Сана түсінігі жəне эволюциядағы бейнелеу табиғаты. 1. Философияда адам мəселесіне қатысты түйткілдердің бірі – сана.
Сана өзінің ерекше табиғатымен, тек адамға тəн болуымен, дүниені
бейнелей алуымен, тіпті өзін – өзі ойлай алуымен т.б. қасиеттермен
ерекшеленеді. Сана адамның тіршілік етуінің ажырамас қасиеті ғана емес,
адам болмысын айқындайтын маңызды атрибуттардың бірі. Бүгінгі күнгі
адамзаттың жетістіктері, ғылым мен білімнің дамуы, өзін қоршаған
ортадан ажыратуы т.б. барлығы сананың жемісі болып табылады. Сана –
обьективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тəн жоғары формасы,
оның дүниеге жəне өзіне адамдардың қоғамдық – тарихи қызметінің
жалпыға бірдей формаларының жанама түрдегі қатынасының тəсілі. Сана
объективті дүниені ой елегінен өткізіп, тұтас дүниетаным құрайды. Ол
психикалық үдерістердің бірлігінен құралады: ойлау, тіл, қиялдау т.б.
жəне бұлар – сананың нақты көріністері болып табылады. Сананың пайда
болуы жөнінде əр түрлі көзөқарастар бар: эволюцияның нəтижесінде
жетіліп шыққан органикалық – физиологиялық мүше мидың басты
қызметі; жаратушының ықпалы арқылы адам жаратылысымен пайда
болған ерекше құбылыс т.б.
Материяның жалпы қасиеті бейнелеу заттар мен құбылыстардың жан-
жақты өзара байланысты əрекеттестікте болуына тəуелді. Олар бір-біріне
əсер ете отырып, сонымен қатар белгілі бір өзгерістерді тудырады. Бұл
өзгерістер белгілі бір «із» түрінде көрінеді немесе өзіндік белгісін
қабылдайды. Бейнелеудің формалары өзара əрекет етуші денелердің
ерекшеліктері мен құрылымның түзілу дəрежесіне байланысты. Жансыз
табиғатта енжар түрде іске асады. Мəселен, құмдағы із басқа сыртқы əсерді
өздігінше қабылдаудың, сыртқы реакциясы болып табылады. Бұл бейнелеудің
ең қарапайым формасы. Бейнелеудің жоғары формалары тірі материяның
маңызды белгілері мынандай: тітіркену, өсу, көбею, зат алмасу т.б. Тітіркену –
бұл барлық тірі организмдерге тəн бейнелендірудің қарапайым жəне түпкі
формасы. Мəселен, бір клеткалы жəндіктерден бастап, сүт қоректілерге
дейінгілердің барлығы осы тітіркену қасиеті ие. Эволюция бойынша тірі
организмдерде бейнелеу үшін арнайы бір бір мүше пайда болады. Нерв
жүйесі осы бейнелеуді қабылдайтын басты мүше болып табылады. Ал адам
миының иірімдері эволюция нəтижесімен көбейген немесе тумысынан
берілген болуы мүмкін. Осылардың арқасыңда психикалық бейнелеу жүзеге асады Психикалық бейнелеудің үш формасы бар: түйсік, қабылдау жəне
образдарды елестету. Түйсік заттардың жеке сапаларын бейнелесе,
қабылдауда заттар тұтас бейнеленеді. Елестету бұрын қабылданған сезімнің
образы. Осыдан адам санасының бейнелеуінің формасы қалыптасады.