І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Қарым-қатынаста өзіндік бағалауды анықтау тесті



бет98/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

Қарым-қатынаста өзіндік бағалауды анықтау тесті
(М.Снайдер бойынша)
Нұсқау: төменде берілген 10 сөйлеммен жақсылып танысып, жауап беріңіз. Әр сұрақты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп белгілеп шығыңыз. Дұрыс деп тапсаңыз «Д» әріпін, ал керісінше болса, «Б» әріпін әр сұраққа қойыңыз.

Тест сұрақтары:





              1. Басқа адамдарға ұқсауға тырысу мен үшін өте қиын.

              2. Жанымдағы адамдардың көңілін аулау немесе назарын өзіме аудару үшін әжуа болуға да бармын.

              3. Менен жақсы актер шығар еді.

              4. Басқалар мені не нәрсе болса да жүрекке жақын қабылдайды деп ойлайды, ал шындығында олай емес.

              5. Көпшілік назарының ортасында жиі бола бермеймін.

              6. Түрлі жағдайларда және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді әрқилы ұстаймын.

              7. Өзім шын мәнінде сенімді ғана нәрсені жақтаймын.

              8. Іс-әрекет және түрлі адамдармен қатынасқа түсу барысында жетістікке жету үшін, олардың көңілінен шығуға тырысамын.

              9. Кейбір адамдар өзіме ұнамаса да, олармен достық қарым-қатынаста болуға тырысамын.

              10. Мен үнемі басқалар ойлағандай бола бермеймін.

Нәтижесін өңдеу:


1, 5 және 7 сұрақтарға «Б» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан, ал қалған 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10 сұрақтарға «Д» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан беріледі. Алынған нәтиже көрсеткіштерінің ортақ қосындысы есептелінеді.

Тест классификаторы:0 – 3 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі төмен. Мінез-құлқы бірқалыпты және жағдайға қарай өзін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынаста шынайы ұстайды. Мұндай адамдардың тікбақайлығына қарай көп адамдар ұната бермейді.


4 – 6 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі орташа. Шынайы болуға тырысқанмен, эмоциясын игере алмайды. Айналасындағы адамдармен санаса біледі.


7 – 10 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары. Кез-келген ролге оңай кіріп, жағдайдың өзгеруіне қарай бейімділіп отырады. Кез-келген ортада өзін жақсы сезінеді және ортаның өзі туралы ой-пікірін алдын-ала білуге мүмкіндігі жетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет