І. Білім жүйесіндегі менеджменттің қалыптасуы мен дамуының әдіснамалық негіздері Білім жүйесіндегі менеджменттің қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-педагогикалық алғышарттары
І. Білім жүйесіндегі менеджменттің қалыптасуы мен дамуының әдіснамалық негіздері Білім жүйесіндегі менеджменттің қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-педагогикалық алғышарттары Қазақстан әлемнің көптеген дамыған елдері сияқты білім беру инновацияны енгізу қарқыны бойынша үздіксіз модернизациялау мен реформалау жағдайын бастан кешіруде, жыл өткен сайын каркын алуда.Білім беруді цифрландырудың казіргі заманғы талаптарын ескере отырып, білім беру жүйесі үшін жоғары білікті мамандарды қалыптастырудың негізгі факторы және білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің шарты ретінде білім беру менеджерлерін даярлау ерекше өзектілікке не болуда.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының алдында инновациялық менеджментті енгізу және білім беру менеджерлерін даярлауды жетілдіру міндеттері тұр. Қойылған міндеттерді шешу қазіргі цифрландыру жағдайында білім беру жүйесіне менеджментті енгізу үшін теориялықәдіснамалық және әдістемелік негіздерді әзірлеуді қажет етуде. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыруда осы мәселелерге қатысты мемлекетіміздің қабылдаған құқықтық-нормативтік құжаттарын тікелей басшылыққа аламыз.
Басшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың маңыздылығы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап өтілді,онда өз саласындағы көшбасшылар қатарынан басқарушылардың кадрлық резервін қалыптастыру қажеттілігі, сондай ақ білім беру ұйымдары басшыларының қызметін бағалауды енгізу, білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент бойынша біліктілікті арттырудың сертификатталған курстарын ұйымдастыру көрсетілген. Білім саласының кәсіби маманын даярлауға қатысты "Педагог мәртебесі туралы" Заңда мынадай анықтама берілген: "педагог-тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Зерттеулерге сүйене отырып, менеджменттің ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болып, бірнеше даму кезеңін басынан кешіргенін байқадық.
Білім жүйесіндегі менеджменттің қалыптасуы – бұл әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістермен тығыз байланысты күрделі процесс. Алғашқы кезеңдерде білім беру ұйымдары дәстүрлі түрде діни және қоғамдық ұйымдардың бақылауында болды, мұғалімдер мен оқытушылар маңызды рөл атқарды. 19-20 ғасырларда индустриализация білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып, мектептер мен университеттердің басқару құрылымдары қалыптаса бастады.
Білім жүйесіндегі менеджменттің қалыптасуы мен дамуы – бұл динамикалық процесс, ол әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-педагогикалық алғышарттардың өзара әсерінен туындайды.