Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік



бет1/4
Дата09.11.2022
өлшемі305,92 Kb.
#48729
  1   2   3   4
Байланысты:
Пед шеберл-4

Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік

Жоспары: 1. Жалпы мәдениет - педагогтың кәсібилігінің шарты. 2. Ғылыми эрудиция, құндылық бағдарлар – педагогикалық мәдениеттің компоненттері. 3. Арнайы, әлеуметтік, жеке тұлға, дара құзыреттілік, мамандыққа құзыреттілік

Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Белгілі американ психолог-гуманисі А. Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек» дейді.

Мәдениет – адамның іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері және әдістерімен, сондай-ақ олар жасаған материалдық, рухани құндылықтармен сипатталатын қоғам дамуының, шығармашыл күштердің және адам қабілеттерінің тарихи анықталған деңгейі.

Мәдениеттің мәні өмірлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерімен анықталады. Соның ішінде педагогикалық мәдениет ұғымын қалай түсінуге болады? Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады.

Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті жүріс-тұрысынан, өзін қай ортада болсын ұстай білуден, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, білімді, адамгершілігі мол, жан-жақты жарасымды болғанда ғана нағыз ұстаз екенін дәлелдейді

Педагогикалық мәдениет негізінде терең психологиялық-педагогикалык танымдар, әр бағыттағы білімділік, үнемі педагогикалық ойды жетілдіру, өзіне емес жұмыс нәтижесіне іштей қанағаттанушылық, өзіндік сыншылдық, жүйелі кәсіптік әрекетке ұмтылыс (оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға), мәжбүрлеусіз оқу-тәрбие ісіне толық берілу жатады да, ал ішкі қажеттіліктерге назар аударсақ, өзіндік еркіндік; рухани байлық, ұнамды тазалық, педагогикалық этика, шығармашылық, жаңашылдык, іздемпаздық жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет