I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет25/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Махаббаттың бес тілі
 
Махаббат пен ғашықтықтың басты айырмашылығы: 
махаббат екінші адам үшін өз-өзіңмен жұмыс істеуді, 
өзгеруді талап етеді. Сезім үшін жауапкершілікті өз қолыңа 
аласың. Ал ғашықтық ешқандай талаптануды, өзгеруді, 
жауапкершілікті талап етпейді. Бәрі өзімен-өзі боп 
жатқандай болады. Бірақ бұл – уақытша сезім. Гормондар 
басылады. Сезімдер суиды. 
 
Бұл жазбамда махаббат үшін күресу, жұмыс істеу 
деген ұғымды махаббаттың бес тілі аясында кеңірек 
түсіндіріп бергім кеп тұр.
 
Махаббат – өмірге мән, көңілге сән беретін ұлы сезім. 
Махаббаттың түрі көп. Мейлі ана мен баланың арасында 
болсын, мейлі жұбайлардың арасында болсын, мейлі 
бауырлардың арасында болсын, махаббат жүректерді 
тербетіп, тұла бойға қан жүгіртетін үлкен күшке ие. Әр адам 
жақынының жанында өзін сүйікті сезінуге мұқтаж.
 
Әр адамның эмоционалдық ыдысы бар. Сол ыдыс 
сезімге, махаббатқа, жылуға толы болуы керек. Өзгелердің 
махаббатына бөленгенде, ыдысымыз толыға түседі. Олай 
болмаса, қаңырап, бос қалады. Ал бұл жанымызға жара 
салады, көңілімізді құлазытады. Сол үшін жақын адамымыз 
өзін сүйікті сезінуі үшін махаббатымызды дұрыс жеткізуіміз 
керек.
 
Біреу сүйіктісіне жылы сөз арнап, біреу сыйлық 
жасап сезімін білдіріп жатса, енді біреу уақыт бөліп, 
сүйгенінің көңілін аулап жатады. Жалпы сүйетініңді 
жеткізудің көптеген тәсілдері бар. Философия докторы 


64
Мах
абб
аттың бес тілі
III БӨЛІМ
Гери Чепмен өзінің «Махаббаттың бес тілі» («Пять языков 
любви») атты кітабында «сезіміңді білдірудің негізгі 5 жолы 
бар» дейді. Ол оларды «махаббаттың бес тілі» деп атады. 
Олар:
1. қолдау сөздері;
2. сапалы уақыт;
3. сыйлық сыйлау;
4. қызмет ету;
5. физикалық қарым-қатынас.
 
Қай тәсілді алсаң да, осы бесеудің біреуіне жатады. 
Автордың «махаббат тілдері» деп атауы тегін емес. 
Тіл – ішкі ой-сезімді жеткізудің, өзара түсінісудің негізгі 
құралы. Бір-бірінің тілін білмейтін, бірақ бірге жұмыс 
істеуге мәжбүр болған екі түрлі ұлт өкілін елестетіп көрші. 
Екеуі ортақ мәмілеге келе алмай, тірліктері жүрмей, біраз 
қиналары анық. Ісі алға жүруі үшін екеуі бір-бірінің тілін 
үйренуі қажет. Бұл әрине еңбектенуді, ізденуді талап етеді. 
Әдетте, жаңа тілді меңгеру қиын боп жатады. Махаббат 
тілдері де дәл сондай. Жұбайыңның махаббат тілі 
сенікіндей болмауы мүмкін. Сен махаббатыңды өз тіліңде 
білдіресің, бірақ ол сүйіктіңе түсініксіз болуы мүмкін. Сол 
үшін ол өзін сүйікті сезіне алмай, жоғарыда айтқандай, 
эмоционалдық ыдысы сезімге толмай, босап, көңілі 
құлазып жатады.
 
Мәселен, сен, әдетте, жан жарыңа сүйетініңді 
білдіру үшін гүл сыйлап жатасың дейік. Яғни, сенің тілің – 
сыйлық сыйлау, бірақ ол сенімен бірге отырып әңгімелесуді 
немесе саябақта қыдыруды қалауы мүмкін. Яғни, оның тілі 
– сапалы уақыт. Екеуің екі тілде сөйлескендіктен, арада 
түсініспеушілік, салқындық тууы ғажап емес. 


65
Мах
абб
аттың бес тілі
III БӨЛІМ
 
Сен «барымды салып жатырмын» деп ойлайсың, 
жұбайың «ол мені сүймейді» деп ойлайды, сонымен 
көңіл суып, махаббат жалыны өше бастайды. Жалпы 
психологтар «өзін сүйікті сезіну – кез келген адамның 
негізгі эмоционалдық қажеттілігі» дейді. Сондықтан болар, 
бұл қажеттілік жақын адамыңның жанында өтелмесе, бұл 
ауыр соққы боп тиеді. Сол үшін жақыныңның махаббат тілін 
меңгеру, сол тілде сезіміңді жеткізе білу маңызды. Енді әр 
махаббат тіліне қысқаша тоқтала кетсек. Өзім үлгі тұтатын 
тұлға – Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен 
сәлемі болсын) өмірінен мысал келтіруге тырыстым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет