Өзге ұлт тобы
1. Еңбең етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ы.Алтынсариннің әңгімелері негізінде;
2. Адам табиғаттың досы ма, дұшпаны ма? «Көксерек» әңгімесі негізінде; 3. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы негізінде; 4. Жаман достан жау артық. «Менің атым – Қожа» повесі негізінде; 5. Заманауи Өнер-білімнің адамзатқа әкелер пайдасы. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі негізінде; 6. Болашақ – жастардың қолында. М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі негізінде; 7. Менің үш бақытым. М. Мақатевтың «Үш бақытым» өлеңі негізінде. 8. Қыстың қамын жаз ойла. "Шегіртке мен құмырсқа" мысалы негізінде; 9. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы. Абайдың “Он жетінші қара сөзі” негізінде; 10. Адамның жақсысы мен жаманы. «Аяз би» ертегісі негізінде;
V. «Әнші-бұлбұлдар» байқауы 1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсету сайысы.
2. Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және дарынды қазақ тілі жанашырларын, жас буын өкілдерінің арасынан тілді терең меңгергендігін анықтау, оларды таныту.
3. Шарттары:
- Қатысушылар қазақ әндерінің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындай алуы керек. - Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады. - Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек. -Оқушы конкурстық әндер айтуы керек. Той әндері, т.б., әндер қабылданбайды. - Домбыра, т.б., ұлттық аспаптармен ән орындауға рұқсат етіледі - «Әнші-бұлбұлдар» байқауы бойынша бағалау ұпайлары: