63-тен 81 ұпайға дейін. Жоғары эмпатиялық деңгей: Сіз айналадағы адамдардың мұқтажына және әртүрлі жағдайларына жоғары сезімталдықпен қарайсыз, мейірімдісіз, көпті кешіруге дайынсыз. Адамдарға ашық қызығушылықпен көңіл бөлесіз.Сізге шырайынан көңіл- күйін «оқуға», олардың болашағын болжамдау ұнайды. Сіз қызу қандысыз, тез қарым-қатынасқа кіресіз және тез тіл табысасыз. Балалар сізге тез үйренеді.Айналаңыздағы кісілер сіздің шын ашықтығыңызды бағалайды.Сіз жанжал шығармай қиын жағдайдан шығу жолын табасыз.Сізге айтылған сынды көтересіз. Бір оқиғаны бағалағанда өзіңіздің сезіміңізге және ішкі түйсігіңізге сенесіз. Жалғыз жұмыс істегеннен гөрі, көпшілікпен жұмыс істегенді қалайсыз. Әрдайым өзіңіздің іс- әрекетіңізге әлеуметтік мақылдауды қажет етесіз. Бірақта осы айтылған қасиеттердің сізде болғанымен,сіз дәлдікті ,еңбекті көп керек ететін жұмысқа ұқыпсыз қарайсыз.
37-ден 62 ұпайға дейін.Қалыпты эмпатиялық деңгей. Басым көпшілікке тән.Айналаңыздағы кісілер сізді «терісі қалың» деп те атамайды,бірақта сізді өте сезімтал адамдардың қатарына қосуға болмайды. Тұлғааралық қарым-қатынаста өзіңіздің жеке әсерленгіштігіңізге сенбей басқаларды олардың істеген ісінен пікір түюді қалайсыз.Сізде эмоция көріністері бар, бірақта сіз оларды бақылап отырасыз. Қарым- қатынаста ықыластысыз,сөзбен айтылғаннан да,көбірек түсінуге тырысасыз бірақ сұхбаттасыңыз тым артық кетсе,сіз сабыр сақтамайсыз. Өзіңіздің көзқарасыңызды айтпауды жақтайсыз,өйткені оны дұрыс қабылдар ма деген сенімсіздіктесіз. Көркем туынды оқығанда, кино қарағанда сіз қаһармандардың күйініштеріне емес,көбінесе олардың іс-әрекеттеріне көбірек көңіл бөлесіз.Сізге біреудің қарым-қатынасының болашағын болжамдау қиынға түседі,сондықтан олардың іс-әрекеттері сіз үшін кейде күтпеген болады.Сізде сезімнің емін-еркін болуы жоқ,содан ол адамдарды толығымен қабылдау қиынға түседі.
12-ден 36 ұпайға дейін.Төменгі эмпатиялық деңгейі.Сізге адамдармен тіл-табысу қиынға түседі, өзіңізді шу жерде ыңғайсыз сезінесіз.Айналадағы адамдардың эмоциялары сізге түсініксіз әрі мәнсіз болып көрінеді.Жалғыз жұмыс істегенді ұнатасыз.Сіз дұрыс шешімдер қабылдаудың жағында жүресіз.Сізде достарыңыз аз болар болса да,оларды жұмысқа бейім қасиеттері үшін я қайырымдылығы мен ілтипаттылығын бағалайсыз.Айналадағылар да осылай сізге көңіл бөледі. Өзіңізді кейде жат сезінесіз. Кісілер көп көңіл бөлмейді.Бірақта мұның бәрі уақытша.сіз жақындарыңыздың мінез-құлқына көбірек көңіл бөліп қажеттеліктерін өзіңіздікіндей санайсыз.