Жазушы серік асылбекұлының ӘҢгімелері



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі153,45 Kb.
#6450

Т.С. ТЕБЕГЕНОВ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 

Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. д., профессор 

ЖАЗУШЫ СЕРІК  АСЫЛБЕКҰЛЫНЫҢ  ӘҢГІМЕЛЕРІ

Аннотация

Қазіргі   қазақ   прозасы   –   әлем   өркениеті   кеңістігіндегі   классикалық   әдебиеттер

деңгейіндегі   көркемдік   сипатымен   танылған   рухани   құндылығымыз.   Әуелгі   көркемдік

бастау негізі  ауызша халық прозасы үлгілері (күлдіргі әңгімелер, ертегілер, аңыздар, т.б.)

болып   саналатын   жазбаша   әдебиеттің   жанрлары   XIX   ғасырда     және   қазіргі   кезеңде

көркемдік сапасы жағынан кемелдене дамыған өрнектерімен ерекшеленеді. 



Кілт   сөздер:  проза,   классикалық   әдебиет,   рухани  құндылық,   халық,   жазба

ескерткіштер.



Ключевые слова: проза, классическая литература, духовная

ценность, народ, письменные памятники.



Keywords: prose, classic literature, spiritual, value,people, writing monument.

Қазақ  прозасының  жазбаша  әдебиет  арнасындағы  қалыптасуы,  дамуы  жолында

Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  «Тарихи-и  Рашидиін»,  Шоқан  Уәлихановтың   ғылыми-

әдеби эссе-очерктерін, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін, хакім Абай Құнанбайұлының

философиялық-психологиялық 

талдау-қара 

сөздерін,

 одан 


кейінгі 

Шәкәрім


Құдайбердиевтің    «Әділ-Мария»  романын,  әңгімелерін,  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың

«Қамар  сұлу»  романы  мен  «Ауырмай  есімнен  жаңылғаным»  әңгімесін,    Міржақып

Дулатовтың    «Бақытсыз  Жамал»  романын  есімізге  аламыз. «Қазақ  прозасы»  атауымен

әлем  әдебиеті  құрамындағы  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  рухани  құндылықтар

қазынасы болып саналатын мұралар қатарында, әрине, әдебиет алыптары туындыларының

үнемі  әуелі  ауызға  алынуы  –  табиғи  заңдылық.   XX  ғасырдағы  қазақ  прозасының

классикалық  жазба  әдебиет  сипатын  оқырмандарға  ұқтырған  туындылар   жазған

қаламгерлер  орта,  арнаулы  орта,  

 жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу

бағдарламаларынан, оқулықтардан, оқу құралдарынан тұрақты орын алды. 

Қазақ әдебиетінің классикалық деңгейде  қалыптасып, дамып, ұрпақтарға сөз өнерінің

құдіретін  ұғындыру  қызметін  атқарған  аса  жемісті  кезеңі  –   XX  ғасыр.  Жүсіпбек

Аймауытов, Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит

Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов,    Ғабиден  Мұстафиннің  және  олардан  кейінгі  толқын



қаламгерлердің  туындылары  өмір  шындығын   көркемдік-эстетикалық   дүниетанымға

негізделген көркем шындық поэтикасы аясында түсінуге әсер етті. 

Қазақ  сөз  өнеріндегі  прозалық  шығармалар  жазу  үрдісіне  XX  ғасырдың  80-жылдары

жарық  көрген  туындыларымен  үлес  қосқан  қаламгерлер  қатарында  жазушы  Серік

Асылбекұлы  шығармашылығы  да   даралана  бағаланады.  Себебі  оның  жарық  көрген

прозалық  кітаптарындағы  («Кешігіп  қайтқан  тырналар», 1981; «Оттан  да  ыстық  өмір»,

1984;   «Мұғалімдер  күні»,   1986;   «Зимние  каникулы»,1989;   «Прощальный  бал»,1993;

«Сағыныш»,1994;  «Ата  жұртта»,1996;  Шығармалары,  1-2-томдар,  2008)  әңгімелері  мен

повестерін [1,32-б.], [2,7-396-бб.], [3,7-308-бб.] оқырмандар жылы ықыласпен қабылдады.

Жазушы  шығармаларының  мыңдаған,  миллиондаған  оқырмандарға  таралып,  ықыласпен

оқылып,  адамдардың  көңілдерін 

 баурағаны  –  сөз  өнерінің  тарихи  қызмет

атқарғандығының көрсеткіші. 

Қазақстан  Жазушыларының  9  сьезінде  (1986  жыл  10-11  сәуір) «Ғылыми  техникалық

прогресті  жеделдетудегі  әдебиеттің  міндеттері»  тақырыбына  жасаған  Олжас

Сүлейменовтің  баяндамасында   қазақ  прозасының  тарихи-мәдени  үдерістегі  жетекші,

ықпалды қызметіне лайықты баға берілді:

«Бүгінгі таңда  проза біздің тіл өнеріміздің жетекші жанрына айналып отыр. 

Ал Әуезовтің, Мұқановтың, Мүсіреповтің, Мұстафиннің, Аманжоловтың басты-басты

шығармаларында  өзінің  негізгі   бедер-бітімімен  қазақтың  жазба  прозасының  тілі

қалыптасты. Қуатты эпикалық   дәстүр орыстың классикалық романы мектебінің дәстүрін

бойына сіңіре келе айрықша қысқа мерзімнің ішінде бүгінгі күні – «Қазақ прозасы» деп

атауға әбден болатын сапалық жаңа құбылысқа ұласты. Оның үздік туындыларында   екі

дәстүрдің біте қайнасқан жанды байланысының белгілері менмұндалап тұрады. Ал назар...

шығармалардан төл прозамызды тек тілге қарап  ажыратып аламыз» [4, 274-275-бб]. 1997

жылы 12 маусымда «Мұғалімдер Күні» атты повестер мен әңгімелер жинағы үшін Серік

Асылбековке  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  сыйлығы  берілді»   [3,   289-б].  Демек

жазушының  прозалық  туындыларының  көркемдік-эстетикалық  деңгейі  оқырмандар

ықыласына ие болып, қазақ сөз өнерінің ұрпақтарды тәрбиелейтін  қызметін атқарып келе

жатқандығын байқатады. 

Жазушының әңгімелері («Қоңыртаудың басында бір топ жусан», «Сағыныш», «Қысқы

каникул», «Мектеп бітіру кеші», «Алдош-Алданыш-Алдекең», «Сарықыз», «Жетінші «А»-

ның  «бикеші»,   «Шеше»,   «Үшқара»,   «Үлкен  қаладағы  кішкентай  оқиға»,   «Есекең»,

«Бөтеннің тойы», «Кездесу», «Ақиін», «Әдебиет пәнінің оқытушысы», «Мұғалімдер күні»

[2,7-232-бб.], «Атажұртта», «Қарашадағы үйлену тойы», «Назқоңыр», «Орайы келген іс»,

«Мейман»,   «Бақыт»,   «Бүкіләлемдік  тартылыс  заңы»,   «Ыза»,   «Тұқым»,   «Алтыбақан»,

«Шер  тарқату», «Күнбағыс  алқабы», «Алтынсары», «Жезкиік» (киносценарий) [3,7-308-

бб.] – уақыт пен кеңістіктегі сан алуан тақырыптарды сыршыл лирикалық романтикалық

және  психологиялық-философиялық  сарындар  тұтастығымен  бейнелеген  сипатымен

ерекшеленеді. 

Жазушы әңгімелеріндегі  кейіпкерлер – ауыл адамдары. Қазақ халқының сан ғасырлар

бойы  ата-бабаларымыздан   кейінгі  толқын  ұрпақтары   ұласып  келе  жатқан  игі,  ізгі

дәстүрлерді жалғастырушылар. 


Жазушының  прозалық  шығармаларын  оқып  отырып,  туындылардың  көркемдік  мәнін

айрықша  сезінеміз.  Әдебиет  тектері(эпос,  лирика,  драма)  құрайтын  жанрлар  жүйесіндегі

шығармаларды мәңгіліктендіретін  мыңдаған, миллиондаған оқырмандарының жүректерінен

орын алатыны осы көркемдік мәнге байланысты екендігі ақиқат. Академик Зәки Ахметовтің

осыған байланысты айтылған пікірі жазушы Серік Асылбекұлы туындыларының поэтикалық

табиғатын тануға бағдарлайды:

«Әдебиеттің  көркемдік  мәні  –  сөз  өнерінің  бейнелілік  құдіреттілік  қасиетінен

туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты

сипатының  бірі.  Әдебиеттің  қоғамдық  маңыздылығы  оның  танымдық-тәрбиелік  және

көркемдік  мәніне  негізделеді.  Сондықтан  көркемдік   қасиетінің  мол  болуы  -  әдебиетке

қойылатын басты талаптың бірі. Көркем, әдемі, тартымды болып келмесе, ешбір шығарма

құнды, ұнамды болып танылмайды. Жалпы көркем әдебиетке қойылатын бірден-бір шарт

–  көркем  туындылардың  көңілге  қонымды,  шебер  қиыстырылған,  тапқыр,  өткір  болып

келуінде.   Сұлу  сөз,  сұлу  тіркес,  көркем  ой  прозада,  өлеңде  болсын  эстетикалық  ләззат

беретін,  өрнегі  жағынан  сүйсіндіретін  болып  келуі  қажет.  Көркемдік,әдемілік  –

эстетикалық  категория.  Демек   шын  мағынасындағы  көркем  шығарма,  шебер  пішілген

туынды  сезімді  оятып,  көңілді  сергітпек,  сонан  барып,  адамның  рухани  жағынан

жаңғыруына,  баюына  апармақ,  бұл  –  нағыз  жан  тәрбиесі,  көңіл  қанағаты.  Әдебиеттің

көркемдік  әсері,  ықпалы  болмаса,  қызығарлық,  қызықтырарлық,  баурап  әкетерлік

өтімділігі,  сұлулығы  болмаса,  оны  көркем  әдебиет  деп  айтудың,  оған  табынудың  қажеті

болмас еді» [5, 50-51-бб.].  

Осы  қисындар  тұрғысында  қарағанда,  жазушы  Серік  Асылбекұлының  прозалық

шығармаларының  көркемдік сипаты сөз өнері поэтикасының классикалық заңдылықтары

аясында  айқындалады.    Ең  бастысы  –  жазушы  кейіпкерлерінің  көркем  шындық

поэтикасымен  сомдалу  ерекшеліктері.  Жазушының  әңгімелеріндегі   кейіпкерлер  қазақ

халқының  ата-бабаларымыздан  сақталған  мінез-құлық  психологиясына  тән  қасиеттер

дәстүрін  сақтау,  атамекенді,  туған  жерді  сүю,  мәрт,  тұрлаулы  мінез,  қонақжайлылық,

жомарттық,  аңқаулық,  байсалдылық,  жайбарақаттық,  күйгелектік,  т.б.)  сақтаған   табиғи

болмыс-бітіммен  көрінеді. Жазушы  әңгімелерінің  сюжеттік-композициялық   желілерінде

тағдырдың  сан  алуан,  сапырылысқан  қайшылықтарының,  сәттіліктері  мен  сәтсіздіктері

егізделе   өрілген тіршілік қозғалысында   жүріп, тауқымет теперіштерінің   талайын көрсе

де  өмір  жолындағы  қызықты,  сәулелі  сәттерінен  қуат  алып,    бақиға  аттанғанға  дейін

фәнидегі  жақсылық  атаулыдан  рухани-эстетикалық  ләззат  алумен  өтетін  адам  жан  ділі

әлемінің күрделі, қатпарлы сырлары ашылады. 

Әйелі  он  бір  құрсақ  көтеріп,  бірақ  солардың  бәрі  әртүрлі  себептермен  өмірден  ерте

кетіп,  тек  жалғыз  қызы  ғана  қалған,  фәниден  бақиға   аттанар  сәтінде  де  туған  жерге,

атамекенге   арналған өмір бойы сүйіп тыңдаған «Қоңыртаудың басында   бір түп жусан»

әнін  қайта-қайта  балдызы Жайлыбайдың баласы Елтайға айтқызған, өзінің бабасы Алмат

батырдың  жанына     жерленуін,  қонақасысына   ала  қоңыр  өгізді  союын,  жаназасына

кімдерді  шақыруын  т.б. –  бәрін  де  тәтпіштеп  тапсырып, «...тағдырына  айтар  еш  өкпесі

жоқ кісіше өзі көптен сарыла күтіп жатқан о  дүниесіне жым-жырт, үн-түнсіз жүріп кетті»

[22-бет] деп эпикалық баяндаумен бейнеленген ҚАЗАҚ ШАЛЫ  – халқымыздың ғасырлар

бойы  сақталып,  бүгінге  жеткен,  енді  болашаққа  ұласатын   ұлттық-халықтық  келбетін

көркемдік-эстетикалық тағылыммен көз алдымызға елестетеді. 



Жазушы  Серік  Асылбекұлы  әңгімелерінде   қазақ  отбасы  әулеттеріндегі  ата  мен  әже,

әке мен шеше бейнелері – кең байтақ даламыздың мыңжылдықтар бойы қалыптасқан аса

мәртебелі, киелі халықтық-ұлттық қасиеттерін көркем шындық поэтикасымен тартымды,

әсерлі жинақтау бейнелеуімен ерекшеленеді.   Атасы мен әжесінің жанында өсіп, ержетіп

қарттардың  тәлім-тәрбиелік  ықпалымен  адамгершілік-имандылық   ұлағат  қасиеттерін

жан  ділі  әлеміне  сіңіріп  өсіп  қалыптасып  келе  жатқан   бала  кейіпкерлер  де   қосыла

бейнеленетінін  оқимыз.  Балаларының  және   олардан  өсіп-өнген  немерелерінің  ғана

қамымен  тұрмыс  қызықтарын  да,  қиыншылықтарын  да   бастарынан  өткізген,  бірақ  сол

қызметтерімен  жаңа  ұрпақты  өсіру,  тәрбиелеу  міндеттерін  абыроймен  атқарған

аталарымыз бен әжелеріміз – ұлттық құндылықтарымыз. 

Он бір құрсақ көтеріп, бірақ солардан тірі  қалған жалғыз перзенті – қызының тілеуін

тілеп  отырған  ата  мен  әженің,  ақсақалдың  жалғыз  балдызы  Жайлыбайдың  ұлы  Елтай

(«Қоңыртаудың  басында  бір  түп  жусан»);   есін  білгелі  атасы  мен  әжесінің  үйінде   өсіп,

әжесі  қайтыс  болғаннан  кейін  қаладағы  ағасы  мен  жеңгесінің(әкесі  мен  шешесінің)  көп

қабатты  үйдегі  жайлы  пәтерінде   тұрса  да,    қайтыс  болған  әжесін,    есін  білгелі  Жан

дүниесін  баураған  Қосқұдық  ауылын  сағынған  Жасұлан(«Сағыныш»);    каникул

күндерінде     туған  үйіндегі  әкесі  мен  шешесінің  жанындағы,  ұйқысы  қанық,  ойынның

қызығына  берілген  Таңат  [2,7-40-бб];  ауылдың,  атажұрттың,  арғы-бергі  тарихының

шежірешісі,  ел,халық  тағдырына  алаң  көңілді   ақылман  қарт  Өскенбайдың  батасынан

қуаттанған  Қорғанбек  («Атажұрт»);  тұрмысқа  шыққан  қыздарының  (Гүлжәмилә,

Нұржәмилә), совхоз орталығында тұратын үйлі-баранды екі ұлын, танымайтын  бір қызды

бұзақылардан 

 қорғаймын  деп  жазықсыз 

 оқудан  шығу  қаупінен  Алматыдағы

медициналық  институттағы  ұлы  Асқардың  барып  жағдайын  оңдаған  Күздібай

қарт(«Әке»);  көздеген  мақсат  жолынан  айнымайтын,  өзіндік  шешімін  орындамай

қоймайтын өжеттік, бірбеттік қасиеттері тұқымына дарыған Айдарбек қарт пен оның өзі

қалаған  қызға  үйленуі  де,  қызмет,  кәсіп  іздеп  қарт  әкесінің  келісімінсіз  қалаға  кеткен

Қорғанбек(«Тұқым») [3,7-181-бб] – бәрі де өмір шындығы аясында   сомдалған реалистік

әдеби кейіпкерлер.  Қазақ отбасыларының ежелгі замандардан бері негізгі ұйытқысы - ата

мен әже, әке мен шеше. Ұлдарын үйлендіріп,  қыздарын айттырылған жақтарына  ұзатып,

солардан  өрбіген  немерелерін,  шөберелерін  қызықтап,  фәниден  өткенше  адамгершілік-

имандылық  тәлім-тәрбиесі  ұлағатын  ұғындырумен  өтетін  ата-ана  тәрбиесінің  қуатты

ықпалымен 

 қазақтың  халықтық-ұлттық  жан  ділі  болмысы  сақталды.  Аталған

әңгімелердегі   қазақ  отбасыларындағы  ата  мен  әже,  әке  мен  шеше  тәлім-тәрбиесінің

болмысы олардың балаларымен, немерелерімен қарым-қатынастағы сөйлеген сөздерімен,

іс-әрекеттерімен  табиғи  бояулы  болмысымен  өрнектелген.  Қазақ  отбасыларындағы

аталар  мен  әжелердің,  әкелер  мен  шешелердің  атамекендерін-атажұрттарын,  ауыл-

аймағын  ардақтаған 

 ұстанымдарының  перзенттерінің  жан  діліндегі  азаматтық-

отаншылдық  сезімдерін  қалыптастырып  нығайтатыны,  ата-бабаларды,  ағайынды,  ел-

жұртты,даланы,  әдет-ғұрыпты,  салт-дәстүрді  ұлықтау  көзқарастары  ұрпақтарға

жалғастыруға әсер ететіні - әңгімелердегі аталған кейпкерлер арқылы түсіндірілген. 

Жазушының бірқатар әңгімелерінде   қазақ ауылдарындағы   орта мектептер тұрмысы,

ондағы  педагогикалық-психологиялық  хал-ахуал,  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігі  мен

азаматтық  дүниетанымы,  т.б.  сан  алуан  мәселелері  қамтылады.  Ауыл   мектебінде   білім

алып  жатқан  оқушы   шәкірттердің  балаларға  ортақ  психологиялық  ой-өріс  жағдайы,



мұғалімдермен  қарым-қатынастары,  мектеп  бітіргеннен  кейінгі  еңбекке  орналасуы,  оқу-

білім  алуға  талпынуы,  әрқайсысының  өзіндік  мінез-құлық  психологиялық  ерекшеліктері

де   дараланған.  Орта  мектептегі  бастауыш,  орталау,  жоғары   сыныптар  оқушыларының

жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  дүниетанымы,  өздерін  қоршаған  қоғамдық-әлеуметтік

ортамен  қарым-қатынастары  да   көркемдік-эстетикалық  шешіммен  берілген.  Орта

мектепті  бітіруші  бозбалалар  мен  бойжеткендердің   жүректеріндегі  бір-біріне  арнаған

алғашқы  мөлдір,  пәк   сезім  өрнектері  «Мектеп   бітіру  кеші»  әңгімесіндегі   Нұраштың

сыныптасы  Бибіжан  екеуі  арасындағы   күнәсіз,  балалық,  мөлдір  сезім  өрнектерімен

дәлелденген.    Мектеп  бітірушілердің   білім  берген  ұстаздарымен(Рақат  Жағыпарович,

Майя  Дмитриевна),  он  жыл  білім  алған  мектебімен  қоштасып  жатқан  шәкірттердің  -

бәріне ортақ қуанышты әсерлі  көңіл-күй идеялық-көркемдік тұтастықпен бейнеленген:

«Түн  ортасы  ауып  кеткенмен,  ауыл  әлі  ояу.  Ауыл  думан   құрып  жатыр.  Ауыл  той

тойлауда. Дария жиекті жағалай салынып жатқан жаңа құрылыс жақтан сызылған гармонь

үні  келеді құлаққа. Ара-тұра оны жастардың көңілді күлкілері, абыр-дабыр үндері көміп

кетеді.  Әуе  сондай тұнық:  салқын жерде бабымен ұйыған қатықтай  боп дірілдеп тұр»

[2,47-б.].Әңгіме кейіпкері мектеп бітіруші  бозбала Нұраштың   өзін шынайы көңілімен,

бойжеткен қыз сезімімен ғашық боп жүрген сыныптасы  Бибіжанмен арадағы күнәсіз, пәк

махаббаттың басталуы да, аяқталуы да  әңгіме соңындағы кейіпкердің ішкі әлемін баяндай

бейнелеу арқылы түсіндірілген:

«Қыз бұған соңғы рет жалт қарады да, аласалау ағаш шарбақтан төтесінен секіріп өтіп,

ауладан бірақ шықты...

Нұраш басқа ұрғандай  есік алдында  селтиіп аңтарылды да қалды. Іші әлденеге қатты

удай ашып қоя берді. Бәлкім, бұл оның бас-аяғы бір тұтам дерлік азғантай ғұмырындағы

ең бірінші, әрі ең ұлы қателігі болар ма? Бәлкім, бұл әлі нағыз қателіктің өзі емес, не бары

оның  басталуы  ғана   шығар.  Ол  жағын  қазір   ол ақылға  салып  таразылап   жатпақ   емес,

әйтеуір ол осы сәт тек  ғана  Бибіжанмен ғана емес, көкірегін еріксіз еңіз-теңіз ғып өткен

көктемгі   нөсердей     тым   алапат,   әрі   тым   қысқа   ең   аяулы   сезімімен,   қайран   күнәсіз

балалығымен қоштасып тұрғанын еміс-еміс қана түсінгендей болды». [2,57-б.].

Мектептегі   шәкірттер   –   қоғамның,   мемлекеттің     ертеңі.   Сыныптас,   мектептес

шәкірттердің    бірге  оқыған  жылдарында   бір-біріне  қосымша  атақтар,    есімдер  қойып

алатыны   –   дәстүрлі   жағдай.   Балалық   балдәурен   шақтың     қайталанбас   қызықты

естеліктерінің  қатарында бәріміздің де  сол сыныптас достарымыздың өзара бір-бірімізге

қойып   алған     есімдерімізбен   өмір   сүргенімізді     қазір   тәтті   мұңмен,   сағынышпен   еске

аламыз! Жазушының «Жетінші «А»-ның «бикеші» атты   әңгімесіндегі кейіпкер   Таңат

Жайлыбаев   староста   Мұрат   Байсариннің     қылжақтап   қойған   «Бикеш»   есімін   жоққа

шығару үшін футболдағы спорттық жарыстарда үздік ойыншы болуы үшін жатпай-тұрмай

досы   Ертайдың   ақыл-кеңесімен   оны   жаттықтырушы,     өзін   жаттығушы   етіп,   ақырында

мақсатына жеткен бала кейіпкер Таңат Жайлыбаев бейнесінің оқырмандарға ерекше әсер

ететінін   сезінеміз.   Табиғи   дене   қуатын   спорттық   жаттығулар   арқылы   күшейткен   бала

кейіпкерлердің  іс-әрекеттері табиғи тағылымымен баурайды:



«Айдалада ортадағы жалғыз допқа   таласып шапқыласқан екі бала. Бақсының жын

ойнағындай   ғана шағын алаң. Бұрқ-бұрқ көтерілген шаң,   әлгі екеудің   жас текелердей

бақылдасқан шаңқ-шұңқ дауыстары.

...Ертай бұрыннан да  шымыр болатын, ал Таңаттың майысқақ, қара торы  денесі күнге

тотығып,   көрер   көзге   кәдімгідей   кесектене   бастады.     Бұлшық   еттері   бұлтылдап,

көздерінен ұшқын шашырап тұратын болды. Мына қызықты қараңыз: бұрын дау-шардан

анадай   жерден   айналып   өткенше   асығатын   мұның   енді     өзінің   біреуге   тиіскісі     кеп

тұратынды шығарды.   Бірақ Жайлыбаев қанына сіңген әдептіліктен аттап кете алмады.

Сол момын тәрбиелі күйінде  қала берді» [2,83-б.].

Әңгіменің сюжеттік шешімінде   басты кейіпкер Таңат спорттың бабына келіп кезекті

футбол жарысында қақпаға шешуші гол соғып, бүкіл жұртшылықтың ризалық ықыласын

иеленді.     Әңгіменің   көркемдік   түйіні   –   адамдардың   өзін-өзі   шыңдауы,   ширатуы   арқылы

жетістікке   жететіні,   сол   арқылы   ғана   қоршаған   қоғамдық-әлеуметтік   ортаның   жақсы

ықыласына ие болатынын дәлелдеу. 

Қазақ   прозасы   тарихында   мектептегі   мұғалімдер   мен   оқушы   шәкірттердің     әдеби

кейіпкерлер болып бейнеленуінде  Ыбырай Алтынсариннің «Талаптың пайдасы» әңгімесі,

Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» романы, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым

Қожа», Мұқан Иманжановтың «Алғашқы  айлар» және т.б. кейінгі  толқын қаламгерлер

туындылары аталады.  

Жазушы  Серік Асылбекұлының «Әдебиет пәнінің оқытушысы», «Мұғалімдер күні»

әңгімелерінің тақырыбы   ауқымында   мектептегі мұғалімдер мен олардың шәкірттеріне

ортақ   педагогикалық-психологиялық   хал-ахуал   қамтылады.   Әңгімелердің     идеялық

желісінде   мектептегі шәкірттерді   оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының қиындықтары

мен   нәтижелі   жетістіктері     тұтасқан   күрделі   болмысы   сараланады.   «Әдебиет   пәнінің

оқытушысы» әңгімесінің басты кейіпкері   Ұлықпан Мырзабеков – көркемдік жинақтау

поэтикасы   заңдылығымен   даралана   мінезделген.   Әңгіменің   басталуындағы   алғашқы

сөйлемнен-ақ кейіпкердің психологиялық жағдайы, кескін-келбеті, кәсіби күнделікті іс-

әрекеттері  - бәрі де жинақтала беріледі:

«Жасы   отыздар   шамасындағы,   көзінің   айналасы   үнемі   ұйқыдан   жаңа   тұрғандай

күлтілдеп   тұратын,   ақ  құба  жүзі   күн  көзіне   жатып  қалған   ескі   шүберектей  қуарыңқы,

аурушаң   жігіт     -   ауылдық   мектептің   мұғалімі   –   Ұлықпан   Мырзабеков     жаңбырлы

көктемнің     тұманды   ертесінде     қолтығына   бір   топ   оқушы   дәптерін   қыстырып,   үйден

шықты» [2,205-б.].

Басты   кейіпкердің     кескін-келбетін     кәсіби   ісімен   сабақтастыру   («...   қабырғадағы

үлкен шар айнаның алдына барып, ерте сирей бастаған сұйықтау шашын оң жағына қарай

жатқыза   тарады...»   [2,209-б.],   мұғалім   мамандығын   өзі   таңдағаны,   ұстаздық   қызметтің

педагогикалық-психологиялық   арнасымен   ғана     жүретін   дәстүрлі     жолындағы

қиындықтармен   (оқушылардың     себепсіз   сабаққа   қатыспайтыны,   үйге   берілген

тапсырманы   кейбір   оқушылардың   орындамайтыны,   «қиын»   балалармен   жұмыс,

баласының   мектептегі   оқуына   селқос   қарайтын   ата-аналар,   т.б.)   бетпе-бет   келгендегі

күрделі   жағдайлар   реалистік   сипатымен   берілген.   Жазушы   мұғалім   мамандығының

қиындығы   мен   аса   абыройлы   сипатын   ата-аналардың   (9-сыныптағы   Ардақтың   әкесі



Берден,   ұлы   тоғызыншыда   оқитын   Темірбек,   т.б.)   мектептегі   оқу   туралы

көзқарастарымен де таныта алған. Баласы Ардақтың аттестатындағы бағаларының дұрыс

қойылуын   қадағалауды       бір   жыл   бұрын   сұрап   тұрған   Берден   әкенің   сөзі   де   өмір

шындығына негізделген:

«...Қызметтерің қиын ғой сендердің. ...Өңшең боқ мұрынды тәрбиелеп, адам санатына қосып

жатырсыңдар. Кейде қараптан-қарап отырып: «Құдай-ау, үйдегі бес балаға ие бола алмай біздің

отырысымыз мынау. Мұғалім бейшараның қалай миы ашып кетпей жүр екен»,-деп таң қаламын.

Қиын ғой, қиын. Әттең, осы жұрт соңғы кезде  мұғалімнің қадірін білмей барады. Тойынған ғой,

түге» [2,208-б.].

Ал Темірбек есімді әке: «...сабақ сұрасаң, аузын буған өгіздей мыңқияды да қалады.»

сипатымен әбден танымал баласы туралы  мұғалімнің ескертуіне «Жаман оқыса қайтеміз,

қырыламыз ба енді. Көп болғанда  өзім секілді бір складтың құлпын ұстайды да, сендер-ақ

институт бітіре берсеңдерші» деп сылқ-сылқ күледі».[2,216-б.].

Жазушы   қазіргі   заманғы   орта     мектептегі   оқыту   мен   тәрбиелеу   жұмыстарының

сапалы болуында   мемлекеттік басқарудың, ата-аналардың жалпы халықтың мектептегі

оқыту мен тәрбиелеу  жұмыстарының өзекті мәселесін әңгімелер арқауында  үйлестірген.

Орта мектептегі  сыныптардағы жекелеген дарынды  оқушыларға ортақ қасиеттер озат

оқушы Нұғыманов  бейнесі арқылы дәлелденген.

Сабақ оқымайтын «Соңғы парталардың бірінде отыратын, иегінің ұшына екі-үш түйір

безеу шыққан, шойындай мығым, орта бойлы, Сары бала» [2,220-б.] Темірбеков «Сол,

жаза алмадым», «Тіл тигізбеңіз! Айқайлауға правоңыз жоқ», деп есікті тарс жауып шығып

кетсе,   озат   оқушы   Нұғыманов   ұстаздық   қызметтегі   бүкіл   қиындықтарға   төтеп   беретін

шығармашылық еңбек құштарлығы отын  лаулататын болмысымен баурайды:

«Нұғыманов – бұның мектеп бойынша таңдаулы шәкірті еді. Осы бір жұқалтаң ақ сары

баланы көргенде жас   ұстаздың бүйрегі еріксіз бүлк ете қалатын. Балалық шағымен, өзінің

қиялға толы бозбала күнімен бетпе-бет жүздесіп қалғандай тұла бойы оқытушылықтан гөрі

бөлекше  бір туысқандық, қандас  сезімнің  ыстық толқынына шарпылып, оқыс мейірленіп

кететін» [2,221-222-бб.]. 

Орта   мектептегі   әдебиет   –   болашаққа   деген   үмітпен,   тәтті   арманмен   қараған

шәкірттердің   қиялын   ғарышқа   самғататын,   туған   жерді,   ата   мекенді,   Отанды,   барша

адамзатты ардақтаған азаматтық-перзенттік махаббат сезімін төгілдіртетін   аса құдіретті

шығармашылық   пән.   Әңгіме   кейіпкері     мұғалімнің   оқушылардың   талантты   шәкірт

шығармасын   тыңдау   сәті   де   романтикалық   сарынды   реалистік   болмысымен   көз

алдымызға келеді:

«Нұғыманов оқи жөнелді. Бүкіл класс демін ішіне алып, тым-тырыс тына қалған. Бұл

бір тұтастай  ақындық толғау еді.  Мұғалімнің  көз алдынан қазақтың  кең даласы, оның

үлбіреген   байтақ     аспаны,   көк   жүзін   сынапша   сызған   тырналары,   орман-суы,   қараңғы

түнде қалғып кеткен таулары, Қыз Жібектің керуеніндей тізілген бақытсыз да, бақытты

тарихы туған жерге бет түзеген салқар көштей  тізіліп өте берді...


Шығарманы талантты қылып тұрған оқушының көл-көсір білімі емес, оның балауса

авторының әлгі үлбіреген байтақ аспанның бір үзігіндей ештеңемен ласталмаған зеңгір

биік  нәресте қиялы еді».[2, 222-б.].

Әңгіменің   көркем   мағыналы   мегзеулерімен   орта   мектептегі   мұғалімдердің   кәсіби

біліктілігінің   әр   оқушылардың   дүниетанымдық     деңгейлерін   де,   ата-аналар

көзқарастарының   және   т.б.   мәселелердің     әр   алуандығы   да     реалистікпен   қамтылған.

Мектептердегі   қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – сөз өнерінің киелі қызметін фольклор

мұралары мен әдебиет шығармаларын оқыту арқылы   жас буын  ұрпаққа ұғындырушы

көрнекті тұлға. 

Әңгіменің   сюжеттік-композициялық   желісіндегі   бөліктерде   әртүрлі   психологиялық

құбылыстармен   бейнеленген   басты   кейіпкер,   мұғалім   Ұлықпан   әдебиет   пәнінің   киелі

сарындары  жан ділі әлемін баураған  тебіреністер  аясындағы  романтикалық  келбетімен

көрінеді:

«Балалар, ...деді ол осы сөздің дәмін алғандай, соған бойындағы шәкірттеріне деген

ерекше ұстаздық ықыластық демін жеткізе алдым ба дегендей өз үніне өзі құлақ түріп. -

Әдебиет – ардың ісі...» Бұл – оның жаңа бір жүйелі көзқарасын   қозғарда   кәміл сенген

пірлері секілді ойына  еріксіз орала кететін  үйреншікті бастауы еді.  Осылай басталса-ақ

болды,   жағаға таласа ұмтылған дауылды күнгі теңіз толқынындай анталаған миындағы

қатпар-қатпар   ойлардың   ие   берместей   көрінетін   асау   ағыны   өз-өзінен   келісім   тауып,

арнасын кеңге  салған шалқар дарияның  шымырлаған бапты қозғалысындай баяу жүзіп

кете беретін. ...

Мұғалімнің аурушаң, жүдеу жүзі жауыннан соңғы  даладай жұмсарып сала берді. «Иә,

әдебиет – ардың ісі, Сондықтан да...» - деді ол тағы да әзірше осы отырғандардың ішінде

өзімен  ортаңғы қатарда отыратын қаршығадай ақ сары балаға етене  жақын, сол екеуіне

ғана айқын түсінікті осы бір  ауыз қанатты ойдың тұнығына көңіл көзімен қайта үңіліп.

Ұлықпан  жаңа бір сабақты бастап кетті» [2,223-б.].

Әңгіменің идеялық-көркемдік   түйіні арқылы ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ орта мектептерде,

арнаулы орта, жоғары оқу орындарында оқытылып жатқан әдебиет пәнінің эстетикалық

тәлім-тәрбиелік   мәніне,   педагогикалық-психологиялық   маңызына   жаңаша   назар

аударамыз. 

ӘДЕБИЕТ

1

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық. –Алматы: «Ана тілі»



баспасы ЖШС, 2004. -392б.

2

Асылбекұлы С. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2008. –Т. I. -400 б.



3

Асылбекұлы С. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2008. –Т. II. -416 б.

4

Әдеби өмір шежіресі/Құрастырғандар - Ә. Нарымбетов, Е. Жаппасұлы,



С. Қажи. –Алматы: Ан Арыс, 2009. -672б.

5

Ахметов   З.   Әдебиеттің   көркемдік   мәні//   Әдебиеттану   терминдерінің



сөздігі /Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. -240 б; 50-51-

бб.


Резюме

Дается  анализ  идейно-тематическим,   художественным  особенностям  рассказов

известного писателя Серика Асылбекулы.



Summary

In article analysis ideological and thematic, art features of stories of known writer Serik



Asylbekuly.

18.01.2013 түсті


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет