I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

Қызға қамқоршы керек
Қыз бала табиғатынан шешім қабылдау мәселесінде 
шорқақ. Ол нәтиже емес, процесс категориясымен 
ойланады. Содан шығар олар жігіттің тез шешім 
қабылдайтын батыл болғанын қалайды. Ал үйленуге, 
тұрмысқа шығуға шешім қабылдау – ең қиын шешімдердің 
бірі. 
Мен бірнеше қызды білем. Бір қарағанда сондай 
батыл, белсенді болған. Бірақ үйлену мәселесіне келгенде 
қипақтап, қиналғанын көрдім. Тіпті біреуі той уақыты 
белгіленіп қойғаннан кейін тұрмысқа шығудан бас тартқан. 
Қызға шешім қабылдау қиын. Сол үшін жігіттің батыл 
болғаны дұрыс. Осы орайда «Дайындықсыз үйленбе» 
кітабының авторы Ақан Мергенбайдың «қызға қамқоршы 
керек» деген ойы жайлы айтқым келіп отыр. 
Қыздың әкесі, ағасы немесе жақын ер туысқаны 
қамқоршы функциясын өз қолына алуы керек. Қызға 
құда түсіп келген жігітпен жеке танысып, соңғы шешімді 
сол қабылдауы керек. Қыз махаббаттың буымен жігіттің 
кейбір мінездерін көрмеуі мүмкін. Бірақ қамқоршы ағасы 


43
Қызғ
а қ
амқ
оршы к
ерек
II БӨЛІМ
ақылға салып, нақты шешім айта алады. Сондай-ақ 
қамқоршының функциясына олар үйленіп кеткеннен кейін 
де қызды зұлымдық, әділетсіздіктен қорғау кіреді. Мысалы, 
Құдай сақтасын, әлгі жігіт қызды тоқпақтап, ұрып жатса, 
қыз байғұс кімге барады? Кімнен пана іздейді? Оны кім 
қорғайды? Ал қыздың қамқоршысы бар екенін білген жігіт 
артық іс-әрекетке бармайды. Себебі ертең оны орнына 
қоятын адамның бар екенін біледі. 
Қамқоршы аманатқа берік, қызға шын жанашыр 
болуы керек. Қыздар, сондай бір қамқоршы табуға әрекет 
қылыңдар. Қамқоршы саған болашақ жарыңды тануға 
немесе ондай адам әлі кездеспесе, соны табуға көмектесуі 
керек. 
Көбіміз Исламдағы мына хадисті білеміз: 
«Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: байлығы үшін, тегі 
үшін, сұлулығы үшін және діні үшін. Сен діндарды (иманына 
қарап) ұнат. Алла қолыңды кеңітеді». 
Осы жердегі елене бермейтін бір детальға назар 
аудартқым келеді. «Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді» 
деген сөз асылында «әйел төрт нәрсесі үшін НЕКЕЛЕНЕДІ» 
(«тункахуль мар’ату») деп аударылады. Ырықсыз етіс 
формасында тұр. Бұдан мынадай қорытынды шығуы 
мүмкін: «үйлену, неке мәселесінде әйел адамға таңдау 
жасау, соңғы сөзді айту қиын. Сол үшін бұл шешімді ақылға 
салып, ер адам қабылдауы керек. Біздің мысалдағыдай 
қызға қамқоршы керек. Соңғы сөзді сол айтуы керек». 
Батылдықты, жауапкершілікті ер азаматқа жүктеп тұр ғой 
шариғат. 


44
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
II БӨЛІМ
Қызда мүлдем таңдау еркі жоқ деп түсініп қалма. 
Пайғамбарымыздан (оған Алланың сәлемі мен игілігі 
болсын) ақыл сұрағандар болған екен кезінде «Маған екі 
ер кісі ұсыныс айтып жатыр. Қайсысына жауап берейін?» 
деп. Осылайша қамқоршы функциясын пайғамбарымызға 
артқан.
Жігіттің жар таңдауы мен қыздың жар таңдауы екі 
бөлек екенін түсінген шығарсың. Жігіт жар іздейді. «Осы-
ау» деген адамына сөз салады. Қыз келген жігітті қанша 
жерден ұнатып тұрса да, бірден «иә» дей салмайды. 
Қамқоршысының ақылына жүгінеді. Себебі жігіт жігітті 
жақсырақ таниды. Мысалы, жігіттердің арасында ғана 
айтылатын әңгімелер болады. Соған қарап, жігіттің шын 
келбетін көруге болады. Ал оны қыз қалай көре алады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет