Зерттеу нәтижесі және психологтың кеңесі. Егер сіз 35-пен 44 балл аралығында жинасаңыз, онда сіз агрессивті адамсыз және сіздің өміріңіз сәтті болады, себебі сіз шынайылықты жақсы көресіз. Ісіңізде қиындық болса, онда оны болуы керек іс сияқты қабылдайсыз.
45 балл және одан жоғары.Сіз өте агрессивті адамсыз, басқа адамдарға қатысты өте қатал бола аласыз. Өз күшіңізге сеніп, жоғары басқару орнына жетуге үміттенесіз. Бір аймақта жетістікке жету үшін басқалардың көзқарасымен санаспайсыз. Басқалардың сыны сіз үшін әр түрлі, егер «жоғарғылар» айтса, қабылдайсыз, өзіңізден «төмен» адам айтса, оны ауыртпашылықпен қабылдап, ашуланасыз.
34 балл және одан жоғары.Сіз өзіңіз бен өз күшіңізге сенімсіздеусіз, өте татулықты қалайтын адамсыз. Бұл сіздің соққан желдің күшімен жүріп кетесіз деген сөз емес. Сонда да сізге өзіңізге деген сенімділік жетіспейді. «Төмендегілердің» сынын жақсы қабылдап, бірақ «жоғарғылардың» сынынан қорқасыз.
Егер сіз жеті және одан көп сұрақтың әрқайсысынан үш балдан алған болсаңыз және жеті сұрақтан төменгілерінің әрқайсысынан бір балдан алсаңыз, онда сіздің агрессивтілігіңіз бұзылған. Сіз ойға келмеген істерге және қатаң түрдегі пікірталастарға құмарсыз. Адамдарға деген менсінбеушілік, елемеушілік қасиеттеріңізді жоғалтуға тырысыңыз.
Егер сіз жеті және одан көп сұрақтардың әрқайсысынан бір балдан алсаңыз және жеті сұрақтан төменгілерінің әрқайсысынан үш балдан алған болсаңыз, онда сіз өз әлеміңізден басқаларды көрмейтін адамсыз. Бұл сізде агрессивтілік жоқ деген сөз емес, бірақ сіз оны басып ұстайсыз.