Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорынан оқушыларға киім, аяқ киім, оқу-кеңсе керек жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсету Ата-аналар мен оқушылардың бір бөлігі киім, аяқ киім, оқу–кеңсе керек-жарақтары түрінде көмектің көрсетілуіне мұқтаж. Бұл жұмысты қалай жақсы ұйымдастыруға болады? Өйткені ,біреуіне киім, екіншісіне –аяқ киім, үшіншісіне-спорттық костюм, төртіншісіне-емделуге көмек қажет. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының комиссиясы балалардың жас ерекшеліктерін, көмекке мұқтаж адамдардың санын және балаға нақты не нәрсе қажет екендігін есепке алып, ақшаны қажеттілігіне қарай бөледі. Содан кейін, барлық өтініш берушілер мен сынып жетекшілерін шақыру арқылы ата-аналар жиналысы өткізіледі, онда комиссия отырысының қорытындысы және әрбір балаға қаржы бөлу туралы ақпарат айтылады . Қаржыны картшотына аудару үшін қажетті құжаттардың болуы талаптарымен таныстыру жүргізіледі: жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ата –анасының Халық банк банкоматының карточкасы. Жоғарыда аталған құжаттарды тапсырудың мерзімдері анықталады. Тауарларды сатып алғаннан кейін, мақсаты бойынша жұмсалған қаржы жөнінде мектеп алдында есеп беру қажет.чек , шот фактура, ата-аналар комитеті мүшелерінің қолдары қойылған шығын туралы актіні көрсету.
Егер аталған балалардың ата-аналары ақшаны өз мақсатында жұмсамаған жағдайда, комиссия ақшаны мектептің әлеуметтік пендагогы немесе сынып жетекшісінің картшотына аудару туралы шешім қабылдай алады. Бұл ата-аналары мүгедек болып табылатын жағдайға да қатысты. Әлеуметтік педагогпен оның картшотына қордан аударылған ақшаны сынып жетекшісі және ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлесе отырып, бұрынырақта жоспарланған заттарды сатып алу жөнінде шарт жасасады. Өткізілген жұмыстардан соң бір айдан кейін Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры қаражатының шығыны бойынша комиссия отырыс өткізіледі, онда отырыс хаттамасын жасау арқылы есептік кезеңіндегі көмек көрсету нәтижелері қарастырылады.
Мұқтаждарының қандай санатқа жататындығына байланысты сол немесе өзге құжаттар қажет болады. Егер ол бала –жетім болса, онда қамқорлық немесе патронат тағайындау туралы аудан әкімінің шешімі қажет болады. Егер ата-аналары мүгедектігіне байланысты жұмыс істейтін болса, онда жұмыс орнынан алатын анықтаманың орнына мүгедектік куәлігі ұсынылады, ал зейнеткерліктегі кісі зейнет куәлігін ұсынады. Егер қандай болмасын құжаттар жетіспеген жағдайда, жетіспеу фактілерін растайтын актілер түзіледі.
Кез келген жағдайда, педагогикалық ұжымның міндеті дағдарысқа байланысты қиындықтарды жеңіп шығу үшін отбасыларға көмек көрсетудің мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктерін толығымен және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан шығу мен жаңару» жолдлауында атап өтті: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар-біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес. Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту, біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үш тұғырлы міндет болып қала береді. Сондықтан барлық Қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштік және қайсарлық танытуға , көмекке мұқтаж жақындарына жәрдемдесуге және қамқорлық көрсетуге шақырамын .... Адамдарға сөзбен де, іспен де көмектесейік. Мемлекет нақ осы іспен айналысуда». Біздің ,яғни ортақ көзқарастағы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар ұжымының міндеті –аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға аспалы орта білім алуға және болашақта өз жолдарын табуға көмектесу.