Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар
П. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары. Тіл дамыту әдістемесінің әдістері
Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар:
Ш. Студенттердің өзіндік жұмыстары: “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” және т.б. балама бағдарламалары бойынша әр тоқсанға талдау.
2.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті.
Мақсаты: Студенттерге байланыстырып сөйлеу туралы түсінік беру. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгерту.
Жоспар
Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы түсінік
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық – педагогикалық негіздері
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында: “Білім берудің мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта білім алудың үздіксіз жүйесіне енетіндігін айта келіп, тәрбиелеу ұйымдарының әр типтілігіне қарамастан олардың ортақ функциялары — баланың денсаулығын, психикалық санасын жетілдіру және қорғау, баланың ақыл-ойы мен тұлғасының дамуын қамтамасыз ету” деп нақты атап көрсеткен. Бұл сана-сезімі ұлттық психология негізінде қалыптасқан, дені сау, білімге деген қызығушылығы жоғары, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің міндеті екенін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич: ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші.
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л.С.Выготский; А.Л.Имедадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Н.С.Рождетвенский, Ж.Аймауытов, Ә.Алдамұратов, М.Мухина т.б. баланың жас кезінде танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін көрсетеді.
Қоршаған орта арқылы баланың ойы, қабылдауы, сезінуі қалыптасып, тіл байлығы жетіледі деп қарастырады. Балардың тілінің дамуы, байланыстырып сөйлеулері туралы мәселелерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше талдауы бар. А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстардың да сөзбен белгіленетінін тұжырымдамаса, Л.С.Выготский ”Сөз – ойлау мен тілдің негізгі жиынтығы“ деп көрсетеді.
Психологтар Е.Суфиев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және т.б. балалардың байланыстырып сөйлеуінің қалыптасуын қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ойлайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді деп тұжырымдаған.
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда негізгі қағидалар ретінде есепке алынады.
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды:
— қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры молайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықтарын меңгереді;
— бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жеткізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырмаларды шешу амалдарына айналады;
— қоршаған дүние туралы шығармашылық әңгіме құрастыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмаларды) орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы қалыптасады;
— байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қалыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады;
— тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, баланың байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Бірқатар педагог-ғалымдар Е.И.Тихеева, А.П.Усова, Н.И.Кузина, Т.И.Алиева, А.А.Зрожевская, Б.Баймұратова, Х.Қожахметова, С.Ғаббасов т.б. баланың таным белсенділігін арттырып, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгерістері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылдауы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты табиғат құбылыстарын бір-бірімен байланыстыра түсіндіруді қажет деп көрсетеді.