақ тобы 1. Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің негізінде «пайда ойлама, ар ойла»; 2. Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы бойынша «қанағатшыл» болудың артықшылығы; 3.Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» 4.М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы негізінде «Туады ерлер ел үшін»; 5. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»повесі бойынша «Отбасы - тәрбие ошағы»; 6.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі бойынша «Адамгершілік – өнер мұраты»; 7.Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі бойынша «Баланың ата-ана алдындағы перзенттік борышы»; 8. О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі кейіпкерлердің өмірлік ұстанымын қалай бағалайсыз? 9. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша «Әке – балаға сыншы» тақырыбында сөйлеңіз. 10. "Ел болам десең, бесігіңді түзе": Зере әже мен Ұлжан аналарымыздың ұлы тұлғаларды тәрбиелеудегі өнегесі