І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет88/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

11 ұпай және одан төмен.Өте төменгі эмпатия. Тұлғадағы эмпатиялық үрдістері дамымаған. Сұхбатты бірінші бастауға қиналасыз.Әсіресе балалар мен және үлкен кісілермен тіл табысу қиын. Тұлғааралық қатынастарда қолайсыз жағдайларға көп түсесіз.Көбінесе адамдармен тіл табыса алмайсыз өнерден гөрі спортты ұнатасыз. Қызыметте өзіңізге тым көп назар аударасыз.Жеке жұмыстарыңыз нәтижелі болады,бірақ біреумен істегенде жақсы жағыңыз көрінбейді.Сентименталдық көріністерге мысқылмен қарайсыз.Сізге айтылған сынды көтермейсіз,бірақ оған көп көңіл бөлмесеңіз болады.Сізге сенім гимнастикасы қажет.
14. 3-ШІ ТЕСТ. Темпераментіңіздің типі қандай?
Автор бұл сұрақтың жауабы ретінде өзіндік жеке тест ұсынады. Ол күрделі құрылымды тест-сұрақтардан құрылған. Психологияда тұлғаға қарағанда темпераментті – өзіндік ерекшелігі бар, психиканың құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды. Ол – адам психикасы қызметінің динамикасын анықтап, түрлі қызметте оның мазмұны, мақсаты, мотивіне қарамастан, ересек жаста да темперамент типін мінездейді.

Тестті қалай қолдану керек?


Бірінші кезең – 55 сұраққа жауап беру. «Иә, келісемін» не болмаса «Жоқ, келіспеймін» деп жауап беруге болады.




Сұрақтары



  1. Жағымсыз жағдайларды тез ұмытасыз ба?

  2. Әдетте сіз түрлі тапсырмаларды (өндірістік, қоғамдық, оқу тапсырмалары) уақытында орындайсыз ба?

  3. Жаңа танысқан адамға тез үйреніп кетесіз бе?

  4. Ашушаңыз ба?

  5. Кейде сіздің баяулығыңызды бетіңізге баса ма?

  6. Поезд, самолетке кешікпеу үшін вокзалға ертерек келесіз бе?

  7. Әдетте сіз әбден ойланып, бәрін салмақтап алып сөйлейсіз бе?

  8. Сізді мақсат-мұратыңызға жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңуде жігерлі деп айтуға бола ба?

  9. Өткен өміріңіз жайлы ойланғанды ұнатасыз ба?

  10. Жаңа таныстық тауып, біреулермен әңгіме-дүкен құратын жерлерде болғанды қалайсыз ба?

  11. Дайындалып жүрген жүрген жұмысқа өзгеріс енгізу қажеттігі ызаландыра ма сізді?

(айталық, бүгін сіз ойға алған нәрседен мүлде өзге іспен айналысуға мәжбүрсіз).

  1. Көптен мұршаңыз келмей жүрген істі аяқтаған кезіңізде қуаныш сезімі тез келе ме?

  2. Жұмыс (оқу) уақытында сол жұмысқа деген ынтаңыз толық сақталады деп сенімділікпен айта аласыз ба?

  3. Әлдебір әрекет-амалдан соң оны басқаша жасау керек еді деп жиі ойлайсыз ба?

  4. Жаныңызға жат қылықтардан бас тарту қиынға соға ма?

  5. Алғашқы әсеріңізді ойланып алмай жиі айтасыз ба?

  6. Үйден шыққаныңызда есік пен терезелерді жауып, жарық пен газды өшірген-өшірмегеніңізді ойлап мазаңыз кете ме?

  7. Сізді тәртіпке шақыру оңай ма?

  8. Сізді сезімтал әрі жаны жараланғыш жан деп айтуға бола ма?

  9. Сізге кенеттен айтылған қорқыту немесе реніш сөзін сол мезетте сезініп, қабылдайсыз ба?

  10. Әлдебір ойлардан елегізген кезіңізде бір орында отыра алмай, байыз таппай қалуыңыз мүмкін бе?

  11. Жедел шешімді талап ететін істі оңайлықпен орындайсыз ба?

  12. Бастаған істі соңына дейін аяқтауға құқылысыз ба?

  13. «Қазір және осы жерде» өтіп жатқан оқиғаны сырттай бақылап, сол мезетте оны қорытындылап, өзіңіз де қосылып отырған ұнай ма?

  14. Сіз үшін бейтаныс адаммен сөйлесу қиын ба?

  15. Сізде кенеттен туындаған идеяны айтпай, ішіңізде сақтап қалу оңай ма?

  16. Адамдардың сіздің жұмысыңызды бағалауы мен сыни ескертулері аяқ астынан деп айда аласыз ба?

  17. Сіз айналысып отырған қызықты жұмыстан көңіліңізді бөлу қиын ба?(бөтен әңгіме, жарықтың әлсіз түсуі, шу, т.б.).

  18. Ұзақ зейінділік пен үлкен ықыласты талап ететін, дегенмен, өзіңізге өте ұнайтын жұмысты орындау қиын ба?

  19. Сізге жанамалап тиетін сөз айтылса, тез ашуланасыз ба?

  20. Болашағыңыз жайлы ойлануды ұнатасыз ба?

  21. Сіз әңгімелескенді ұнататыныңыз соншалықты – жаңа ғана танысқан адаммен сөйлесу үмкіндігін жібермейсіз бе?

  22. Көңіл-күйіңіздің жиі ауыспалылығы жұмысыңызға өз әсерін тигізе ме?

  23. Жедел іс-әрекеттер сізге ләззат сыйлай ма?

  24. Өзіңізге жүктелген бірнеше тапсырманы бір уақытта орындаған ұнай ма?

  25. Өзгелер күліп жатқанда сіз оны іштей өрескел көріп тұрасыз ба?

  26. Кино көру барысында сезімге еліткеніңіз соншалықты- жанарыңыз жасқа шылана ма?

  27. Өзіңіз сөйлегеннен гөрі біреуді тыңдағанды қалайсыз ба?

  28. Қитығыңызға тиетін сөздерге сіз аса қатты ашуланасыз.

  29. Өміріңіздегі, жұмысыңыздағы сәтсіздіктер мақсатыңызға жетуге деген ынта-жігеріңізді қайта арттыра түсе ме?

  30. Сіз жылдам әрі шешімді әрекет жасайсыз ба?

  31. Әлдебір әзілмен сізді күлдіру оңай ма?

  32. Жадыңызды «жедел жаңғыртуды» қажет ететін сұрақтарға жауап беру кезінде қиындықтар кездесе ме? («Иә»-кездеспейді, «Жоқ»-кездеседі).

  33. Сіз тез ашуланып, тез сабаңызға түсесіз бе?

  34. Сіз хақында қатты қалжыңдасқан кезде ренжисіз бе?(«Иә»-ренжімеймін, «Жоқ»-ренжимін).

  35. Сізге ішкі диалог- өзіңмен-өзің сөйлесу ұнай ма?

  36. Сіз жаңа жағдайға тез бейімделіп, жаңа іске тез кірісіп кетесіз бе?

  37. Кейде шамадан тыс күшіңіз тасып, өзге де шаруалармен айналысқыңыз келе ме?

  38. Сіз үнемі алдын-ала ойланып алмай, әңгімеге араласып кетесіз бе?

  39. Кез келген сұраққа ойланбай жауап беру нәтижесінде келеңсіз оқиғаларға тап болу жағдайына бейімсіз бе?

  40. Сізді салмақты адам деп бағалауға бола ма?

  41. Сіз өзіңізді қоршаған адамдардың шаттық немесе мұңды көңіл-күйінентез әсер аласыз ба?

  42. Тез сөйлегенді ұнатасыз ба?

  43. Сіз шыдамды жансыз және ұзақ уақыт бойы қарқыныңызды бәсеңдетпей жұмыс істей аласыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет