Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтап отыру, жаңа сөздер үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет. Баланың сөздік қорын дамыту, оның айналадан алған әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік қорды молайтуда адамдардың еңбек процестерін, табиғат құбылыстарын бақылату, топсаяхаттық оқу іс-әрекеттер өткізу басты роль атқарады. Мұндай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне түсіріп бекітеді. Айналадаға заттар мен құбылыстардың белгілері, сан-сапа өзгерістері, қайда, неден жасалатындықтары, кімдер жасайтындығы жайында жаңа, бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдыларын кеңейтеді. Сөйтіп олардың өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсетуге, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді. Тәрбиеші тіл дамыту оқу іс-әрекетінде балаларға тек қана жаңа сөздер үйретіп қоймай, сол үйретілген жаңа сөздердің балалардың есінде ұзақ сақталуына да жағдай жасалу қажет. Ол үшін үйретілген әрбір жаңа сөзді белгілі уақытта сабақтан тыс кезде қайталап отыру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеуге үйрету екі түрге бөлінеді:
Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі диалогты сөйлесу деп аталады. Мұндай сөзге үйрету алдын-ала әзірленген арнайы сабақтар арқылы да әзірленбеген әңгімелесулер арқылы да жүзеге асырылады. Баланы жуындырғанда, киіндіргенде, тамақтандырғанда, серуенге шығарған кезде, еңбекке шығарғанда, ертеңгілік балабақшаға қабылдаған, кешке алып кеткенде әңгімелесу.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің бірі – монолог. Монолог – бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Мұндай сөйлесудің мақсаты белгілі бір факты, оқиға жөнінде баяндау. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйреткенде қайталап айту және ойдан шығарып айту әдісі қолданылады.