І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы



бет18/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. Бұл заң 25 баптан тұрады.
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi N 581 Заңы

"Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 14 шiлде N 176. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 95-құжат
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негiздерiн анықтайды.
Әлеуметтік педагогтың өзге білім субъектілерімен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық қатынасын ұйымдастыру


Әлеуметтік педагогтың өзге білім субъектілерімен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық қатынасын ұйымдастыруда мемлекеттің балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары жүзеге асырылуы тиіс:
1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру; 
3) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 
4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жәрдемдесу; 
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады. 
2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және: 
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 
2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға; 
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға; 
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген. 
Әлеуметтік педагог аталмыш мақсаттарды жүзеге асыруда төмендегі құзыретті органдармен әлеуметтік серіктестік байланыстарын жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет