Ғ. ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
Баяндама
Пәні: Философия
Мамандығы: Автоматтандыру және Басқару
Орындаған: Уринбаев Акылбек
Тізім бойынша: 16
Тобы: Аук 21–4
Тексерген: Мухамеджан К.
_____________ _________________ «_____»
__________2023ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2023
I БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖƏНЕ ДАМУ ТАРИХЫ.
1. Философияның пайда болуы
Ежелгі дүние тарихынан философияның пайда болуы – мифологиялық көзқарастармен байланысты. Бұл ойлау мәдениетінің алғашқы сатысы. Гректің «аңыз» сөзінен шыққан, қоршаған дүние туралы шынайы түсініктен гөрі қиял-ғажайып түсініктерден тұрған ежелгі қоғамдағы дүниетаным, яғни қоғамдық сананың алғашқы формасы.
Бұл уақытта қоғамда жетекші рөл атқарған мифологиялық дүниетаным қоршаған табиғат дүниесінің дамуын және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бойлай алмады, оны түсіндіруге дәрменсіз болды. Осы бағыттағы алғашқы ойлау мәдениеті, алғыфилософияға негіз болған еді, оның келесі күрделенген сатысы – философияға әкелді. Ұғым (грекше «филео» - құштарлық, махаббат, «софия» - даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. Бұл терминнің алғаш қолданысқа ену тарихын грек ойшылы Пифагор есімімен байланыстырады
Осылардың ішінде адамның рухани ізденісімен байланыстысы даналық ұғымына келер болсақ, оның тарихы аңыз әңгіме тұрғысында былайша өрбиді. Бұл атауды алғаш қолданған Пифагор деген аңыз бар. Леонт деген патшаның: «Кімсің сен, кәсібің не?» деген сұрағына ол байсалды түрде: «Философпын», – деп жауап береді. Патша бұрын-соңды естімеген бұл сөздің мәнісін сұрағанда Пифагор оны былай түсіндірген: «Өмір деген олимпиадалық ойындарға ұқсайды. Біреулер оған күш сынасып, жарыста жеңу үшін барады; екіншілер дүние-мүлкін, байлығын паш етіп, сауда-саттық жасауға барады. Үшіншілер – ең бақыттылар осылар – жарысты, жарыста жарқ етіп көрінген саңлақтарды көріп, қызықтауға барады. Өмірде де солай: біреулер – құлдар құсап – билік пен байлыққа жетсем деп әлек-шәлек болады, қолы жетсе, солардың құлы болады. Ал философтар байлыққа да, билікке де қызықпайды. Олардың көксегені – ақиқат, даналық» [1, 334 б.].
Кез келген халықтың дүниетанымдық көзқарастары мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтардың орны ерекше әрі маңызды. Ал өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік ұстанымдары, пайым-парасаты да осы құндылықтарға байланысты қалыптасып дамиды.
Жалпы, қандай да бір халықтың ұлттық ойлау жүйесін, ұлттық дәстүр бастауын анықтауда ең алдымен сол халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі негізінде қалыптасқан әдет-дағдыларынан бастап, мифологиялық дүниетанымына ден қойған жөн. Себебі, адамзат баласының дүниеге көзқарасы, танымының даму тарихы үш сатыдан өтеді. Олар – миф, дін және философия.
2 Тақырып Философияның мəні жəне мəдени-əлеуметтік маңызы. Философия тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: |