1. Қазақ тілін – ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың сахнада сөз сөйлеп, шешендік қабілетін көрсететін сайысы.
2. Мақсаты – оқушыларды көпшілік алдында белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойын нақты, жүйелі жеткізуге машықтандыру. Шешендік өнерге, сахна мәдениетіне баулу.
3. Шарттары:
- 2 кезеңнен тұрады. - Бірінші кезеңде (іріктеу кезеңі) қатысушы алдын ала берілген 10 әдеби тақырыптың біреуіне үйден дайындалып келіп, 3-5 минут көлемінде сөйлейді. Нәтижесінде қатысушылардың арасынан ең үздіктері таңдалады. Егер оқушылардың саны аз болса, барлығы екінші кезеңге қатысады. - Екінші кезеңде әр балаға жеке тапсырма (еркін тақырып) беріледі. Іріктелген оқушылар сол тақырыптарға 30 минут дайындалып, сахнада 3-5 минут көлемінде сөйлеп, қорғайды. Сахнаға шығу реті жеребе арқылы анықталады. * «Сөз шеберлері» байқауының тақырыптары:қазақ тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), ұлттық құндылықтар, әдептілік қағидалары, әлеуметтік, экологиялық мәселелер және т.б.
Бағалау парағы
Ойын анық және жүйелі жеткізуі, тіл байлығы, сөз саптауы
1) Дауысы мен дене іс-қимылдарының үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері