Мектептің жылдық жоспары, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес жоспары, тәрбие жұмысының жоспары;
Мектептің даму бағдарламасы;
Әлеуметтік педагогтің байланыс жасайтын мекемелері, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері туралы мәлімет (мекен-жайы, сымтетігі).
Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі
оқу жылына құрылған жылдық, айлық және апталық жоспар;
жартыжылдық және жылдық есеп (атқарылған жұмыс туралы мәлімет).
Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әлеуметтік педагог жылдық жұмыс жасай отырып, медбикемен, сынып жетекшілермен, педагог-психологпен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, КТБІЖ қызметкерлерімен, «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысымен жылдық жоспар жасайды.