Берілген уақыт шеңберінде сөйлесе, қосымша
1 ұпай беріледі.
5 ұпай
5 ұпай
5 ұпай
5 ұпай
20 ұпай
«Сөз шеберлері»байқауының облыстық кезеңіне арналған тақырыптар тізімі:
Қазақ тобы үшін: 1. Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің негізінде «пайда ойлама, ар ойла»; 2. Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы бойынша «қанағатшыл» болудың артықшылығы; 3.Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша « Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» 4.М.Жұмабаевтың «Батыр Баян»поэмасы негізінде «Туады ерлер ел үшін» ; 5. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»повесі бойынша «Отбасы - тәрбие ошағы»; 6.Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі бойынша «Адамгершілік - өнер мұраты»; 7.Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі бойынша «Сапабек ата-ана алдындағы перзенттік борышын ақтай алды ма?»; 8. О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі кейіпкерлердің өмірлік ұстанымын қалай бағалайсыз? 9. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша «Әке-балаға сыншы» тақырыбында сөйлеңіз. 10. "Ел болам десең, бесігіңді түзе": Зере әже мен Ұлжан аналарымыздың ұлы тұлғаларды тәрбиелеудегі өнегесі
Өзге ұлт тобы үшін: 1. Еңбең етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ы.Алтынсариннің әңгімелері негізінде; 2. Адам табиғаттың досы ма, дұшпаны ма? «Көксерек» әңгімесі негізінде; 3. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы негізінде; 4. Жаман достан жау артық. «Менің атым — Қожа» повесі негізінде; 5. Заманауи Өнер-білімнің адамзатқа әкелер пайдасы. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі негізінде; 6. Болашақ — жастардың қолында. М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі негізінде; 7. Менің үш бақытым. М. Мақатевтың «Үш бақытым» өлеңі негізінде. 8. Қыстың қамын жаз ойла. "Шегіртке мен құмырсқа" мысалы негізінде; 9. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы. Абайдың “Он жетінші қара сөзі” негізінде; 10. Адамның жақсысы мен жаманы. «Аяз би» ертегісі негізінде;
V. «ӘНШІ-БҰЛБҰЛДАР» БАЙҚАУЫ
1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсету сайысы.
2. Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және дарынды қазақ тілі жанашырларын, жас буын өкілдерінің арасынан тілді терең меңгергендігін анықтау, оларды таныту.
3. Шарттары:
- Қатысушылар қазақ әндерінің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындай алуы керек. - Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады. - Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек. -Оқушы конкурстық әндер айтуы керек. Той әндері, т.б., әндер қабылданбайды. - Домбыра, т.б., ұлттық аспаптармен ән орындауға рұқсат етіледі