Осы бойынша қаражат: мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алу құқығы бар отбасыларынан шыққан оқушыларға;
жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінен төмен мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алмайтын отбасынан шыққан оқушыларға бөлінеді.
әлеуметтік қорғалмаған оқушылар және аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету бөлінетін қаражаттар:
жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде қарастырылған жалпы білім беретін мектептерді ұстауға арналған шығындар сомасынан 1 пайыз кем емес мөлшердегі аударымдар:
Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген тәртіптегі ақылы негізде тауарлар құруды ұйымдастыруға ұсынылған түсімдер;
демеушілік және қайырымдылық көмек, тегін аударымдар және жанашырлық көмектер есебінен құрылады.
Олар төмендегідей жұмсалады:
киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп –жазу құралдарын сатып алу;
оқыту орны бойынша тамақ ішуді ұйымдастыру ;
қаржылық көмек көрсету;
санаторлық –курорттық ұйымдар және демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алу ;
оқушылардың көпшілік –мәдени және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін құралдар кәмелеттік жасқа жеткен оқушылар ата-аналарының немесе қамқорлыққа алушыларының өтініштері негізінде беріледі.
Өтінішке растайтын құжаттар қоса ұсынылады:
отбасы құрамы туралы мәлімет;
өтініш беруші отбасының әрбір ересек мүшесінің табыстары жөнінде мәліметтер.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін құралдарды жұмсау Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының қаражатын бөлу жөніндегі комиссия келісімі арқылы мекеменің бірінші басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Осы мақсаттарға бөлінетін қаржыны мақсатты жұмсау білім мекемесінің бірінші басшысы арқылы қамтамасыз етіледі. Түсімдерді есепке алу және есеп берушілік, қаражат пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектеп ішіндегі бұйрықпен бекітілген жауапты тұлға ата-аналардың немесе олардың орнындағы тұлғалардың өтініштері негізінде материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың тізімі жасалынады. Сондай-ақ көмек көрсету туралы атап көрсетіледі. Аталған тізім сынып жетекшісімен, сынып және мектептің ата-аналар комитетімен келісіледі және мектеп директорымен бекітіледі.
Мектеп бұйрығымен бекітілген құрамында жеті адам бар жалпыға бірдей оқыту қорының қаражатын бөлу жөніндегі комиссия ұсынылған құжаттардың жиынтығын қарастырады. Олар мұқтаж отбасыларының жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көмек алу құқығы бар екендігін анықтайды.