I бөлім не үшін үйлену керек?


Үйленбестен бұрын өзіңе қоюың керек 2 маңызды



Pdf көрінісі
бет22/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Үйленбестен бұрын өзіңе қоюың керек 2 маңызды 
сұрақ
«Осы менің болашақ жарым» деген жанды таптым-ау 
дегенде, өзіңе мына 2 маңызды сұрақты қойып көрші: 
 
1. Егер арамызда бала болмаса, мен бұл адаммен 
өмір сүре беруге дайынмын ба? 
 
2. Егер бұл адам кенеттен мүгедек боп қалса, мен 
бұл адаммен өмір сүре беруге дайынмын ба? 
 
Ауыр сұрақтар, білем. Өмірде бәрі мүмкін ғой. Бұл 
екі сценарийдің өміріңде орын алу ықтималдығы төмен. 
Дегенмен егер бұндай жағдай басыңа түссе, дайын болуың 
керек. 
 
Бұл екі сұраққа да «иә» деп жауап берсең, демек, 
сенің жүрегіңде ол адамға деген махаббаттан да терең 
сезім бар деген сөз. Ол — мейірім, жанашырлық, құрмет 
сезімдері. Отбасылық өмірде махаббат алауы мәңгі маздап 
тұра бермейді. Отбасын осы сезімдер ұстап тұрады. 
Мейірім, жанашырлық, құрмет. 
 
Ал егер бұл сұрақтарға жауабың «жоқ» болса, онда 
қарым-қатынасыңа тағы бір үңіліп көруің керек сияқты. 
Мүмкін әлі бір-біріңді дұрыс танымаған шығарсыңдар. 


56
Үйленбес
тен б
ұрын өзің
е қ
оюың к
ерек 2 маңызды с
ұр
ақ
III БӨЛІМ
 
Бұл екі сұрақтың негізгі қызметі: сенің түпкі 
сезімдеріңді сыртқа шығару. 
 
Осы тұста айта кету керек. Бала — өмірдің мәні емес. 
Егер баланы өмірдің мәні етіп алсаң, демек, Алла бала 
нәсіп етпесе, онда өмірің мәнсіз боп қалады ғой. Ал өмір 
деген одан да кең дүние. Әр нәрсені мәнді етіп жаратқан 
Алла сенің өміріңді мәнсіз етіп қояды деп ойлайсың ба? 
 
Мен «Алла бала бермесе, не істеймін?» деп 
ойландым. Ары кетсе, асырап алармыз деген тоқтамға 
келдім. Бұл нәрсені үйленгенге дейін шешіп алу керек деп 
ойлаймын. Әйтпесе, біраз адамның сәби сүймегендіктен 
ажырасқанын білем. 
 
Сосын үйлену деген нәрсені де өмірдің мәні етіп 
алмау керек. Біз кейде бұл мәселеге өте қатты мән беріп 
кететін сияқтымыз. Өмірде бәрі уақытша екенін ұмытпау 
керек. Мысалы, екінші жартыңды іздеп, табу үшін 5 
жылыңды арнауың мүмкін. Сөйтіп үйленгеннен кейін, Құдай 
сақтасын, ол адам 1 жылдан кейін қайтыс боп кетуі де 
мүмкін ғой. Немесе Құдай саған бала беруі мүмкін. Ол да 
шетінеп кетуі мүмкін. Бәрі салыстырмалы. Өмірдің тұрақсыз 
екенін қабылда. Үйлену абсолют бақытқа жеткізеді деп 
алданып қалма. 
 
Мен бойдақтардың не үшін барынша идеал жар 
іздейтінін түсінген сияқтымын. Түпкі қалауына үңілсең, 
мынадай әңгіме шығады: «қазір уақытым мен энергиямды 
жұмсап, барынша идеал адамды тауып алайын, сосын 
ары қарай күш салмай, сол адаммен бақытты өмір сүріп 
кетем» деген. «Кемеге мініп алайын, сосын ол мені өзі 
бақыт аралына апарады» дегендей ғой. Бұл да — иллюзия. 
Үйленгеннен кейін де сезім үшін жұмысың мен күресің 


57
Ис
тих
ар
а д
ұғ
асы
III БӨЛІМ
тоқтамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет