I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет1/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек



1


4
I БӨЛІМ
НЕ ҮШІН ҮЙЛЕНУ 
КЕРЕК?
Кіріспе
Не үшін үйлену керек?
Махаббатпен үйлену керек 
пе әлде есеппен бе?
Ғашық болсаң, үйленбе!
Ромео мен Джульетта 
үйленсе, отбасылық өмірі 
қандай болар еді?
Қай жаста үйленген дұрыс?
Жігіт үшін 27 жас — 
критикалық жас
Емдел
7
26
28
29
31
33
35
35
37
39
42
44
5
25
10
13
16
17
19
22
24
II БӨЛІМ
ЕКІНШІ ЖАРТЫМДЫ 
ТАПҚЫМ КЕЛЕДІ.
Менің болашақ жарым 
қандай?
Жар таңдау һәм Тойота 
Камри
Болашақ жарыма қойған 17 
талабым
Жар таңдау киім таңдауға 
ұқсайды
Жарыңды жақын жерден 
ізде
Гүл бағында
Өмірінде үйленбеген 
қарттың сыры
Пайғамбардан лайфхак: 
көңіліңе тыныштық 
сыйлайтынын таңда
Екінші жартыңды интернет 
арқылы табуға бола ма?
Нағыз жігіт қандай болуы 
керек?
Қызға қамқоршы керек
Қыздың бойынан табылуы 
керек ең бірінші қасиет
МАЗМҰНЫ


50
81
82
55
57
59
63
68
73
77
49
III БӨЛІМ
ҮЙЛЕНЕЙІН ДЕП 
ЖАТЫРМЫН
Танк болуға шешім қабылда
Үйленбестен бұрын өзіңе 
қоюың керек 2 маңызды 
сұрақ
Истихара дұғасы
Коммуникация vs 
транзакция
Махаббаттың бес тілі
Ер мен әйелдің мен білетін 
кейбір психологиялық 
ерекшеліктері
Ата-енемен бірге тұруға 
қатысты ойым
Сіз vs Сен
80
ҚОСЫМША
Мен оқуды ұсынатын 
кітаптар
Үйлену тақырыбына 
қатысты сұрақ-жауап
102
ҚОРЫТЫНДЫ
МАЗМҰНЫ


4
Кіріспе
I БӨЛІМ
I БӨЛІМ
НЕ ҮШІН
ҮЙЛЕНУ КЕРЕК?


5
Кіріспе
I БӨЛІМ
Кіріспе
Құрметті інім, қарындасым! Бұл кітапты алып, оқып 
отырғаның — үйлену мәселесіне үлкен жауапкершілікпен 
қарағаныңның белгісі. Әйтпесе, дайындықсыз үйленіп, 
сан соғып жатқан жандар қаншама! Сен ерекшесің! 
Себебі, біріншіден, бұл тақырыпта әлі де білімің аз екенін 
мойындадың, екіншіден, тәжірибесі бар адамның ақылына 
жүгініп отырсың.
Тәжірибе демекші, мен негізі өмірде бір-ақ рет 
үйленген адаммын. Бұл кітаптан терең психологиялық 
зерттеулердің нәтижесін, діни үкімдерді, түрлі 
статистикалық мәліметтерді күтпей-ақ қой. Менің 
мақсатым: өз тәжірибемді үлгі ретінде көрсету, ақыл-кеңес 
сұрап келген ініме, қарындасыма білгенімді айту ғана. 
Өмірден көргеніміз, түйгеніміз бар. Жар таңдау, үйлену 
деген өмірдің бір кезеңінен өткен адам ретінде артыма 
қарап, «мынаған көңіл бөл», «анадан абай бол» деп айта 
аламын.
Оның үстіне қазіргі кезде іні-қарындастарына отбасы 
құру жайлы ақыл айтатын, жөн сілтейтін ағалар да аз ғой. 
Жалпы бізде «аға-іні», «аға-қарындас» институты әлсіреп 
қалған сияқты. Ата-анаң тұрмыс қамымен жүріп, саған 
үйрете алмаған өмірлік қағидаларды аға-әпкеңнен үйрене 
аласың. 
Кейбір мәселелерді психологиялық, әсіресе 
батыстың кітаптарынан таба алмайсың. Оны сенімен бір 
қоғамда, бір заманда өмір сүріп жатқан ағаң немесе әпкең 
саған бүге-шігесіне дейін түсіндіруі керек. Мен өз басым 
екінші жартымды іздегенде, үйленер кезде ағаларыммен 
көп ақылдастым. Шыны керек, олардың ақылы тигізген 


6
Кіріспе
I БӨЛІМ
пайдасы, оң әсері тұрғысынан кітаптардан алған білімнен 
асып түспесе, кем түспейді. 
Жалпы ақылдасу деген керемет нәрсе ғой. «Келісіп 
пішкен тон келте болмас» дейді. Ақылдасып, іске кіріссең, 
аз қателесесің, жетістікке тезірек жетесің. Ақымақ адам өз 
қатесінен сабақ алмайды. Ақылды адам өз қатесінен сабақ 
алады. Ал дана адам өзгенің қатесінен сабақ алады. Дана 
болайық. 
Маған әлеуметтік желіде жиі келетін сұрақтардың 
бірі һәм бірегейі — осы отбасы құру мәселесі. Бір жағынан 
жастардың сапалы отбасын құрайыншы, қателесіп 
қалмайыншы деген талпынысын көріп қуанамын. Тағы да 
айта кетейін. Мен отбасылық психолог, коуч емеспін. Мені 
өмірлік тәжірибесі сенен сәл көбірек, айтары бар ағаң 
ретінде қабылдасаң, жеткілікті. 
Бұл кітапты екеуміз бетпе-бет сырласып отырғандай
елестетіп оқып көрші. Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші 
шешен болады. Мұқият тыңда. Мен асықпай сөйлеймін. 
Бірақ жалықтырып та алмаймын. Санаңда сайрап тұрған 
сұрақтардың жауабын осы әңгімемнен таба аласың деп 
үміттенемін. «Сіз» деп сыйласқанша, «сен» деп сырлас 
дейді ғой. Сол үшін бұл кітапты «сен» форматында жазуды 
жөн көрдім. 
«Кітапты 1000 тг-ге сатып алдым» дегеннен гөрі 
«1000 тг-ге Данияр ағама кофе әперіп, 1-2 сағат әңгімесін 
тыңдадым» дегенің дұрысырақ. Кофе әпермей, жай тыңдап 
отырған жандар болса, әлі де кеш емес, 8 705 311 11 36
каспи нөміріне кофесін жібере алады) Мен де қуанып 
қалайын) 
Менен басқа біреудің бұл кітапшаны сатып жүргенін 


7
Не үшін үйлену к
ерек?
I БӨЛІМ
көрсең, маған айтшы. Мен ешкімге таратуға рұқсат 
бермедім.
Ендеше, көп созбай әңгімемізді бастайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет