Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы: - өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу.
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;
- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына ештене жақындуына мүмкіндік тудырады.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психология-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану тағы басқа әдістерді жүргізе алады.
Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс: - ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;
- зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;
- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;
- психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.
Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен өз баласы мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген отбасыларының шартты топтарда жүргізіледі. Осыған байланысты отбасыларын 5 топқа бөледі:
1. Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы отбасылар. Салауатты өмір салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады. Әлеуметтік педагогтің жиі араласуының қажеті жоқ дей тұғынмен тәрбиелеудің жас ерекшелігіне баланысты қиындықтарына сәйкес кейбір кеңестер мен ескертулердің берілуі мүмкін.
2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар, бірақ, тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларды балада эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.
3. Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет, отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын қолдану қажет. Олар:
- дау-жанжалды отбасының көп уақытқа созылған, отбасы мүшелерінің таусылмайтын кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;
- педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым-қатынас қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа, зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп, ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзі баға бере алмайтын күйге жеткізеді. Нәтижесінде отбасынан аластану, ата-ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы, көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;
- әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы басқа;
Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психкасы бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу - үлгерімі нашар болып қалыптасады.,
4. Сырттай сау көрінетін отбасы - бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.
5. Қалыптаспаған отбасылар – дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.
Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болса тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.